Размер шрифта:

Цветовая схема:

09 шілде, 2020213

Бүгін актер Евгений Жумановтың туған күні

Бүгін қазақстандық кино және театр актері әрі режиссері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Евгений Жуманов туған күнін атап өтуде. Актер 56 жасқа толды.

Евгений Жуманов Павлодар облысының тумасы. 80-ші жылдары ол А.Чехов атындағы Павлодао облыстық драма театрында жұмыс істеді. 22 жасында қойылымда Ромеоның рөлін сомдады. 1988-1989 жылдары Островский атындағы Орал облыстық орыс театрында 1989-1996 жылдары Лермантов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында, ал 1996-2012 жылдар аралығында Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрыында актер болды. Елу жасқа дейін актердің жоғары білімі болған жоқ. Тек 2013 жылы Евгений Қазақ ұлттық өнер университетінің театр, кино және телевидение факультетін тәмамдады.

Кинодағы алғашқы әрі танымалдық әкелген рөлі – 1996-2000 жылдар аралығында «Хабар» арнасының эфирінде көрсетілген тұңғыш қазақстандық «Тоғысқан тағдырлар»/«Перекресток» телехикаясындағы Шамиль Байжанбаевтың рөлі еді. Сонымен қатар актердің кинода басқа да талай рөлдері бар. Атап айтқанда, «Своболная женщина» телехикаясында ол Русланның, «Каждый взойдет на Голгофу» телехикаясында «Пауктың», «К вам едет доктор Ахметова»-да Асқардың, «Жұрегім менің – Астана»-да Павел Саховтың, «История одной старушки» картинасында Руслан Каримовичтің рөлдерін сомдады. Актердің қоржынында сондай-ақ, «Талисман», «Закат», Город А», «Одноклассники» және табы басқа кинотуындылары бар.

Шығармашылық тұлғаны төл мерекесімен құттықтап, шалқар шабыт, зор денсаулық пен шығармашылық табыстар тілейміз!

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы