Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 маусым, 2020484

"Большая маленькая жизнь" алғашқы премьера болмақ

Еліміздегі жағдайлар тұрақтанып, кинотеатрлар ашылған уақытта қазақстандық режиссер Жеңіс Тұматаевтың түсірген "Большая маленькая жизнь" кинофильмі көрерменге жол тартатын алғашқы премьералардың бірі болмақ.

«Қазіргі уақытта біз фильмдерді дамыту және шығару компаниясын  ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жоба үшін біз екі жыл бойы қарқынды жұмыс істеп келе жатырмыз. Компания ашу үшін қолайлы жағдайлар мен табысты шешімдер қабылдау үшін оның қай кезеңде негізі қаланатыны да маңызды рөл алады. Барлық процестерді жете зерттей келе, біз ашылу салтанатын ақпан және наурыз айларына аралығында жоспарлаған едік. Карантин режимінде уақытты босқа жібермеуге тырыстық. Кинофильмнің барынша жақсы шығуын қадағаладық. Картинаның монтаждық жұмысын орындау кезінде көптеген жаңа идеялар мен ойлар пайда болды. Не дегенмен, киножоба біршама уақыт дайындық кезеңінде болғандықтан, көрерменге ұсынар алдында қолдан келгенше өте сапалы дүние ұсынуға тырысқанымыз рас. Себебі, қазір уақыт шектеулі емес, барлығымыз үшін барынша қолайлы. Шығармашылық ұжым мен және картина авторларымен ақылдасып, ой бөлісуге, идеялармен алмасуға және  жобаны тереңінен зерттеп, даярлауға уақыт айтарлықтай жетерлік. Сондықтан, бұл фильмді біз жоспарланған алдыңғы нұсқасынан қарағанда тағы да жаңартылған, жақсартылған формасында беруді көздеген болатынбыз. Және ол қолымыздан келе алды деген ойдамын. Көрермен назарына ұсынғалы отырған киножобамыз фильм сүйер қауымның көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленеді деген үміттемін». 

"Большая Маленькая Жизнь" фильмі экзистенциалды драма жанрында түсірілген шығарма. Фильм әйел адамының ешкімге тәуелді болмай, өз өмірін қалай сүру керек екенідігін шешетін, емін- еркін жүріп-тұратын, өзіндік құқығын қорғай алатын тәуелсіз жан екенін ашық көрсетіп, бейнелейді. Аталған кинокартина шетелдік киноиндустриядағы мынадай фильмдер желісінде, осы туындылардың берген мағынасына сүйене отырып түсірілген: Ричард Гир және Вайно Райдерлер бой көрсеткен "Осень в Нью-Йорке", Киану Ривз және Шарлиз Терон басты рөлдерде ойнаған "Сладкий Ноябрь" фильмі немесе Вонг Кар-Вая бастапқы рөлді сомдаған "Любовное настроение" сияқты кинофильмдер. Бұл классикалық картиналар да тәуелсіз әйелдің өмірі жайында, оның ешкімге ештеңе міндет емес екендігі жайлы баяндайды.  

Бір ерекшелігі, жобаның авторлары мен шығармашылық топтың көп бөлігі, жалпы кинокартина бойынша негізінен ер кісілер жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде аталмыш мелодраманың режиссерінің өз танымы және ұйғарымы бойынша бойынша, картина  "әйел адамның бойында кездесетін жалғыздық сезімі мен хроникасы ерлер көзімен" деген түсінік пен ұйғарымға сәйкес келеді. Қорытынды материал ер адамның интуитивті интерпретациялау әрекеті негізінде қазіргі әйелдің ең терең және нәзік сезімдерін білдіріледі.

Кинофильмнің сюжеттік желісі бойынша, Аяла есімді картинаның басты кейіпкерінің өмірі суреттеледі. Оның өмірінде қайғылы жағдай орын алады. Аяла өзінің сүйікті жары, отбасының  тірегі болған жарынан айырылып қалады. Жалғыз қалған қалған Аяла әкесіз қалған жалғыз қызын өсіп, жетілдіреді. Алайда, оның жолында бұл соңғы сынақтар емес еді. Жалғызбасты ананың өмірі қалай болады? Ол өзін не деп сендіреді? Жүрегі қанжыласа да, өмірінің мәні болған кішкентай қызы екеуі барша ауыртпашылықты бірге жеңуге тырысады. 

Жобаның продюсерлері Азамат Мұратов, Ләззат Жүнісова және  Қайрат Мақажан.

kino-teatr.ru

Актерлік құрам өте ерекше. Басты кейіпкерлерді сомдауға бірнеше отандық картиналарда жиі бой көрсетіп жүрген, фильм сүйер қауымның сүйікті актер мен актрисалары таңдалып алынған. Басты рөлдерді Әсел Қалиева, Жандос Айбасов, Сергей Погосян, Бопеш Жандаев және Санжар Мади сомдайды. Кинокартинадағы Аяланың рөлін танымал актриса Әсел Қалиева сомдайды. Ол 1984 жылы тоғызыншы қаңтарда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. 2002 жылдан бастап өнерге қадам баса бастаған. Мамандығы бойынша филолог актриса Әсел Қалиева өмір жолы актерлікпен жалғасын тапты. Теледидарда ол тележүргізушілік қызметтен бастаған. "Голосуй, страна!" хит-парады мен "Таңертеңгі Қазақстан" сияқты таңғы ақпараттық сазды бағдарламаларында жүргізуші болған.  Араға көп уақыт салмай Әсел Қалиева өзін жақсы актриса ретінде таныта білді. Қазақстандық киноиндустриядағы алғашқы қадамы өте табысты болды. Отандық кинодағы дебюті  "Жаным" телехикаясында орын алды. Актрисаны бұл картинадан кейін мынадай еліміздегі белгілі кинолар мен сериалдардан басты және қосалқы рөлдерде бой көрсетіп келе жатыр: «Жаным - 2» , «Махаббатым жүрегімде», «Қара шаңырақ», «Побег из аула. Операция «Махаббат», «Прямой эфир» және «Жаным, ты не поверишь». 

Елдің белгілі актерлер қатарында  Жандос Айбасов та бар. Ол бұл туындыда маңызды рөлдердің бірін сомдайды. Біз оны талантты актер ретінде жақсы білетіндігіміз жасырын емес. Қазақ киноларда негізінде тек бастапқы рөлдер мен кейіпкерлерді сомдайтын актер 1989 жылы маусым айының отызыншы жұлдызында дүниеге келген. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде тәлім алып, бітіреді. Одан кейін өнер жолында білімін жетілдіруді мақсат тұтып, әрі қарай Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының студенті атанады. Актер Жандос Айбасов отандық киноматографиямызда  2014 жылдан бастап әртүрлі жанрлардағы көптеген картиналарда бой көрсетіп келе жатыр. Қазіргі таңға дейін актер жиырма екіден астам отандық жобаларға атсалысқан. Халықтың сүйікті актеріне айналған дарынды өнер иесі Жандос Айбасов келесі фильмдерге түсті: “Районы”, “Қанды транзит”, “Ограбление по-казахски”, “Золушка Зауре”, “Лифт”, “Марко Поло Сериалы”,“ Кенже”, “Тараз”, “Он и она” секілді кинокартиналар бар. 

Соңғы уақытта табысты актер Жандос Айбасовты үлкен экрандардан біз тек актер ретінде ғана емес, сондай-ақ, режиссер, сценарист және кино продюсер ретінде де байқап жүргеніміз жасырын емес. Ол жастарға арналған отандық "Нархоз" картинасына режиссерлік етіп, өзін талантты киногер ретінде де көрсете алды. Сонымен бір, жақында ғана көпшілік көрерменге өзінің тағы бір ерекше қырынан танылды. 2020 жылы үлкен экрандарға жол тортқан “Жаным, ты не поверишь” қара қомедиясының сценариін жазып, картинаға продюсерлік еткен болатын. Айта кетейік, аталған картина басқа да отандық картиналар мен жобалардан айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл жанрда және стилистикада әлі Қазақстанда кинофильмдер түсірілмегені анық. Алайда, қазір бүкіл әлемде орын алған жағдайларға байланысты жақында ғана тұсауы кесілкен “Жаным, ты не поверишь” картинасының көрсетілімдері карантин режимі кезінде белгісіз мерзімдерге дейін тоқтаған болатын. Алайда, актер, продюсер әрі режиссер Жандос Айбасовтың айтуынша, картина көрермендерге тағы да бір жаңа фишкаларымен және өзгеше оқиғалармен қайта оралатын болмақ. Сонымен бірге, актер Айбасовты соңғы уақытта кинода жиі каскадер ретінде де көруге болады. Оған бәлкім кезінде оның жасөспірімдер арасында бокспен айналысқандығы және спортқа жақын болғандығы себеп болған шығар. Не дегенмен, қазіргі кезде Жандос Айбасовты спорттық сахналардан жиі көруіміз де, осының арқасы және ол әрине сахнаның профессионалды түрде шығуына айтарлықтай көмектесетінін жиі айтады. 

"Большая маленькая жизнь" кино картинасының басты кейіпкерлерінің бірі, тағы бір дарын иесі, еліміздегі талантты әрі білікті өнер адамы Сергей Погосян. Ол туралы да біршама мәліметтер бере кетейік. Ол 1972 жылдың шілде айының жиырмасыншы жұлдызында Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақ театр және кино актері, белгілі тележүргізуші. 2015 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алып, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағымен мараппаталған болатын. Алматы ауылшаруашылық институтын «экономист» мамандығы бойынша оқып, білім алған. Екінші мамандығын  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында "Театр және кино актері" мамандығы бойынша тәлім алып, өнерге деген алғашқы қадамын жасайды. 2009 жылға дейін Алматы шаһарындағы М. Ю. Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрының актері болып, мол тәжірибе жинақтайды. 2016 жылдан бастап Мәскеу жас көрермендер театрында жұмыс істеп, біліктілігін арттырып келе жатыр. Актер Сергей Погосян қазіргі таңға дейін отыздан астам отандық және шетелдік картиналарда бой көрсетіп, көптеген қойылымдарда басты кейіпкерлердің рөлін сомдаған. Погосян мынадай кинокартиналарда ойнаған: «Жулики», «Муж», «Жулики», «Каждый взойдёт на Голгофу», «Мұстафа Шоқай», «Егорино горе», «Откройте дверь — я счастье!», «Солдаты. Новый призыв», «Солдаты 14», «Сердцеедки», «Кайрат — чемпион», «Город мечты», «Астана — любовь моя», «Одна за всех», «Закон и порядок. Отдел оперативных расследований-4», «Ранетки», «Везучая», «», «Одноклассники», «Жизненные обстоятельства», «Аманат», «Пляж. Жаркий сезон», «Гранд» және «Тэли и Толи» секілді кино жобалар кездеседі. 

Аталған фильмнің тағы бір дарынды актері, халықтың сүйікті өнер иесі- Санжар Мади. Санжар Мәди 1986 жылы төртінші тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Мектеп жылдары музыкамен әуестенеді, мектепте вокалдық тобында ән айтқан. Сондай-ақ бимен айналысқан, атап айтқанда, бидің ішіндегі брэйк-дэнс түрі жанына жақын болған. Ерте жастан бастап спортпен шұғылданды - күрес, үлкен теннис, жүзу және баскетбол сияқты спорт түрлеріне әуес болған. Мектептен кейін Халықаралық Лингвистикалық Гимназиясын, Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген. Содан кейін, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында "Театр режиссері" мамандығы бойынша білім алады. Оқуды Америка Құрама Штатындағы Калифорния, Лос-Анджелес қаласында орналасқан  New York Film Academy атты оқу орынында жалғастырады.  Санжар Мади шетелде "Film Making" мамандығы бойынша білім алып, кино саласында білімін жетілдіріп келеді. 2009 жылдан бастап "Обратная сторона" қазақ детективтік фильмінде басты рөлі бұйырып, ең алғашқы дебюті орын алады. Осылайша болашақ танымал актер Санжар Мади кино әлеміндегі алғашқы қадамдарының бірін жасады. Нұртас жас операсын ойнайды. Өзінің кино саласындағы жеткен жетістіктері мен табысы аз емес. Санжар түскен картиналар қатарында: “Жүрегім менің - Астана”, “Город мечты”, “Angel of Death”, “Замуж в 30”, “Алтын Орда”, “Құстар әні”, “Фэйк”, “Арман”, “Книга Легенд”, “Подружки”, “Возвращение (Елім-ай)” секілді туындылар бар. 

 

 

 

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы