Размер шрифта:

Цветовая схема:

08 маусым, 2020116

«Бизнес по-казахски» фильмінің жалғасы бар

«Бизнес по-казахски» фильмінің кезекті, бесінші бөлімі түсірілгелі жатыр. Бұл туралы фильм продюсері Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Көрермендердің ықыласына бөленіп, ерекше күтілетін отандық комедиялардың бірі саналатын «Бизнес по-казахски»-дің сәтті шығатыны себепті ме, фильм шығарушылары жалғасын жасауға бел буғандай. Бұл жолы қазақ бизнесмендерінің шытырман оқиғасы бауырлас Түркия елінде өтеді.

«Достар, «Бизнес-по казахски Түркияда» киносының түсірілімі жақын арада басталады!», - деп жазды Нұрлан Қоянбаев.

Бұдан бұрынғы жазбаларында продюсер «Бизнес по-казахски Түркияда» 100% қазақ тілінде шығады деген еді. Сондай-ақ, ең үздік бөлім болады деп жазды. Сол жазбаға қарағанда фильмде түркиялық актриса, талай телехикаяларда бас рөлдерді сомдаған Денис Чакыр түсуі мүмкін. Актерлер құрамына келетін болсақ, ол жағы әзірге белгісіз, алайда бұл жолғы бөлімде көрермендер Қайрат Әділгерей, не продюсердің «My love is Aisulu» киносында өнер көрсеткен Жахан Отарғалиев рөл сомдаулары мүмкін сияқты.

Фильмде оқиғалар желісі қалай өрбитіні де әзірге беймәлім, алайда франшизаның соңғы бөлімі - «Бизнес по-казахски в Корее» фильмінің кинотеатрлардағы кассалық жиыны бір миллиардтан асқанын ескерсек, бұл бөлім де аншлаг жинайтынына сенім білдіруге болады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @koyanbayevnurlan

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы