Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 қыркүйек, 202016

Берік Айтжанов түскен картиналар

Отандық және халықаралық картиналарда жиі бой көрсететіп жүрген, талантты актерлер қатарындағы ең үздігі саналған Берік Айтжанов түскен фильмдерді білесіз бе? Бүгінгі топтамамыз көптің сүйікті актеріне айналған, белді киногер Берік Айтжановтың шығармаларына арналады.

«Застава», 2007 жыл

Фильмнің сценарий желісі бойынша, бұл мекендегі әрбір күн бір сынақпен теңдей. Дәл осы мекеннің тұрғындары ертеңгі күнге, тыныш өмір мен жайбарақат тіршілікке үлкен сеніммен қарай алмайды.  Себебі, бұл мекеннен Азия мен Ресейді байланыстырған жібек жолы өткен. Ал соңғы он жыл бойы наркобизнеспен айналысатын баскесерлер дәл осы мекенді паналап алған. Олар осы аумақты героин тасымалдайтын әлемдегі ең үлкен базаға айналдырмақ. Бұл фильм осы залымдыққа қарсы тұрған жанкештілер жайында. Олардың мақсаты – өз туған мекенінің осындай лас қоғамның кірлетуіне жол бермеу. Өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанына қарамай, бассыздықты түбімен құрту тұрғындардың арманы. Картинадағы оқиға тәжік- ауған шекарасында орын алады. Ресейлік жауынгерлер бұл шекараны жүздеген жылдар бойы қорғап келеді. Бұл 2004 жылға дейін ресейлік әскерлерді алып кеткенге дейін ғана жалғасқан еді. Бұл уақытқа дейін көптеген шабуылдар жасалды. Мысалы, 1993 жылы  45 шекарашы 250 моджахедпен тең емес шайқасқа түсті. 25 шекара қорғаушысын өлтірген шайқас 11 сағатқа созылған. Бірақ содырлар заставаны жаулап ала алмады. 1994 жылы сол заставада 18 шекарашы соңғы үлгідегі техникамен қаруланған 60 бандитке қарсы тұрды. Бұл шекарада қазір де қалыпты жағдай орнаған жоқ. Картина режиссерлері Любовь Свиридова, Игорь Климов, Қуат Ахметов. Сценарий авторлары Эдуард Акопов және Владимир Брагин. Қоюшы- операторлары Ильшат Шугаев пен Федор Ордовский. Композиторлары Дмитрий Толстов және Ефим Файфман. Кинолентаның тұсаукесері 2007 жылдың екінші мамырында өтті. Драмалық картинада басты рөлдерді сомдағандар қатарында: Фархад Махмудов, Егор Баринова, Геннадий Венгеров, Александр Пашков, Берік Айтжанов, Игорь Угольников, Фархат Абдраимов, Любовь Толкалина және Нияз Әбдіғаппар бар. Ресейлік көркем туынды 12 толық сериядан құралған. Лента көптің көңілінен шығып қана қоймай, көрермендер арасында белгілі-бір тақырыптарға пікірталас тудырды.

«Махамбет», 2008 жыл

Тарихи таспа ХІХ ғасырдың басында Қазақстандағы азаттық қозғалысының белсендісі, әділдік үшін күрескер, қазақтың көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлына арналған. Кинофильмнің режиссері ретінде Сламбек Таукел жұмыс істеген. Сценаристі Олжас Сүлейменов. Картинаның продюсер қызметінде Мадина Сүлейменова. Басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Азиз Бейшеналиев, Юрий Капустин, Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков, Ментай Өтепбергенов, Болат Абдилманов, Райхан Айтқожанова, Арман Асенов, Байғалы Есеналиев, Төлеген Қуанышев. Кинофильм 2008 жылдың қазан айының 15 жұлдызында көрермен назарына ұсынылған болатын.

«Мұстафа Шоқай», 2008 жыл

Отандық лентада қазақтың белгілі саяси және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың өмірлік жолы мен оның бастан кешірген тарихи оқиғалары баяндалады. 20 ғасырдың басында ол Орта Азия халықтарын Біртұтас түркі туының астына біріктірген жалғаз жан болды. Фильмде Мұстафаның тағдырына айтарлықтай әсер еткен оның жеке өміріндегі фактілер бейнеленеді. Ол қолында билігі бар кезінде, тек бір нәрсені армандады. Ол - өз халқының бостандығы мен өркендеуі болды. Өкінішке орай, Мұстафаның бұл тілегі орындала қойған жоқ. Кинотуындыда Мұстафа Шоқайдың эмигрант тағдыры әр тараптан суреттелген. Саясаттың қатал ережесінің кесірі оның тұрғылықты мекеніне, қалыпты тіршілігіне үлкен әсерін тигізді. Ол Түрікменстанда , Францияда да, Кавказда және Түркияда да болып үлгерді.  Фильмнің премьерасы 2008 жылдың 20 қарашасында өтті. Әрине, назар аударуға тұрарлық киноөндірістің режиссері-Сатыбалды Нарымбетов болды. Сонымен қатар, ол «Қызыл киіз үй», «Последние холода»  және «Менің балалық шағымның Дон Кихоты»  аттты жобаларда жұмыс істеген болаты. Басты кейіпкерлерді Азиз Бейшеналиев, Сергей Уфимцев, Вацлав Легнер, Игорь Горшков, Грийгорий Эпштейн, Дмитрий Скирта, Берік Айтжанов, Наталья Орынбасарова және Игорь Гузун бой ойнаған. Кинотуындының сценарий авторы Сергей Бодров және Әкім Тарази.

«Ағайынды», 2009 жыл

Еліміздің «Қазақстан» телерадиокомпаниясының арнайы тапсырысымен жүзеге асқан телесериал 6 бөлімнен тұрады. Картинаны режиссер Ақан Сатаев негізін құраған «Сатайфильм» киностудиясы түсірген. Лента әлемуеттік жағдайлармен байланыстырыла отырып, бүгінгі қоғамның мәселелері мен шынайы ахуалын көрсетеді. Жобаның мақсаты отбасыға, достар мен ағайын –бауырларға, Отанға деген сүйіспеншілікті насихаттау. Көркем туындыны Қазақстаннан бөлек,  Моңғолия, Ресей, Қытай және Өзбекстан көрермендері тамашалаған. Кинолента үшін музыка жазған белгілі композитор, дарынды муыкант Ринат Ғайсин, көркем-суретші ретінде Дастан Жанғарашев жұмыс істеген. Телесериалдың сценарий авторы Тимур Жақсылықов. Кинорежиссері – Ақан Сатаев. Қоюшы операторы – Хасан Қыдыралиев. Негізгі кейіпкерлер: Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжанов, Ануар Нұрпейісов, Майра Омар, Жан Байжанбаев, Айгерім Жанылбаева, Бауыржан Қаптаев, Владимир Крылов, Болат Абдилманов және Ерік Жолжақсынов.

«Город мечты», 2009 жыл

«Город мечты» кинотуындысы Астана қаласында өзінің шынайы махаббатын жолықтырған әйел адамы жайында. Басты кейіпкер жеке клиникада дәрігер болып жұмыс істейді және бүкіл өмірін өз пациенттеріне арнайды. Оның тарихының призмасы арқылы басқа адамдардың тағдыры бейнеленген. Әр серия - бұл үлкен қала мен оның тұрғындары туралы қысқаша хикая теңдес. Әрқилы болып келген жаңа оқиғалар көрерменге айырықша сезімдер мен ой салары сөзсіз. Телехикаяның кинорежиссерлері  Эрнес Абдыжаппаров, Галина Ефимова және Айбек Дайырбеков. Сценарий авторлары Люция иржанова, Алия Увальжанова, Ғазиз Насыров және Александр Кан. Операторлары Аубакир Сулеев пен Талғат Тайшанов. Музыкасын жазған талантты композитор Батырхан Шукенов. Продюсерлері Ермек Аманшаев, Алия Увальжанова, Борис Чердабаев, Арманжан Байтасов. Басты рөлдерді сомдағандар қатарында: Берік Айтжанов, Венера Нигматулина, Меруерт Утекешева, Асанали Ашимов, Владимир Толоконников,  Ментай Утепбергенов, Кубанычбек Адылов, Алия Телебарисова, Владимир Хан, Назгуль Карабалина бар. 12 сериядан құралған картинаның премьерасы 2009 жылы 21 қарашада өткен болатын.

«Возвращение в А», 2010 жыл

"Бәйтерек" продюсерлік орталығы мен Ш.Айманова атындағы "Қазақфильм" киностудиясының құрамындағы  Егор Кончаловский PS TVС студиясы түсірген толық метражды көркем фильм.  Қазақстанның 84-ші "Оскар" премиясында "Ағылшындық емес ең үздік фильм" номинанты атанған алғашқы қазақстандық фильм. Қазақстан мен Ресей мемлекеттерінің бірлесуімен түсірілген картина сюжеті бойынша, бір топ ресейлік телевизия жас қызметкерлері мен  қазақстандық кинематографистерден құралған топ Алматыдан Ауғаныстанға жолсапарға аттанады. Олар «По дорогам Александра Македонского» атты деректі фильмін түсірмек болады. Топтың бір өкілі — Динараны (Қарлығаш Мұхамеджанова) сүйетін жас жігіт әкесіне (Сейдулла Молдаханов) болашақ келінінің жоспарлары туралы айтып береді. Ол әкесін Ауған соғысының ардагері-Марат Аюмовты топпен бірге  Ауғанстанға жолсерік ретінде баруға көндіреді. Әкесі сапарға келіседі. Әкенің Ауғанстанға барудың өзіндік құпия мақсаты бар. Ол дариді жақсы біледі, әдет-ғұрыптармен, дәстүрлермен және Ауған "заңдарымен" таныс. Осы оқиғамен бірге тағы да бір хикая өрбиді. Бұл жолы Ауғанға аттанған әскерлер тарихы суреттеледі. Екі хикаяның байланысы қандай? Бұл жандарды Ауған елінде не күтіп тұр?

Кинофильмге Егор Михалков режиссерлік етті. Арман Асеновтың продюсерлігімен түсірілген лентаның сценарий авторлары Владимир Моисеенко, Александр Новотоцкий- Власов. Қоюшы- операторы Антон Антонов, Виктор Сологуб фильм музыкасын жазды. Фильмде бірнеше жұмыс атаулары болды — "Ауғандық", "Қара майор", "Нағыз полковник"; соңында " Возвращение в А" деп таңдалды.Көркем туындыдағы басты рөлдер Сейдолла Молдаханов, Берик Айтжанов, Денис Никифоров, Иван Жидков, Карлыгаш Мухамеджанова, Андрей Шибаршин, Аша Матай, Фархат Абдраимов, Гульнара Дусматова және Жанель Бейсекожаеваларға бұйырған.

«Ликвидатор», 2011 жыл

Күзетші болып жұмыс істейтін Арсен есімді жас жігіт өзінің жан бауырының қазасынан кейін, оның өлімі кездейсоқтық емес екенінен хабардар болады. Дәл сол кезеңде оған белігісіз агенттер байланысқа шығып, оның күдіктерін растайды. Барлық жағдайдан хабардар болған Арсен өз бауыры үшін кек қайтармақ болып, осы бір қараңғы әрі қауіпті істі бастамақ болады. Бірақ бұл істегі жұмбақтардың жауабы оңай шешіле қоймайды. Арсеннің бұған күші мен қауқары жете алады ма екен?

Ақан Сатаев режиссерлік еткен картинаның сценарий авторы Тимур Жақсылықов. Ермек Аманшев, Ақан Сатаев, Алия Увальжанова продюсерлік етті. Қоюшы-операторы Хасанбек Қыдыралиев және Искандер Нарымбетов. Монтажын жасаған Сергей Бердюгин. Бюджеті 3 000 000 АҚШ долларын құраған туындының премьерасы 7 сәуірде 2011 жылы өткен еді. Негізгі рөлдерде Берик Айтжанов, Азиз Бейшеналиев, Карлыгаш Мухамеджанова, Винни Джонс, Михаил Токарев, Толеубек Аралбай, Тимур Жаксылыков, Анатолий Креженчуков және Сергей Никоненко ойнаған.

«Жеңіс семсері», 2012 жыл

«Жеңіс семсері» кинолентасының басты кейіпкері – Айтурат есімді балақай. Оқушы қашанда көптеген әртүрлі қызықты әрі шытырман оқиғаларға дұшар болып жүреді.Бірақ күндердің бір күнінде ол біртүрлі қылыш тауып алады. Бұл семсер қылыш оны белгісіз хикаялардың бастауына апарады. Дәл осы кезде Батыр Арыстан өз қылышын іздеуге болашаққа аттанады. Бірақ жалғыз емес. Оның соңынан ізсалушылар да аттанады. Қылыштың әсері тек өз күшіне сенетін, нағыз ер батырға ғана тиеді. Нәтижесінде, семсер өз иесіне қашанда жеңіс әкеледі.

Киноөндіріс Қазақстанда 2012 жылы түсірілген. Әлемдік премьера 28 жылдың 2013 ақпанында ғана өтті. Таспа елден тыс жерде кең танымал бола қойған жоқ. Сценарийді фильмінің режиссерлері — Ася Сүлеева мен Әнуар Райбаев бірлесіп жазған. Олардың киноиндустрияда жасаған еңбектері көп емес, бірақ «Жеңіс семсері» ең жақсы балалар фильмдерінің біріне айналғаны рас. Ол барлығының сүйікті жанрларының бірі — фантастика мен шытырман оқиғалар желісін біріктіреді. Басты рөлдерде: Ержан Нұрымбет, Дінмұхаммед Садибеов,Азизи Бейшеналив, Берік Айтжанов және Жайдербек Кұңғожинов.

«Жаужүрек мың бала», 2012 жыл

Қазақ-жоңғар соғысы кезіндегі тарихи оқиға туралы баяндайтын қазақстандық режиссер Ақан Сатаевтың режиссерлігімен түсірілген кинотуынды. Картинаның тұсаукесері 2011 жылдың 16 желтоқсанында өткен болатын. Фильм қазақстандық прокатқа 2012 жылдың 3 мамырында шықты.  Кинокартина XVIII ғасырдың бірінші жартысында — қазақ тарихының қиын кезеңінде орын алған қанды соғысты, оған дайындық барысы мен соғыстан кейінгі кезеңді суреттейді. Жоңғарлармен қанды соғыста қазақ халқының бірлігі мен батырлығы еркіндік алу жолындағы шешуші күшке айналған кезде орын алады. Сюжетке сәйкес, осы қатыгез күресте ересектермен қатар, батыл Сартай бастаған жас жауынгерлер туған жерін қорғауға аттанады. Оның аты аңызға айналған әскері "Мың бала" ретінде белгілі, өздерінен 2-3 есе көп жаумен теңдесе шайқасқа түсіп, соғыс барысын өзгертеді. Фильмдегі шешуші шайқасұа айналған қанды қырғын тарихта «Аңырақай соғысы» ретінде қалған. Көркем туынды тек өз елімізде ғана емес, сондай-ақ шетелдік сахналарда көрсетіліп, өзге елдің көрермендерінің назарын жаулап алды. 65-ші Канн кинофестивалі кезінде Британдық кинопродюсер Пьер Спенглер фильм туралы былай деді: "Маған фильмнің жоғары сапасы, актерлер сомдаған шебер ойыны қатты әсер етті. Барлығы жоғары дәрежеде -кино өндірісінің өзі, эпикалық ауқым, трюктер және басқа да көптеген элементтер. Бұл көрермен үшін нағыз кино ретіндегі үлкен тарту бола білгені рас. Мен "Жаужүрек мың баланы" қаншалықты көп қарасам, соғұрлым Қазақстанға баруға және сол жерде өзім де фильм түсіруге ниетім ашылады". Фильм жастар арасында ерекше танымалдыққа ие болды. Көрермендердің айтуынша, бұл кинокартина қазақ халқының тарихына, ұлттық мәдениеті мен әдет-ғұрпына қызығушылық тудырғаны рас. Фильмнің сценарий авторлары: Жайық Сыздықов, Мұхаммед Мамырбаев пен Тимур Жақсылықов. Рөлдерде: Асылхан Төлепов, Алия Телебарисова, Берік Айтжанов, Болат Абділманов, Аян Өтепбергенов, Құралай Анарбекова және Дәурен Серғазин. Қоюшы-операторы Хасан Қыдыралиев, музыкасы Ренат Гайсиндікі. Бюджеті 7000 000 АҚШ долларын құрады.

«Тракторшының махаббаты», 2013 жыл

Отбасылық комедия ауыл мен қаланың конрастына толы. Өте табысты әрі сұлу Белла есімді қалалық бойжеткен есін жоғалтып, кездейсоқ жағдайларға байланысты белгісіз ауылға тап болады. Ауыл өмірі ол үшін тым қатал әрі жабайы боп көрінеді. Бірақ уақыт өте келе, оны өз панасына алған сымбатты трактористке ғашық болып қалады. 16 бөлімнен тұратын комедия жанрында түсірілген телесериалдың режиссері белгілі киногер Асқар Узабаев. Сценарий авторлары Данияр Күмісбаев және Асқар Узабаев. Қоюшы – оператор қызметінде Азамат Дулатов еңбек етті. Ал бас продюсері Баян Алагөзова. Сериал 2013 жылдың қыркүйек айының 19 жұлдызына көрермен назарына ұсынылған болатын. Басты рөлдерінде Кәмшат Жолдыбаева, Берік Айтжанов, Алихан Идришева, Қабырбек Демесин және Айсәуле Бақытбек сынды киногерлер сомдаған.

«Параллельные миры», 2013 жыл

Ресей және Қазақстан бірігіп түсірілген кинокартина. Фильмнің сюжеттік желісі кездейсоқ басталған сезім оты мен күтпеген жерден аяқталған махаббат оқиғасын баяндайды. Лентаның басты кейіпкері жас бойжеткен кенеттен өз балконында бейтаныс жігітті кездестіреді. Кездесу әсем әуен фонында тамаша бимен жалғасын табады. Осылайша, жігіт кездейсоқ балкон арқылы қыздың жүрегіне жол табады. Бірақ, өзінің өмірлік адамын таптым деп үміттенген бойжеткен дәл сол балконда ғашығынан көз жазып қалады. Мелодрамаға Ермек Аманшаев режиссерлік етіп, сценарийді де өзі жазған болатын. Қоюшы-оператор болып Артур Гимпель қызмет еті. Ал Ақтоты Райымқұлова картинаның әуенін жазған. Ресейдегі премьреа 2013 жылдың 23 қыркүйегінде өткен болатын. Кинотуындының маңызды кейіпкерлерін сомдағандар қатарында: Алёна Бабенко, Берик Айтжанов, Евгений Стычкин, Дастен Шакиров, Александра Морозова, Арман Асенов және Алия Телебарисова да бар.

«Голос степей | La voix des steppes», 2014 жыл

Бала кезінде Анатолий Қазақстанда болып, оның ата-анасы археологиялық қазба жұмыстарына қатысады. Бірақ сол кезде Анатолийдің бауыры жол апатынан қаза табады, үлкен шок алған балақай өздігінен сөйлей алмай қалады. Оның емдеу жолдарын білмеген дәрігерлерден үмітін үзген ата-анасы баланы жергілікті бақсыға апарады. Ол баланы табиғаттың барлық дыбыстарын естуге үйретіп емдейді. Жарты ғасырдан кейін Парижде Анатолий өзінің атасы Анатолийге өзінің ерекше қабілеттерін бергеніне сенімді болған шаманның немересі Абаймен танысады…

Ермек Шинарбаевтың режиссерлігімен түсірілген картинаның сценарий авторы Винсент Равалек пен Данияр Күмісбеков. Продюсерлері Гүлнара Сарсенова және Арно Фрилли. Оператор ретінде Эрик Гишар жұмыс істеген. Әуенін жазған Ақтоты Райымқұлова. Берик Айтжанов, Жерар Депардье, Нуржуман Ихтымбаев, Карлыгаш Мухамеджанова, Натали Дессей, Ерик Жолжаксынов картинада басты рөлдерді сомдайды.

«Аманат», 2015 жыл

Сатыбалды Нарымбетов түсірген қазақстандық тарихи-драмалық фильм. Кинолентаның Қазақстандағы тұсаукесері 2016 жылдың 19 мамырында өтті. Фильм Кеңес өкіметі тарапынан "буржуазиялық ультрационализм" деп айыпталып, Қазақ ұлттық батыры — Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс кезеңі туралы ғылыми тұжырымдары үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тарихшы Ермұхан Бекмаханов туралы баяндайды. Фильм Қазақстан елі атынан Шет тіліндегі үздік фильм үшін "Оскар" сыйлығына ұсынылған болатын. Арман Асенов продюсерлікк еткен картинаның басты рөлдерінде Қарлығаш Мұхамеджанова, Азиз Бейшеналиев, Санжар Мади, Берік Айтжанов, Дмитрий Скирта және Сергей Погосян сынды актерлер сомдаған. Фильмнің картинасын сапалы етіп түсірген қоюшы- операторлар Искандер Нарымбетов пен Александр Плотников.

«Анаға апарар жол», 2015 жыл

Туып өскен жеріне, аяулы анаға деген сағыныш пен махаббатты көрсететін айтулы картина отандық киноиндустрияда ерекше орын алады. «Анаға апарар жол» көпті төзімділік пен шыдамдыққа, шынайы жақсы көру мен махаббатқа, барға риза болып, өткенге шүкіршілік етуді үйретсе керек. Қазақ тарихында орын алған қиын-қыстау кезеңдер мен сәттерді байланыстыра отырып суреттейтін лента, еліміз бастан өткерген зұлым уақыттарды ашық жеткізе алды. Фильм режиссері Ақан Сатаев өз картинасында қазақ халқы өткен жұт, соғыс кездері мен одан кейінгі қиын ахуалды көрсетті. Кинофильмнің басты кейіпкері Ілияс кішкентай кезінде өз анасынан көз жазып қалады. Ер жеткеннен кейін балалар үйінде тәрбиеленген ол анасын тауып, тағы бір рет өз туған елі мен жерін көруді аңсайды. Бірақ тағдырдың сыйы мұнымен әлі бітпек емес.

 Фильмнің басты рөлін Әділ Ахметов,  Аружан Джазильбекова, Берік Айтжанов сынды дарынды киноактерлер ойнайды.

«321-я Сибирская»

Солбон Лыгденовтың және оның MonUlA Films командасымен бірлесіп түсірілген кинолента. Фильмдегі оқиға 1942-1943 жылдары Сталинград шайқасы туралы баяндайды. «321-я Сибирская» кинотуындысы шынайы оқиғаларға негізделе отырып түсірілген. Фильмнің премьерасы 2017 жылы Сталинград шайқасының мерейтойына орай өткен болатын. Фильмнің түсірілмдері Байқал, Бурятия, Приангарь, Волгоград және Ростовский облыстарында жалғасқан. Картинада Игорь Петренко, Георгий Дронов, Кирилл Полухин, Берік Айтжанов және Юрий Назаровтар бой көрсетеді.

«Томирис», 2019 жыл

Орта ғасырлық кезеңдерде Еуразия жерінде қоныстанған  тұрғындар өздерін «сақ» деп атаған. Олар көшпенділер мен даланың ұлы жауынгерлері еді. Бұл оқиға Томиристің әкесі – Спаргап патшасының қысқаша өмірбаянынан басталады. Спаргап патша тағын сақтап қалу үшін, массагеттер руларының арасындағы соғысқа қатысады. Қуатты басшылар, олардың арасында ашкөз және айлакер Каваз мен Куртун ерекшеленеді, өз мүдделерін қорғап, біртұтас билікке бірігуге асықпайды. Спаргап күшпен  және сөзбен дала тайпаларын біріктіруге тырысады. Осы мазасыз уақытта оның қызы-Томирис дүниеге келді. Оның анасы Спаргап өте жақсы көретін Бопай босану кезінде қайтыс болады. Енді қызына қамқорлық пен тәрбие беру патшаның жауапкершілігне айналады. Ал Томирис ерте жастан бастап лагерь өмірі мен әскери өмірдің қиыншылықтарын көоіп өседі. Бірақ күндердің бір күнінде Каваз мен Куртун тарапынан тұйтқиыл қастандық жасалады. Нәтижесінде, Спаргап қаза табады. Мұныі арты халық арасында тағы да алауыздық пен азаматтық жанжалға ұласады. Кішкентай Томирис Спаргаптың адал адамдарының көмегінің арқасында өлтірушілерден құтылып кетеді.  Томиристің басын алып келгенге сыйақы берілетіні жарияланады. Томирис ормандарда жасырынып, аң аулау арқылы өседі. Енді оның мақсаты-заңды тақты қайтарып, дала тайпаларын біріктіру. Бірақ Томирис жер бетіндегі барлық сақтарды жоя алатын неғұрлым күшті қауіпке тап болатынынан хабардар емес. Картина белгілі режиссер Ақан Сатаевтың режиссерлігімен түсірілді. Сценарий авторлары Алия Назарбаева және Тимур Жақсылықов. Басты рөлдерді сомдаған актерлер қатарында Альмира Тұрсын, Әділш Ахметов, Берік Айтжанов, Аян Өтепберген және Асылхан Төлеповтер бар.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  afisha.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы