Размер шрифта:

Цветовая схема:

04 шілде, 202066

Бүгін актер Ержан Түсіповтың туған күні

Бүгін қазақстандық актер Ержан Түсіпов дүниеге келген күн. Туған күні иесі 41 жасқа келді.

Ердан Түсіпов жастық шағында республикалық эстрадалық-цирк училищесін бітірді. Кейін жас әртіс Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына түсті. Оқу орнын бітірген соң, актер М.Әуезов атындағы қазақ драма театрынынң труппасына мүше болып кірді.

Алғаш рет кинодағы қадамын 2001 жылы республикалық телеарналардың бірінде көрерменге жол тартқан көпсериялы «Саранча» атты телехикаядан бастады. Кейін 2007 жылы Ержан Түсіпов Жанна Исабаеваның «Қарой» атты драмалық картинасында басты рөлді сомдады. Сол жылы ол режиссер Қуат Ахметовтың «Человек-ветер» фантастикалық фильміне түсті. 2010 жылы актер студенттік өмірден сыр шертетін «Асель, друзья и подруги» атты көпбөлімді комедиялық мелодрамасында Жанның рөлін орындады. 2017 жылы Ержан Сәбит Құрманбековтың «Оралман» атты әлеуметтік драмасына түсті. Фильмде ол драмалық театрдағы әріптесі актер Дулыға Ақмолдамен өнер көрсетті. Ал, бір жылдан соң екеуі Фархат Шәріповтың «Тренинг личностного роста» атты әлеуметтік драмасында рөлдер сомдады. Сол жылы картина 23-ші Пусан Халықаралық кинофестивалінің «Азиялық киноға апарар терезе» атты байқауы шеңберінде көрсетілді. Ал, 2019 жылы «Тренинг личностного роста» фильмі Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің байқау бағдарламасына кірді.

Актердің қоржынында «Ойпырмай или дорогие мои дети», «Волчий след», «Көшбасшы жолы. Отты өзен. Темір тау», «Жол», «Город мечты», «Инопланетяне ни при чем», «Остров-2», «Кто Вы, господин Ка?», «Дети солнца» картиналары, сондай-ақ, «Мозготрясы», «Честь офицера», «Всемогущий», «Айналайын», сияқты телехиялары және тағы басқа туындылары бар.

Туған күні иесін төл мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, мен шығармашылық табыс тілейміз!

Автор:  Зарина Смагулова

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы