Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 мамыр, 2020297

Белгілі кинопродюсер ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасы атақты продюсер, елге белгілі киногер Гүлнәра Сәрсенова үлкен көлемде пара алды деген айыппын күдіктелуде. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталығы Гүлнәра Сәрсенова өте үлкен көлемде қаражат үшін мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру бойынша жұмыстардың жүргізілуінде актілерге қол қоюға көмек берді деген күдікпен айыпталуда. Сондай-ақ, "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ Басқарма төрағасы өз қызметтік бабын асыра пайдаланғандығы және жұмысына салғырт қарағандығы үшін айыпталып жатыр.  Іс жүзінде толық ақпарат тиісті тексеріс жұмыстары жүргізіліп, сот шешімінен кейін анық болады.

Еске сала кетсек, бірнеше күн алдын Гүлнәра Сәрсенова кинематографистер мен бизнесмендерге және жалпы кино сүйер қауымға елдегі кино саласын қолдауға шақырып, хат жолдаған болатын. Сонымен қоса, “Нартай” фильмі үшін бөлінген 380 миллион теңгені бюджетке қайта қайтаратындығын және қысқаметражды фильмдер мен дебюттік жобаларды қолдау мақсатында өз атынан 40 миллион теңге қаражатты аударатындығын жеткізген болатын.

Гүлнәра Сәрсенова – көпке танымал кинопродюсер, сценрий авторы мен режиссер, ҚР Кинематографистер одағының мүшесі. Көрші Ресей, Америка, Еуропаның жетекші студияларымен халықаралық киножобаларды жүзеге асыратын “Eurasia Film Production” компаниясының негізін қалаушы. Ол продюсерлік еткен кинофильмдердің көп бөлігі “Оскар” премиясының шорт-лист тізіміне бірнеше рет іліккен. Канн, Монреал, Лондон мен Пусан қалаларында өткен жоғары дәрежедегі кинобайқауларда табысты жетістіктер мен жеңістерге жеткен. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы