Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 сәуір, 2020332

Бүкіл әлемдік коронавирус пандемиясынан кейін отандық киноөндіріспен кинотеатрлардың жағдайы не болмақ?

Елімізде карантин жарияланғалы қоғамдық орындардың барлығы уақытша жұмыстарын тоқтатты. Ең бірінші болып жұмысын тоқтатқандардың бірі ол кинотеатрлар екені мәлім. Қазіргі кезде осы салада еңбек ететін мыңдаған мамандар өз жұмыстарынан уақытша босады. Карантин біткен соң кинотеатрлардың  бірден аяққа турып кетуі оңай болмас. Басты себептердің бірі ол осы пандемияның әсерінен біршама өзгеріске ұшыраған киноөндіріс болса, екінші жағынан көрермендердің көңілінде қалған үрей десекте болады.

Отандық кинөндірістің дамуы енді ғана басталғанда, қазіргі кездегі төтенше жағдай аяққа тұсау салғандай болды. Енді ғана кеңінен тыныс ала бастаған қазақ киносының жанашырлары да осы мәселеге қатты алаңдаулы. 2019 жылы наурыз айында құрылған  "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы"  Коммерциялық емес акционерлік қоғамы еліміздегі ең ірі «Kinopark & Kinoplexx Theatres» кинотеатр желілерінің Бас директоры Малдыбаев Алмаз мырзамен танымал отандық кинокритик Карим Қадырбаевқа тікелей эфир арқылы сұхбат жасатты. Бірге өткізген тікелей эфир пандемия салдарынан кино нарықта туындаған мәселелер талқыланып болашақта қандай қиындықтар күтіп түрғандығын топшылады.

Ең бірінші болып қозғалған мәселе ол отандық кино туындылардың карантин біткеннен кейін прокат кестесіне қайта оралулары.

Төтенше жағдай еңгізілген кезде көптеген киноөндірушілер өз өнімдерін жарыққа шығуын кейіге шегере бастады. Алайда олар кинотеатрлар ашылған кезде релиздардың жеткіліксіздігінен кейбір кинотеатрлардың банкротка ұшырауын ескерген жоқ. Кино картиналардың жарыққа шығаруын  кейінге шегеру карантин басталғандағы ең алғашқы реакция болғанымен, карантин АҚШ, Европа сияқты елдерде бәсеңдеген кезде отандық менеджерлер мен кинотеатрлар келіссөдер жүргізетіндігі айқын.  Бизнес болғандықтан бір-бірінің мүдделерін ойлауы қажет, менеджерлер өздерінің осындай старгияларының салдарынан кинотеатрлардың зардап шегуіне жол бермес деген үміт бар. Бұл қазіргі уақытқа да байланысты, бірінші орында вируспен күрес, ал бизнес одан кейін тұрғандықтан осы мәселе дұрыстап қарастырылмай жатыр, болашақта бұл жағдай талқыланып өз шешімін табатыны күмәнсіз.

Кинотеатр желілері де қарап отырған жоқ, басқа елдерде орын алып жатқан жайттардан сабақ алуда, Жапонияда; Корея сияқты елдерде  кинотеатрлар жұмыс істеп тұрғанмен, көрермендердің саны аз, себебі көп релиздер прокаттан алынып тасталды. Жергілікті контент өндірушілерде өз туындыларын пандемия кезінде прокатка шығарудан аулақ. Әрине бұл жағдайда продюссерлерді түсінуге болады, бір жылдай еңбек еткен жұмыстарын осындай қиын кезде шығарып, тәуекелге бел бууға батылдары бармайды.

Қазіргі кезде кинотеатр өкілдері сәуір және мамыр айларында жарыққа шығуы жоспарланған отандық картиналардың продюссерлерімен келіссөздер жүргізіп жатыр, олардың көбісі карантин біткен соң кинотетарларды қолдауға әзір. Әрине релиздер көп болмайды, алайда Құралай Анарбекова, Тимур Бахтыбаев, Жеңісхан Момышев сынды продюссерлер тәуекел деп кинотеатр желілерін қолдауға әзір екендігі мәлім болды.  

Екінші мәселе, ол кинотеатрлардың ашылуы. Алмас мырзаның пікірінше тамыз айының соңы мен қыркүйек айларына тұра келетін сияқты, дегенмен бұл жай ғана болжам болып табылады.

Ендігі үшінші сұрақ кинотеатрларда өткен жылдардың блокбастерлерін қайта көрсету, яғни көп кино картиналардың тұсаукесерлері кейінге шегерілді, осы жағдайда мысалға Қытайдағы сияқты жарыққа шығып қойған, көп қаралымға ие картиналарды қайта көрсету қаншалықты тиімді болады және Қазақстандық кинотетарлар осы тәжірибеге сүйенеді ма деген сауалдың жауабыне келетін болсақ, ол бұл тәжірибе жақсы нәтиже бермейтіні анық, аталмыш блокбастерлердің барлығы дерлік интернет желісіне кеңінен тараған, үйлерінде отырып көрермендер оларды бірнеше рет тамашала.

Кинотеатр басшысы карантин біткен соң ең үлкен үміті ол отандық туындылар болып отыр. Тәжірибе көрсеткендей Қазақстандық картиналар шетелдік туындыларға қарағанда жоғары қаралымға ие екенін атат өтті.

Төртінші мәселе, ол өзіміз білетіндей карантин басталмай тұрып көрермендерге жол татқан бірнеше картиналар бар, мысалға «Жаным, ты не поверишь!» сынды картиналар, олардың үлкен экранда жарық көргендеріне не бәрі бір аптадан асып аспай, карантин басталып кетуіне байланысты көрсетілімдері тоқтап қалды, осы орайда олардың да жағдайы қарастырылып қойған, киноөндірушілермен келіссөздер жүргізіліп кинотеатрлар өз  жұмысын бастаған кезде оларға екінші дем беріліп үлкен экранға қайта шығару жоспарланып отыр екен.

«Kinopark&KinoplexxTheatres» кинотеатр желілерінің алғашқы кинотеатры 1998 жылы ашылғанын атап айтқымыз келеді, осыншама жылдың ішінде бірнеше тоқырауды басынан кешкен кинотеатр қазіргі кезде Қазақстан аумағындағы ең көп желісі бар заман талабына сай дамып келе жатқан алдынғы қатарлы кинопарк болып табылантындығы сөзсіз, алайда қазіргі жағдайдың салдарынан туындап отырған басты бесінші мәселенің бірі, яғни көрермендердің қайта кинотеатрларға оралуы. Осы кезде мамандар арнайы стратегия қарастырыплып жатыр, алдағы уақытта өткізлетін шаралардың  жоспары да анықталды, әрине көрермендердің киноларды кинотетарлардан көруден тыйылып қалуы мүмкін, бірақ оған қарамастан келетін адамдар да бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Көрермендердің карантин біткен соң қорқыныштары басылмайды, ол да түсінікті. Кинопарктер осы мәселені қолға алып қойғаны сөзсіз, тазалық және дизинфекция жұмыстары күшейтілген. Және осы жұмыстармен көрермендерді таныстыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар болашақта, көрермендерге тегін маска таралып, әр сеанс біткен сайын залдардың барлығы квацеваниядан өткізіледі. Шетелдік үлгіге сүйене отырып шахматтағы ұяшықтар тәрізді отырғызу жүйесі қарастырылып жатыр.

Қазіргі жағдайда ең қарқынды және жылдам дамып жатқан салалардың бірі ол онлайн кинотеатрлар, көптеген отандық және шетелдік кино өндірушілер өз картиналарын интернет желісі арқылы көрсете бастады, осы турғыдан алтыншы мәселе туындайды, көрермендер кинотеатрлардан бас тартып, онлайн стриминг жасайтын сервистерге үйреніп қалады ма деген болжам бар. Расымен дәстүрлі кинотеатрлармен онлайн кинотеатрлар арасындағы бәскелестік бір шама уақыттан бері  орын алып келеді. Алайда, кинотеатр деген жай ғана кино көру емес, ол басқа адамдармен қарымқатынас жасау, пікір алмасу, ал кинонын тамашалау ол ендігі екінші орында тұр.

Жетінші, қарастырылған сұрақ, карантин біткен сон көрермендерге қандай жанрдағы кино туындылар қызық болады?

Көңіл-күйлерін көтеретін киноларды тамашалу басымырақ болады деген болжам бар, себебі екі үш айлық карантиннен кейін адамдар көңілдерін көтергісі келеді, сондықтан комедия жанрындағы кинолардық қаралым рейтингі жоғары болады. Ал постапокалипсис жанрна келетін болсақ, ол 3-4 айдан кейін, бастан өткен кризисты еске алу мақсатында қаралатын болады. Бұл жанр жылдың аяғына дейін, тіпті келесі жылы да өзекті болатындығына топшыланып отыр.

Қортындай келе карантин кинотетарлаға қатты соққы берді, алайда кинотеатр желілері бұл дағдарыстанда шығатындарына сенімді, себебі кинотеатрларға бару дегеніміз жай ғана кино көру емес, ол достарынмен,  жақын адамдарыңмен бірге уақытты көнілді және пайда өткізудің бір себебі болып табылады.

 

Автор:  Жанерке Ахмадиева

Фото:  Бауыржан Жуасбаев

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы