Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 мамыр, 2021317

Данияр Алшинов АҚШ-та «Үздік актер» атанды

Әділхан Ержановтың «Бой Атбая» (тікелей қазақша «Атбай жекпе-жегі»)  фильмі «Үздік фильм» номинациясы бойынша Maverick Movie Awards фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды. Ал фильмдегі басты рөлде ойнаған Данияр Алшынов «Үздік актер» номинациясын иеленді.

Maverick киносыйлығы Америка Құрама Штаттарында 2004 жылдан бері өткізіліп келеді, оны «Оскар» киноакадемиясы тағайындаған. Ә. Ержановтың картинасы жоғарыда атап өткен жетістіктермен бірге, «Үздік қосалқы актер» (Санжар Мадиев) және «Үздік қосалқы актриса» (Динара Бақтыбаева), «Үздік оператор» (Еркінбек Птралиев), «Үздік дыбыс режиссері» (Сергей Шегай) және «Үздік режиссер» (Әділхан Ержанов) номинацияларына ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, Short Brothers және Arizona Productions компанияларының қатысуымен Sunny Production компаниясы түсірген фильмнің әлемдік премьерасы 2019 жылы 35-ші Варшава халықаралық кинофестивалінің басты конкурстық бағдарламасында өтті. Фильмнің бас продюсері Әсел Садуақасова және ол өзі фильмде басты рөлдердің бірін сомдаған. Фильмнің халықаралық жарнамасы бойынша продюсері - Ольга Хлащева, ал  атқарушы продюсер - Серік Әбішев, олар екеуі де Ә.  Ержановпен бұрыннан бері қызметтес болып келеді. Сценарийді Әділхан Ержановтың өзі және Инна Смайылова жазған. Фильмнің операторы Еркінбек Пітірәлиев болды, ол бұрын Ә. Ержановпен «Хозяева» (тікелей аударма - «Қожайындар») фильмінде де бірге жұмыс істеген. Онымен бірге оның барлық фильмдерінде жұмыс істеген режиссердің тағы бір тұрақты серіктесі Ермек Өтегенов қойылым дизайнері болды. Фильмнің музыкасын композитор Сергей Шегай жазған.
Фильм аралас жекпе-жектен турнирге қатысуға бел буған көше бұзақысы Атбайдың (актер Данияр Алшынов) оқиғасын баяндайды. Ол қатыспақ болған турнирде жеңімпаздар алдын-ала анықталып қойған. Бірақ, Атбай қалайда жеңіске жетуге бел буады, өйткені ол үшін бұл жеңіс жаңа өмір бастауға, үлкен спортқа оралуға және өзінің сүйікті әйелі Аидаға (Динара Бақтыбаева) оралуға мүмкіндік береді. Атбайдың рингтегі басты қарсыласы, әйгілі күрескер Рафаэльдің рөлін актер Санжар Мәди ойнады. Ал Әсел Садуақасова Рафаэльдің продюсері  Алияның образын сомдаған. 

Өткен жылы фильм Барселонада өткен Around International Film Festival-де көрермендер симпатиясына ие болды, сондай-ақ, Якутск кинофестивалінде Гран-при иегері атанды. Данияр Алшинов Нью-Йорктегі IMDB халықаралық байқауында аталған туындыдағы рөлі үшін «Ең үздік драмалық актер» номинациясымен марапатталды.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы