Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 маусым, 2020246

Бүгін режиссер Сергей Әзімовтың туған күні

Бүгін қазақстандық режиссер, сценарийші, продюсер Сергей Әзімовтың туған күні. Биыл киногер 67 жасқа келді.

Сергей Әзімов 1978 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтының деректі кино бөлімін бітірді. Кино майталманы кино саласындағы алғашқы қадамын «Қазақфильм» киностудиясында кинорежиссердің көмекшісі қызметінен бастады. Кейін оқуды тәмамдаған соң, мұнда деректі фильмдердің режиссері болып еңбек етті. Бірнеше рет Қазақстан кинематографистер Одағының Басқармасының хатшысы, мүшесі болып сайланды. Кино саласы мен телевидениеде істеген жылдар ішінде ол жиырмадан аса толықметражды картиналар мен 30-дан аса қысқаметражды деректі фильм түсірді. Олардың көбі Бүкілодақтық және Халықаралық кинофестивальдерінде жүлдегер атанған. Ал, биылғы жылы режиссер тағы бір жаңа туындысын, ұлы ойшыл, философ, ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығына арналған «Ұстаздың оралуы» деректі лентасын түсірді.

Сергей Жұмабайұлы сонымен қатар, «Неожиданная любовь», «За степями», «Рай для мамы», «Бақсы», «Стриж», «Ұлжан», «Записки путевого обходчика», «Шиза» сияқты картиналарға продюсерлік етті. Ал, «Возвращение», «Неожиданная любовь» картиналарына киногер сценарий жазды.

Туған күн иесін төл мерекесімен құттықтап, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр мен шалқар шабыт тілейміз!

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы