Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 тамыз, 202058

“Dala Cinema” студиясы жаңа жобаның түсірілімін бастады

     Алматы қаласында “Dala Cinema” студиясының ұжымы жаңа хикаяның түсірілімдеріне кірісті. 

“Сен жалғыз емессің” деп аталатын картинаның қоюшы режиссері ретінде Алмас Фазыл еңбек ететін болады. Бұған дейін Алмас Фазыл “Хабар” телеарнасындағы “Аға” отандық телесериалына режиссерлік еткен еді. Жобаның шығармашылық тобына назар аударар болсақ, операторлық жұмыстарға жауапты қоюшы оператор Дамира Самадова болса, сценарий авторы Ертас Жақыпбай. Жобаға белгілі актер әрі тележүргізуші Жалын Тілеуберген продюсерлік етеді. Жалын бұған дейін көпке белгілі болған “Қазақстан” ұлттық телеарнасынан көрсетілген әскери өмір туралы түсірілген “Көк тарландары” телехикаясында басты рөлді сомдаған болатын. Хикаядағы басты рөлдердің бірін танымал вайнер, белгілі актер Шәріп Серік сомдайды. Шәріп Серік отандық белді картиналарда жиі бой көрсетеді. Актер бұған дейін “Дети солнца”, “Тренинг личностного роста”, “Бизнесмены / Кәсіпкерлер”, “Наурыз / “Nauryz.kz”, “Районы”, “Қара шаңырақ”, “Инстаграмщица”, “Мозготрясы” және “Хранители Солнца” кинофильмдерінде басты және қосалқы рөлдерді сомдаған. Сондай-ақ, біршама телевизиялық және медиа жобаларда белді қатысушы және жүргізушілік қызметпен айналысады. Серіктен бөлек “Сен жалғыз емессің” жобасында жас актриса Индира Меңдібаева, Исбек Әбілмәжінов және Төлеубек Аралбай сынды дарынды актерлер де бой көрсетеді. Олардың қатарында Рүстем Жаныаманов та бар. Ол бүгінгі таңда қазақстандық киногерлер арасында сұранысқа кеңінен ие болып келе жатқан талантты актер. Бүгінгі таңға дейін актер “Жаным, ты не поверишь!”, “Класстастар” және “Где мое кольцо?” сынды картиналарда өзіне берілген рөлдерін керемет сомдап шыққан болатын. 

      “Сен жалғыз емессің” картинасы отандық телеарналардың бірі 7 арнада көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр. Алайда, дәл қай уақытта көрсетілетіні белгісіз. 

 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @Dalacinema

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы