Размер шрифта:

Цветовая схема:

08 шілде, 2020411

Белгілі актер Дархан Дайырбек өмірден озды

Отандық киноларда өзінің талантымен, керемет өнерімен көрерменнің сүйікті актерлерінің біріне айналған Дархан Дайырбек қайтыс болды.

Ол туралы актердің сахнадағы әріптесі Асқар Наймантаев және Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры да растаған болатын. Дарынды театр және кино актері туралы танымал продюсер Нұртас Адамбай да өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында жазба қалдырған еді.

Нұртас Адамбай, режиссер, продюсер:

- Бүгін түнде біздің тамаша актер Дархан Дайырбек көз жұмды. Біздің студия ұжымы ағамыздың барлық туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Дархан аға әрқашан өте көңілді және мейірімді бола білді. Және сол қалпында мәңгі есімізде қала бермек. Даке, сіздің барлық рөлдеріңіз үшін, жұмысқа деген қарым- қатысыңыз бен адамдарға деген көзқарасыңыз үшін рахмет. Иманды болыңыз.

Актер Дархан Дайырбектің әріптестерінің айтуынша, оның соңғы уақытта өздігінен дем алуы қиындап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Отандық кино өнерінің майталмандары әріптестерінің жақындары мен туыстарына қайғырып, көңіл айтуда. 


ivi.ru

Естеріңізге сала кетейік, актер Дархан Дайырбек 1968 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясын бітірген. “Терісқақпай” комедиялық отандық театрдың белді актері. Бүгінде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі. Қазақстандық біршама белгілі кинокартиналарында негізгі рөлдерді сомдаған. Олардың қатарында: «Әкім», «Құдалар», «Келинка Сабинка 2», «Сүрбойдақ» және «Ограбление по-казахски» сынды фильмдер бар.

express-k.kz

Көрерменнің ерекше ықыласына бөленген отандық «Әкім» кинолентасында ауыл әкімінің орынбасары рөлін сомдаған актер көптеген отандық картиналарда маңызды рөлдерде бой көрсететін еді. «Әкім» картинасының премьерасы өткен жылы орын алып, халықтың назарына ілінген еді. Фильмге елдің белгілі продюсері Нұртас Адамбай режиссерлік еткен болатын. Тағы бір ерекше картина ретінде «Құдалар / Сваты» комедиясын айтуға болады. Бұл кинофильмде актер құдалардың бірін сомдайды. Кинокомедияға Нұртас Адамбай продюсерлік еткен болатын. Қазақстанның мәдениет қайраткері атағы берілген. Отандық кино өнерінде ерекше орын алатын дарын иесінің есімі мәңгі есте қалары сөзсіз. 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы