28 ақпан, 202020

«Біз ерлі-зайыптымыз» - актриса ақ келін атанды

Динара Бақтыбаева тұрмыс құрды!

Динара Бақтыбаева тұрмыс құрды! Ақпанның басында қазақстандық прокатқа шыққан «Черный, черный, человек» кинокартинасында бас рөлдің бірін сомдаған актриса күні кеше сүйіктісімен заңды некелерін қиды.

Жақында ғана әлеуметтік желі арқылы қалық қарашаны болашақ жарымен таныстырған актриса Динара Бақтыбаева енді нағыз келін атанды.

Өзінің тырнақалды туындысы «Он и она», кейін «Так сложились звезды», «Каникулы оff-line», «Той любой ценой», «Ласковое безразличие мира», сондай-ақ, «Черный, черный человек» атты фильмдерге түсіп танымал болған актриса өзінің өміріндегі қуанышты сәтінен Инстаграм парақшасында сыр шертті.

Онда актриса жұбайымен бірге түскен суреттерін жариялап, астына жазбасын қалдырды: «Біз ара қашықтықта кездестік. Қашықтықта үйленіп, балаларымыз да солай дүниеге келеді деп қалжындаған едім. Негізінде солай болып шықты – Аманя Атырауда отырып сұрау жіберсе, мен ол сұрауды Алматыда қабылдадым. Енді біз ерлі-зайыптымыз»,- деп қуанышымен бөлісті ол.

Айта кетейік, Динара Бақтыбаева Әдіхан Ержановтың «Черный, черный человек» фильмінде қаладан келген журналист қыздың рөлін ойнады. Қазір отандық кинолента таяуда Францияның Везуль қаласында өткен кинофестивальде арнайы сыйлыққа ие болған. Ал, көктемде драма осы елдің барлық экрандарына жол тартпақ.

Автор:  Зарина Смағұлова

Фото:  Актердің жеке мұрағатынан

Динара Бақтыбаева
Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы