Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 қазан, 202031

Бұл кім? Отандық киногерлердің бала кезіндегі фотосуреттері

Еліміздің белгілі актер мен актрисалары, режиссер мен продюсерлерінің балалық кезеңдегі арманы қандай болды? Олардың кішкентай кездегі қызықты естеліктері және  фотосуреттерімен бүгінгі мақаламызда бөлісетін боламыз. Отандық киногерлер туралы біраз мағлұматпен танысамын десеңіз, сіз үшін дайындалған арнайы материалға ден қойыңыз.

Нұртас Адамбай


tengrinews.kz

Қазақстандық озық картиналардың авторы және продюсері Нұртас Адамбай 1981 жылы 14 желтоқсанда Тараз қаласында туған. Отандық актер, шоумен, сценарист, режиссер әрі апродюсер. КВН ойындарында белсенді ойыншы болған. Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде білім алып, үздік дипломға аяқтаған. Адамбай алғашқы актерлік тәжірибесін «Наша Казаша» скетч-шоуынан батаған.  Нұртас Адамбай өзі актер болып қана қоймай, отандық кинокомедиялардың өндірісімен де айналысады. Актердің студиясы бүгінгі таңға дейін көптеген қазақстандық ауқымды жобалар мен үздік киноленталарды өндіріп келеді. Адамбай сценарий жазып, продюсерлік пен режиссерлік етіп жүрген картиналар мыналар: «Келинка Сабина», «KZландия. Перезагрузка», «Я- жених», «Побег из аула», «Тараз», «Лифт», «Құдалар» және «Аким» тағы да басқа.

Аружан Джазильбекова

http://news.allinfo.kz/

Белгілі отандық актриса көптеген қазақстандық және шетелдік кинокартиналарда бой көрсетіп үлгерген. Оның фильмографиясында жиырмадан аса фильмдер бар. Актриса 1986 жылы жиырмас бесінші ақпанында Алматы шаһарында туған. Кішкентай кезінен ғылым мен білімге құштар бала болып өскен. Оны актриса оқыған білім ордаларына қарап-ақ айтуға болады. Халықаралық лингвистикалық арнайы мамандырылған мектеп қабырғасында терең сапалы білім алса, кейін халықаралық журналистика бағыты бойынша КИМЭП студенті атанған. Өнерге алғашқы қадамын модель болудан бастаған.  Актрисаның кинокарьералық жолы 2010 жылдан бастау алды. Ол алғаш рет актриса ретінде қазақстандық кинолента «Качели любви» деп аталатын киноға түсті. Кейін Аружанды басқа да белгілі кинорежиссерлер байқап, өз жобаларына шықара бастады. Ол өзін тағы бір ауқымды жобада басты рөлде байқап көрді. «Асель, друзья и подруги» деп аталатын жастарға арналған көп сериялы телехикаяда басты кейіпкер Әселдің рөлін сомдаған Аружан өз өмірін өнермен, киномен байланыстыруға шешім қабылдайды. 2012 жылы Егор Кончаловкий түсірген «Сердце мое – Астана» фильмінде де бой көрсетті. Актриса тек қазақстандық киноиндустрияда ғана емес, сонымен бірге көрші ресейлік кино әлемінде кең танымалдылыққа ие. Ресейлік кинорежиссерлер Джазильбекова өз картиналарына шақырғанды жақсы көреді. Себебі, актриса өз рөліне толықтай кіріп, көрерменге бар сезім мен эмоцияларды жеткізе алады. Осыған байланысты, Аружанның кино қоржынында «Адаптация», «Золотая орда» ауқымды шетелдік жобалар бар. Одан бөлек киноактриса «Анаға апарар жол», «Рэкетир», «Свадьба на троих» және «Побег из аула. Операция Махаббат» сынды туындыларда басты рөлдерді сомдаған.

Әсел Сағатова

cosmo.kz

Еліміздің талантты актрисаларының бірі Әсел Сағатова 1985 жылдың 5 мамырында дүниеге келді. Тоғыз жасынан бастап өнер шаһарына айналған әсем қала Алматыда өсті. Бала күнінен математикаға да, шығармашылыққа да жақын болып өсті. Хореографиялық мектепте білім алған. Кішкентай кезінен жұлдыз болуды арман еткен Әселді анасы тележүргізушілік мектепке алып келеді. Модельдік агенттікте алғаш рет жұмыс істеп бастады. Гонконг және Тайланд елдерінде жарнамалық роликтер мен фотосессияларға түскен. Бала күнінен "Мисс фотомодель" конкурстарына қатысқан.  Мектепті аяқтап,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне мемлекеттік грант бойынша тегін оқуға түседі. Халықаралық қатынастар факультетін қызыл дипломмен аяқтайды. Магистратурада оқып жүрген кезінде қазақстандық телеарнада музыкалық бағдарламаның жүргізушісі болып жұмыс істей бастады, кейін тікелей эфирде «Золотая подкова» бағдарламасын жүргізді. Өзінің кинодағы мансабын қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтамотвтың романы бойынша түсірілген картина «Плач матери о манкурте» кинофильмінен бастады. Әсел үшін табысты картинлардың бірі оның алғашқы жобалар қатарында болған «Ирония любви» кинофильмі болды. «Ирония любви» фильмі режиссер Ержан Рүстембеков пен Александр Черняев ресейлік "Интерфест" компаниясымен бірлесіп "Қазақфильм" киностудиясында түсірген және 2010 жылдың наурыз айында үлкен экрандарда көрермен назарына ұсынылды. Фильм Болгарияның Варна қаласында өткен кинофестивальге қатысып та үлгерген болатын. Актриса бүгінгі күнге дейін «Меч Махамбета», «Час Волка», «Рэкетир», «Охота за призраками», «Бауыржан Момышұлы», «Районы», «My love is Aisulu» және тағы басқа да картиналарға түскен. Әсел Сағатова халыққа Ақан Сатаев режиссерлік еткен «Рэкетир» кинофильмінде танымал болды. Ал соңғы рет еліміздегі белгілі актер әрі продюсер, шоумен әрі тележүргізуші Нұрлан Қоянбаевтың продюсерлігімен түсірілген «My love is Aisulu» кинолентасы халық назарына ілігіп, көрерменнің ыстық ықыласына ие болды.

Қанағат Мұстафин

http://news.allinfo.kz/

Қазақстандық режиссерлер ішіндегі таңдаулы киногер Қанағат Мұстафин бүгінгі топтамыздағы жалғыз режиссер. Ол 1984 жылы қаңтардың алтыншы жұлдызында Алматыда туды. 1998-2003 жылдар аралығында баскетболдан Қазақстанның жастар құрама командасының құрамында өнер көрсетті, Иран мен Қырғызстанда өткен халықаралық жарыстарға қатысты. 1999 жылы баскетболдан спорт шеберіне кандидат атағын алды. 2011 жылы Лос-Анджелестегі New York Film Academy режиссерлік курстарында оқып, өз біліктіліктерін жетілдірді. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Кинематографистер одағының мүшесі атнады. 2010 жылы Мұстафиннің дебюттік толықметражды фильмі жарыққа шығып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерді. Картина «Атлант 2011» Халықаралық спорттық Фильмдер кинофестивалінде «Спорт туралы үздік көркем фильм» номинациясының жүлдегері болды, «All Sports Los Angeles Film Festival 2011» Халықаралық спорттық Фильмдер кинофестивалінде «Үздік көркем фильм» номинациясының жүлдегері болды, «2012 қадамдары» халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының жүлдесін қанжығаға байлады. 2016 жылы режиссер Мұстафин коммерциялық ең табысты қазақстандық фильмдердің бірі – «16 қыз» фильмін түсірді. 2018 жылы оның екі бірдей  «Самая красивая»  және «Той любой ценой» фильмдері үлкен экрандардан көрсетілді. Сонымен қатар, Мұстафин бірнеше телесериалдарды түсіреді.

Әлия Телебарисова

 

Актриса Алматы қаласында 1993 жылы 30 сәуірде дүниеге келген. Нью-Йорк киноакадемиясының Лос-Анджелес қаласындағы филиалында, «актерлік шеберлік» мамандығы бойынша білім алды.  Отандық актриса елдегі үздік режиссерлердің бір Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телесериалында өзінің алғашқы рөлін сомдап, дебют алған болатын. 2005 жылы Ташкентте өткен «Кішкентай ханшайым» халықаралық вокалдық байқауында бас жүлдені жеңіп алды. 2006 жылы «Жұлдыз бол» телевизиялық жобасына қатысып, 1-ші орынға ие болды.  Сондай-ақ, Телебарисова 2011 жылы «Алматы аруы» байқауының жеңімпазы атанды. Әлия Телебарисова «Город мечты», «Жаным», «Ағайынды-2», «Жас Ұлан», «Одноклассники», «Жаужүрек мың бала», «Вопреки всему», «Параллельные мира» және «Ұйқысыздық» сынды  кинокартиналарда бой көрсетіп үлгерді. Актрисаның жұлдызын жаққан, халыққа танытқан қазақстандық үлкен картина «Жаужүрек мың бала» кинолентасы болды.

Әсел Сәдуақасова

Әсел Сәдуақасова- қазақстандық актриса, әнші, продюсер. 1985 жылы 31 қаңтарда Қарағанды қаласында дүниеге келген. Фортепиано класы бойынша музыка мектебін бітірді, классика және халық билерімен айналысты. Екі жоғары білімі бар. Журналистика және психология мамандықтары бойынша білім алған. 2002 жылы «Дауыс International» қыздар тобына қабылданып өнер көрсете бастады. Топ құрамында 11 жыл өнер көрсетіп, сонымен қатар «Аяри»лақап атымен жеке әншілікпен айналысты.  2015 жылы актриса өзін бірнеше жобалар мен бағдарламалардың жүргізушісі ретінде сынап көрді. Әселдің айтуынша, әзірге ол әншілік қызмете үзіліс алған. Ол қазір жетекшілік жұмысқа баса ден қоюды, сондай-ақ актерлік және продюсерлік қызметке көбірек көңіл бөлгісі келетінін жеткізген еді.  Актриса қазір Sunny Production продюсерлік орталығын негізіне қалап, дамытып келеді. Әсел «Холостяк», «Жаным – 2», «Саранча», «Астана – любовь моя», «Коктейль для звезды», «Қағаз кеме», «Келинка тоже человек», «5 причин не влюбиться в казаха», «Адель», «Класстастар», «Бой Атбая», «Жена не стена» сынды кинофильмдерде басты рөлді сомдаған. Сонымен қоса, қысқа уақыттың ішінде бұл картиналардың көп бөлігіне продюсерлік еткен Сәдуақасова қазақстандық кино саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерген.

Рано Умарова

Алматылық актриса өзі туралы ақпартпен және жаңалықтармен бөлісе бергенді жөн көрмейді. Бүгінгі күнге дейін Рано Умарова «Ғашық жүрек / Коктейль для звезды», «Ғашық жүрек / Коктейль для звезды 2», «Жаным», «Жаужүрек мың бала», «Келинка Сабина», «Келинка Сабина 2» және тағы да басқа киноленталарға түсіп үлгерген. Актерліктен бөлек, Рано әнші және продюсерлікпен де айналысады.

Әнуар Нұрпейісов

Қазақстандық киногер 1985 жылы наурыз айнының 11 жұлдызында Қарағанды қаласында дүниеге келді. Отандық киногер, блогер әрі шоумен дебютін Ақан Сатаев түсірген «Ағайынды» кинофильмінде алды. Одан соң «Сказ о розовом зайце» картинасында басты рөлді сомдаған ойыны көп көрерменнің көңілінен шықты. Сол кездегі актуалды әрі ерекше фильмдердің біріне айналған бұл фильм Әнуарға ерекше танымалдылық әкелді. Актер «Ағайындылардың» тағы екінші маусымына шақырту алып, картинадағы басты рөлдердің бірін ойнап шықты. 2016 жылы танымал әнші, актриса Аша Матаймен бірге «16 қыз» кинолентасында бой көрсетті. Нұрпейісовтың фильмографиясында тағы бір ерекше картина болып қалатын туынды 2019 жылы түсірілімі өткен «Вернуться с Хан-Тенгри» фильмі болғаны ғажап емес. Себебі, дәл осы жобада Әнуар өзін тек актерлік қырынан ғана емес, сонымен бірге режиссер әрі сценарист ретінде де сынап көрген еді. Деректі фильмнің жеткізгісі келген ең басты меседжі – өз мақсаттарыңның тұтқыны болмау.

Серік Шәріп

Үлкен киноға вайндар түсіру арқылы келген Шәріп 1991 жылды 31 шілдесінде Алматы қаласында туған. Үлкен киноға эпизодтық рөлдерді сомдау арқылы келген. Еліміздегі белді және бірегей режиссерлердің алды саналатын Ақан Сатаевтың түсірген «Районы» фильмінде басты рөлді сомдау бұйырған Шәріп бірден 13 килограмм салмақ түсірген. Шәріп кинодағы мансабын 2013 жылы шыққан «Күн сақшылары» кинофильмінде орын алды. Кейінрек актер «Наурыз», «Той любой ценой», «Инстаграмщица», «Бизнесмены» сынды жобалардан  бой көрсетті. Шәріп ортада көбінесе «Шако» лақап атымен танымал.

Тәуекел Мүсілім

Ел арасында сымбатты күйеу жігіттер қатарында болған белгілі актер Тәуекел Мүсілім Алматы шаһарында қаңтардың 9 күні өмірге келді. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақстан ұлттық техникалық университетін бітірген. «Махаббатым жүрегімде» сериалындағы басты рөлінен кейін белгілі болды. Тәуекел түскен фильмдер: «Папа поневоле», «Я,пышка!», «Свадьба.кз», «Брат или брак», «Қазақ аруы», «В поисках мамы», «Все из-зи мужиков» және  «Любовь. Надежда. Астана» ленталары бар.

Аша Матай

Аша Матай – қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы, әншілік өнер мен кино саласын қатар алып жүрген талантты тележүргізуші. Ол 1988 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келді. Шын есімі Ақбота, бірақ сахналық образ бен имидж үшін Аша Матай лақап атын алған. Аша бала күнінен биге әуес болған. Кішкентей кезінен волейбол және баскетбол спорт түрлерімен айналысқан. Біршама уақыт бойы бокспен де шұғылданып үлгерген. Актриса үлкен теннис бойынша көптеген жеңіске жетті. Ол спорттың бұл бағыты бойынша спорт шебері кандидаты атанған болатын.  Алматы шаһарындағы нөмірі 163 орта мектебінде білім алып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «халықаралық қатынастар» факультетінде бакалавр деңгейін бітіреді. Одан кейін дәл осы білім ордасында «журналистика» мамандығы бойынша магистрлік диссертациясын қорғап шығады. Өнер жолына «Сана» триосында ән айтумен бастайды. Жүрегі шығармашылыққа жақын кішкентай қыз 2010 жылы «Шабыт» байқауында жеңіске жетеді. Ақбота отандық кино әлемде өз дебюттік рөлін «Біржан Сал» кинолентасында Ләйлімнің рөлін cомдаумен бастаған еді. Дәл сол жылы тағы да «Астана- ғашықтар мекені» және «Обратная сторона» атты отандық туындыларға түскен болатын. Аша киноиндустрияда керемет табысқа кенелді. Ол өзін романтикалық драмаларда ғана емес, сонымен бірге комедиялық картиналарда да сынап көрді. Ол ленталардың қатарында «Алдар көсе», «16 қыз» және «Тікелей эфир» атты ситкомдары бар. Аша Матайды «Жаным – 2», «Коктейль для звезды», «Қымызхана», «Өз үйім», «Мой грешный ангел» секілді кинофильмдер мен телесериалдарда көре аласыз.

Баян Алагөзова

Еліміздегі музыкалық үздік продюсерлердің бірі, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызы қазақ кинематографиясында актриса және кино продюсер ретінде танымал.  1974 жылы қаңтар айының тоғызыншы жұлдызында Орал қаласында өмірге келді. Әкесі дыбыс өңдеуші, ал анасы актриса болған.  «Махаббат бекеті» көркем туындысы актриса үшін  үлкен шығармашылық жолға билет болды. Отандық телеарналарда біршама уақыт бойы тележүргізушілікпен айналысқан Баян 2006 жылы өз қыздар тобының негізін қалады. Актриса ретінде карьерасын әріқарай дамытып қана қоймай, кино өндірісінің продюсерлігімен де айналыса бастады. 2010 жылы Баян Есентаеваның Shine Production компаниясы «Коктейль для звезды» фильмін түсіріп, онда өзі басты рөлдердің бірін сомдады. 2011 жылы «Коктейль для звезды 2» деп аталатын осы фильмнің жалғасы түсірілді. Романтикалық комедия көрермен көңілінен шығып, картина прокаттағы кассалық жиыны ауқымды болды. Кейін Алагөзова 2013 жылы тағы бір отандық комедияға продюсерлік етті әрі басты рөлін сомдады. Фильм «Осторожно, корова!» деп аталды. 2016 жылы отандық киноиндустрия тағы бір комедиялық жанрдағы кинолентаға толықты. Асқар Узабаев режиссерлік еткен «Гламур для дур» картинасына продюсерлік етті. Продюсер тек кинофильмдер ғана емес, телехикаяларға да қолдау көрсетіп, отандық сериалдар деңгейін көтеріп келеді. Алагөзова түсірген телесериалдар қатарында «Ғашық жүрек», «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» сынды туындылар бар. Актриса продюсерлік еткен жаңа картиналар қатарында «Станция любви» және «Сиситай» фильмдерін айтуға болады. Сондай-ақ, жақында ғана түсірілімдері аяқталған «Күшік күйеу» картинасында да Баян Алагөзова басты рөлдердің бірін сомдаған болатын. Туынды алдағы уақытта көрермен назарына ұсынылатын болмақ.

Санжар Мадиев

1986 жылы 4 тамызда Алматы қаласында  дүниеге келген. Актер мектептегі вокал тобында ән шырқады, брейк-дэнспен, қол күресімен, үлкен тенниспен, жүзумен және баскетболмен айналысты.  Халықаралық Лингвистикалық Гимназияны, Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген. Қазақ ұлттық өнер академиясында "Театр режиссері" мамандығы бойынша және New York Film Academy-де (Лос-Анджелес, Калифорния) «Film Making» мамандығы бойынша білім алды.  Санжар Мадиді «Город мечты», «Обратная сторона», «Сказ о розовом зайце», «Елки -2», «Жүрегім менің Астана», «Книга легенд. Таинственный лес.», «Ход конем», «Охота за призраками», «Аманат», «Дорога домой», «Защитники», «Бизннесмены», «Жених на пять дней», «Алтын Орда», «Жених на пять дней», «Большая маленькая жизнь» фильмдерінде байқай аласыздар.

Сергей Погосян

Көптеген жанрдағы кинофильмдерге түсіп жүретін Сергей Погосян 1972 жылы 20 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Алматы ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетін, кейін Қазақ Мемлекеттік өнер академиясын (Қазмаи) бітірген. Темірген Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр және кино актері» мамандығы бойынша білім алған. М. Ю. Лермонтов атындағы  орыс академиялық драма театрында жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреатын «Большая маленькая жизнь», «Чистор московские убийсства», «Дипломат», «Дама треф», «Хорошая жена», «Хранитель пути», «Перекрестов», «Линия огня», «Следствие любви», «Мамочки» және басқа да кинофильмдерге түскен.

Бибігүл Ақтаң

Қазақстандық кино саласындағы жарқын жұлдыздардың бірі, ресейлік кинематографияны бағындырған актриса Бибігүл Ақтаң.  Актриса 1991 жылдың 4 шілде күні продюсер Ақтаң Сүйіншалиннің отбасында дүниеге келген. Актриса болуды армандаған актриса өнер жолына кездейсоқ келген. Балалық шағында ол өнер студияларында білім алды. Актрисаның толық аты-жөні Бибігүл Ақтаң Сүйіншалина, бірақ кинода Сүйіншалина тегінің орнына әкесінің Ақтанның атын алуды шешкен. Британ колледжін аяқтаған соң, Marketing Communications дипломына ие болды. Бибігүлге небәрі 9 ай болғанда, ол жанұясымен бірге Ресей еліне көшіп кетеді. Мәскеуде өзінің модельдік жолын бастады. Әртүрлі жарнамалық роликтер мен фотосессияларға қатысты.

2006 жылы Сингапурда, содан кейін Таиландта модель болып жұмыс істейді. 5 айдан кейін ол Мәскеуге қайта оралып, әйгілі «Громовы»  телехикаясының жалғасы ретінде түсірілетін «Громовы. Дом надежды» кинолентасына  басты кейіпкерлердің бірінің рөліне шақыртылады. Картинаның сценарий авторы режиссер Бақыт Килибаев. Ол кезде Бибігүл небәрі 15 жаста болған.  2007 жылы актрисаға режиссер Олег Фесенконың түсірген «Красный лед. Сага о хантах» атты туындысында басты рөлді сомдау бұйырды. Ал араға екі жыл салып 2009 жылы бірден үш фильмге шақырту алып, үш бірдей картинада басты рөлдерді сомдайды. Олардың қатарында «Трубадур», «Астана – махаббатым менің» және «Виртуальная любвь» киноленталары бар. Актрисаның кино карьерасы өте табысты болды. Оның қоржынында жиырмаға жуық фильмдер мен телехикаялар бар, олар: «Гейзер», «Он и она», «Ничего личного», «Последний лепесток», «Старшая жена», «Параллельные миры», «Выжить после», «Қаракөз» және «Невеста комдива» секілді туындылар бар.

Гульнар Сильбаева

Киноактриса және КВН ойындарының ойыншысы Гүлнар Сильбаева сұлулық пен ақыл, әзіл мен даналықты үйлестірген заманауи қыздың үлгісі екені рас. Актриса 1986 жылы 22 қыркүйекте Орал қаласында өмірге келді. Бала күнінен өте белсенді болып өскен Гүлнарды анасы қаладағы театралдық оқу орнына береді. 16 жасында актриса үш бірдей бағыт бойынша білім алып шығады. Театралды, хореографиялы және вокалдық бөлімдерінде білім алған Гүлнар өнер жолын әріқарай жалғастыруды шешеді. Отандық комедиялық сериалдарда кішігірім рөлдерден бастаған Гүлнар КВН ойындарында толағай табыстарға жетті. «Спарта» КВН тобы Қазақстан намысын қорғап, жоғарғы лигада жеңіске жетті. Актриса үшін кино салада үлкен және алғашқы ауқымды жоба ретінде «Базарбаевтар» телесериалы болды. Сериал продюсері «Казахи» КВН командасының мүшесі Нұрлан Қоянбаев болды. Туынды 2012-2013 жылдар аралығында көрермен назарына ұсынылды. Кейіннен актриса 2012 жылы түсірілген «Одноклассники» және «25 километр» секілді киноленталарда бой көрсетті. Осылайша, Сильбаеваның кинодағы мансабы жалғасты. Актрисаны «Гейзер», «Молоко, сметана, творог», «Гламур для дур» және  «По любви» сияқты фильмдерде тамашалай аласыздар.

Даут Шайхисламов

Даут Шайхисламов қазақстандық танымал телевизиялық продюсер және актер. КВН ойындарының жұлдызы болған Даут уақыт өте телевизиялық жобалар мен картиналар өндірісіне жауапты әрі телеөнім продюсері атанып кетті. Даут продюсерлеген «Аташка на хайпе» кинолентасы небәрі екі апталық прокатта 165 миддион тенге жинаған еді. Сондай- ақ, актер «Гудбай, мой бай», «Гудбай, мой бай – 2», «Женатики» секілді киножобалар мен «Құдалар», «Городские легенды» сынды телехикаяларға авторлық еткен.

Динара Бақтыбаева

Еліміздегі көрерменнің сүйікті актрисаларының бірі, «Үздік актриса» номинациясының иегері Динара Бақтыбаева кино әлемі туралы армандамаған. Кішкентай ғана Жаңаөзен қаласында дүниеге келген актрисаның қоржыныда жиырмаға жуық кинотуындылар бар. Динараның небәрі үш жасында отбасы Атырау қаласына көшеді. Кішкентай кезінде актриса өте сыпайы әрі қалыпты бала болып өскен.  Алматы шаһарында орналасқан энергетика және байланыс жоғары оқу орнында «электроника және телекоммуникация» факультетінде білім алады. Динара алғаш рет 2013 жылы түсірілген «Он и она» романтикалық фильмінде актриса ретінде басты рөлді сомдайды. Бұл бойжеткен үшін үлкен кәсіби жоба және ауқымды туынды болып саналды. Себебі, дәл актерлік қырынан танылуына мүмкіндік берген бұл картина Динара үшін шын мәнінде отандық киноиндустрияға жолдама болғаны рас. Түсірілім алаңында актерлік сабақтарын алып жүрген Динара үшін «Он и она» лентасы актрисаның өмірін түбегейлі өзгерткен туынды болды.  Динара Бақтыбаевва бой көрсеткен фильмдер қатарында: «Бой Атбай», «Каникулы офф-лайн 2», «Құдалар», «Черный, черный человек», «Лаасковое безразличие мира», «Оралман из питера», «Унесенные рейсом», «Супер Той», «Золушка Зауре»,  «Адалиты», «Три лимона», «Нархоз» және тағы басқа киноленталар бар.

Кәмшат Жолдыбаева

Кәмшат Жолдыбаева 1988 жылы 28 қаңтарда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Өмірін ағылшын тілі және мұғалімділікпен байланыстырғысы келген бойжеткен «Коктейль для звезды» картинасының кастингіне келіп, эстрадалық жолды таңдайды. Көп уақыт бойы отандық продюсер Баян Алагөзованың продюсерлігімен КешYou қыздар құрамында өнер көрсетті. Актрисалық өнерді де қатар алып жүрген Жолдыбаева «Парыз», «Біржан сал», «Тараз», «Өгей жүрек», «Сүйе білсең», «Сиситай», «Қарлығаш ұя салғанда» және «Умри ии вспомни» кинофильмдеріне түсіп үлгерген. Кәмшат Жолдыбаева қазіргі таңда өзінің жеке шығармашылығымен айналысып, өнер жолында дамуына ден қойып келе жатыр.

Қарлығаш Мұхамеджанова

Елге белгілі актриса Қарлығаш Мұхамеджанова 1983 жылы шілде айының 22 жұлдызында Қарағанды қаласында өмірге келген. Әкесі танымал компахитор Төлеген Мұхамеджанов, ал аяулы анасы халықтың сүйікті әртісі, опера жұлдызы, талантты әнші Нұржамал Үсенбаева. Мамандығы бойынша заңгер Қарлығаш ата-анасының жолын қуып өнерден алыс кете алмады. Бостонда ағылшын тілін меңгеріп, Америка Құрама Штатында магистрлік деңгейін алды. Кино саласындағы дебютін 2009 жылы түсірілген «Лавэ» фильмінен бастады. «Көбелек», «Лафэ»», «Сказ о розовом зайце», «Махаббат тәлкегі», «Серпіліс», «Жоюшы», «Сердце мое – Астана», «Весь мир у наших ног», «Аманат», «Келинка Сабина 2» сынды кинофильмдерде Қарлығаш Мұхамеджанованы байқай аласыздар.

Максим Акбаров

Максим Акбаров комедиялық, мелодрамалық және экшн фильмдердегі рөлімен танымал. Небәрі 13 жасынан бастап Максим брейк-данс балалар шығармашылығы үйінде сабақ бере бастады.  Жергілікті КВН командасының капитаны болды. Жасөспірімдер арасында ұйымдастырылатын түрлі ауқымдағы іс-шаралардың жүргізушісі болып жұмыс істеді. Содан кейін ол диджей лауазымына көтеріліп, "ОбаМа" музыкалық тобын құрап, өзі де сол топта солист ретінде өнер көрсетіп жүрді. Кейін актер өзін режиссурада сынап көруді көздеп, жарнамалар мен музыкалық видеороликтер түсіреді. Бала күнінен позитивке әрі шығармашылыққа жақын бала болып өсті. Актерлік дебютін 2009 жылы «Обратная сторона» кинолентасында алды. Кейіннен актер біршама ірі жобалардан бой көрсетіп үлгереді. Олардың қатарында: «Сказ о розовом зайце», «999», «Инопланетяне ни при чем», «Той любой ценой» және тағы да басқа киножобалар бар.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы