Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 шілде, 2020400

Бүгін актер Тахир Омаровтың туған күні

Бүгін қазақстандық актер Тахир Омаровтың туған күні. Көрермендерге актер «Быть или не быть» және Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмалардағы бас рөлдер арқылы танымал. 

Актер кішкентай кезден актер болуды армандаған екен. Тағдыр тәлкегінен балалар сал ауруына ауырып, мүгедектер арбасына таңылса да, бұл арманын орындады. 2014 жылы Тахир киноға алғаш рет режиссерлер Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбековтардың «Быть или не быть» фильміне түсіп, басты кейіпкер Гамлеттің рөлін сомдады. Туындыда жігіт дат ханзадасының күрделі монологын оқып, күнделікті күйбең тіршіліктің қиындығына қарамастан, өмірге құштар мүгедек жанның өмірін көрсетті. Картинада оның қиын болса да, өз бетінше жуғышқа еңбектеп жетіп,  тісін жуатынын, шай құйып, жұмыртқа қуыратын тұстарын көрсетеді. Фильм авторлары алғашында бұл картинаны арт-хаустық фестивальдік туынды ретінде жасамақ болған. Алайда кейін өмірдің қиындығына қарамастан, оны сүйіп, бағалап, армандайтын осындай жігіттердің күш-жігерін көпшілікке көрсетуді жөн көрді. Атап өту керек, «Быть или не быть» әлеуметтік драмасы шетелдік көрермендерді де талай рет тамсандырды. Картинаны Сан-Францискодағы «Superfest» пен Мәскеуде өткен «Кино без барьеров» атты кинофестивальдерінде жоғары бағалады. Сонымен қатар, отандық кинолента Open Central Asia Festival кинофестиваліне де қатысты. Картина 2014 жылы жарық көрді. 

Бұдан бөлек, Тахир Омаров 2017 режиссерлер Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбековтардың тағы бір картинасында  «Қыз бен теңіз» әлеуметтік драмасында бас рөлді сомдады. Фильм мүмкіндігі шектеулі жастардың өмірін суреттейтін «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясының екінші бөлімі. Егер авторлар «Быть или не быть» лентасында мүгедек жандардың осындай ерекше өмірін жігіт тарапынан көрсетсе, «Қыз бен теңіз» фильмі балалар сал ауруы диагнозымен өмір сүріп жатқан Әсел есімді қыздың ауыр тағдыры жайында баяндайды. Ауруының салдарынан жас қыз қолмен жұмыс істеуге бейімсіз, алайда қуанышқа орай қолдың ептілігін аяқ басшпайларымен алмастыратын ол күнделікті тұрмыс-тіршілікті осылай жасап бітіреді. Тігін тігуді жақсы көретін Әсел өнер туындыларын да жасай алады. Қыз туған апайымен бірге тұрса да, өз отбасын құруды, бастысы – ана атануды армандайды. Фильмде бас рөлдерді Динара Шарипова мен Тахир Омаров орындайды. Мүгедек балалардың ата-аналары қауымдастығының «Жаңа өмір» бейнестудиясының қатысуымен «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген туындыны режиссерлері өз сценарийлері негізінде жасады. Атап өту керек, «Қыз бен теңіз» картинасы 2019 жылы Лондонда өткен Romford film festival киновестивалінде «Әйел рөлін үздік орындағаны үшін», сондай-ақ, сол жылы Уфа қаласында өткен «Күміс Ақбозат» Халықаралық кинофестивалінде екі жүлдеге ие болды. Оның бірі Башқұртастан Республикасы Отбасы және еңбек министрлігінің атынан «Арманды орындағаны үшін» жүлдесі актер Тахир Омаровқа табысталды.  

Актерді төл мерекесімен құттықтап, зор денсаулық пен шығармашылық табыстар тілейміз!  

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы