Размер шрифта:

Цветовая схема:

15 қазан, 202033

«Черный, черный человек» картинасы Францияда кең прокатқа шықты

Отандық режиссер Әділхан Ержановтың «Черный, черный человек» фильмі 14 қазаннан бастан франциялық прокатқа шықты. Қазақстандық картина елдің барлық ірі қалаларының 60 кинотеатрында көрсетіледі. Оның тек 9-ы Франция астанасы Парижде орналасқан.

«Черный, черный человек» Ержановтың француздық көрермендер үлкен экран арқылы тамашалаған екінші картинасы. Осыған дейін 2018 жылы француздық прокатта оның «Ласковое безразличие мира» кинолентасы көрсетілген еді. Бұл фильм2019 жылы осы елде dvd-ге де шығарылған болатын. Екі фильмнің де релизімен Arizona Distribution француз компаниясы айналысты.  Франция елінің көрермендері отандық режиссердің фильмдеріне ерекше тәнті. Ержанов Канн Халықаралық кинофестивалінің ресми бағдарламасына екі мәрте қатысқан еді. Режиссердің картиналары бұдан бөлек, басқа да француз фестивальдерінде талай рет бақ сынаған.

«Қазақстандық киноның Еуропада прокатқа шығуы, әрине, қуантарлық жағдай. Менің ойымша, бұл бүкіл команданың және фильмге қатысқан барлық азаматтардың жетістігі. Баршаларыңызды шын жүректен құттықтаймын!», - деді Әділхан Ержанов.

«Черный, черный человек» картинасы қазақстандық Arizona Productions (Франция) және Short Brothers (Казахстан) компанияларының қатысуымен Astana Film Fund компаниясы түсірген. Фильм бас продюссерлері – Ақан Сатаев пен Ернар Құрмашевтер. Бұл драмалық триллердің әлемдік премьерасы өткен жылдың қыркүйегінде Испанияда өтті. Картина «А» класстақа кіретін әлемдегі көне кинофестивальдер қатарындағы Sebastian International Film Festival фестивальдің 67-ші салтанатының негізгі байқау бағдарламасында көрсетілді, ал 2019 жылы Әділхан Ержанов осы фильмдегі еңбегі үшін «Asia Pacific Screen Awards -2019» сыйлығында «Үздік режиссер» аталымында жеңіске жетті. Ол осы номинация бойынша жүлдеге ие болған алғашқы қазақстандық режиссер болды.

Айта кетейік, «Черный, черный человек» фильмі 2018 жылы Алматы кинофестивалінің жобалар питчингінің жеңімпазы атанған. Ал биылғы жылдың қысында картина қазақстандық прокатқа шықты.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  режиссердің баспасөз қызметі ұсынды

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы