Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 мамыр, 202098

Бүгін: «ҚазАқпарат» ХАА" АҚ "Карантин" деректі фильмін ұсынады!

Әлемді баураған індетке тап болған Қазақстан қандай қиындықтармен кездесіп, оларға қалай төтеп берді? Жер жаһанды дүрліктірген «тәжді» вируспен күрескен мемлекет жайында «ҚазАқпарат» ХАА" АҚ тұңғыш туындысын түсірді. «Карантин» деп аталатын арнайы жоба 2020 жылдың 20 мамырында сағат 20:20-да  қалың көпшілікке жол тартады.

Биылғы жыл Қазақсан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін ауыр басталды. Себеп төрткүл дүниеге туман ұялатқан «коронавирус» ауруы. Бүгінде елде алты мыңнан астам адам бұл індетке душар болды. Дей тұрғанмен, жазылғандар саны да аз емес. Оған мемлекет тарапынан жасалған дер кездегі әрекеттің әсері зор болды. Олай болмағанда, науқастар саны әлдеқайда көп болар ма еді?

Қазақстанға жаман ауру қашан келді? Төтенше жағдай режимінде жұмыс істеген жандар кімдер? Індетпен жүзбе-жүз кездесіп, жандарын халық саулығы үшін тәуекелге тіккендердің тіршілігі қандай болды? Осы және өзге де сұрақтарға «ҚазАқпарат» ХАА" АҚ-ның арнайы жобасынан жауап іздей аласыздар!

Жобамен «ҚазАқпарат» ХАА" АҚ-ның мультимедиа бөлімі жұмыс істеді. Бұл – олардың алғашқы туындылары. Алдағы уақытта халықаралық агенттік басқа да деректі фильмдер топтамасын түсіруді жоспарлап отыр. Олардың қандай тақырыптарға арналатынын kaztube.kz бейне-порталы мен агенттіктің ақпараттық сайттарынан біле аласыздар!

Ал, «Карантин» деректі фильмін бүгін, 2020 жылдың 20 мамырында сағат 20:20 порталдың «Youtube» арнасынан өткізіп алмаңыздар!

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Бауыржан Жуасбаев

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы