Размер шрифта:

Цветовая схема:

17 маусым, 2021370

Дәулет Әбдіғапаровтың фильмографиясы

Қазақ кино өнеріндегі айтулы орны мен дәрежесі бар киноактерлер қатарында Дәулет Әбдіғапаров та бар. Актер отандық кинофильмдер мен телесериалдарда ғана емес, сонымен қатар шетелдік картиналарда да жиі бой көрсетеді. Киноактердің өмірлік жолы да қызықты деректерге толы. Осы орайды арнайы сіздер үшін актердің өмір тарихы мен фильмографиясы жайында сөз қозғағалы отырмыз.

Дәулет Әбдіхалықұлы Әбдіғапаров – қазақстандық және орыс фильмдерінің киноактері. Ол 1972 жылы наурыз айының жиырма жетінші жұлдызында Жамбыл облысының Жамбыл ауданында орналасқан Амангелді ауылында дүниеге келген. Жамбылда орналасқан кәсіби техникалық училищеде автокрановщик мамандығы бойынша білім алған. Үш жыл бойына «Римпа» деп аталатын театр – студиясына қатынаған. Әртүрлі салаларда өзін сынап көрген. Актер тіпті әскерилендірілген автобазада Камаз жүргізушісі болып жұмыс істеген. Сонымен қатар, Алматы қаласында орналасқан фирманың күзет қызметінде қызмет атқаран. Заңгер мамандығын сырттай оқып бітірген көрінеді. Араға біраз уақыт салып, Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер институтына оқуға түсіп тәмімдаған. Ғәбит Мүсірепов атындағы жас көрермен театры жұмыс істеп, тәжірибе жинаған.

Дәулет Әбдіғапаров тек кино өнерінде ғана емес, сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерді де дыбыстау өнерін де бірге алып жүр. Актер 2011 жылы әлемдік Disney/Pixar компаниясы өндірген «Тачки 2» мультфильмін қазақ тілінде дыбыстауға қатысты. Мультфильмнің басты кейіпкерлердің бестігінің дыбысталуы Лос-Анджелесте өтіп, дыбыс актерлері сол қалада бекітілген болатын. Кино карьерасында көптеген киноленталар мен  телесериалдар бар. Олардың қатарында отандық жобалардан басқа, шетелдік және ресейлік туындылар да жеткілікті. Дәулет Әбдіғапаров өз көрермендірін «Орда» фильмінен кейін таба бастады. Актерге танымалдылық дәл осы картинадағы сомдаған рөлінен кейін ғана келген болатын. Оның фильмографиясы 1998 жылы «Сиқырлы демеуші» фильміндегі эпизодтық рөлден басталды. Содан кейін актердің  шығармашылық өмірбаянында көп рөлдер мен ұсыныстар болған жоқ. 2005 жылы ол «Көшпенділер»  кинофильмінде бой көрсетіп, Галдан Цэрэннің жанында рөл сомдады. Фильмді түсіріп, жарыққа шығаруға қазақ-француз түсірілім бригадасы еңбек еткен болатын. Ендеше, актер рөл сомдаған отандық киноленталарға шолу жасап өтейік.

«Волшебный спонсор»

Кинолентаның сюжетінің баяндауы бойынша, картина интернет тұрғындары Ербол мен Витька есімді ұлдардың тағдыры жайлы баяндайды. Олардың өмірі әртүрлі қиындықтар мен сынақтарға толы. Бірақ кішкентай балғындардың өмірінде бір қызықты жағдай орын алады. Сиқыр мен магияға тап болған ұлдар бұл құбылысты ерекше қабылдайды. Кәдімгі қарапайым шүберек қуыршақ тірі балаға айналады. Оның есімі Апиток. Балаларға Апиток көптеген қиын жағдайларда көмектеседі. Балаларға кез-келген қатені түзетуге көмектесуге дайын нағыз балаға айналады. Алайда, көп ұзамай сиқырлы Апитоктың бар екендігі туралы басқалар біліп қояды...

«Волшебный спонсор» кинофильмі 1998 жылы Қазақстанда жарық көрген тамаша фэнтези жанрындағы кинолентасы. Бір қызығы, фильмнің балама атауы бар, ол «Сиқыршы қуыршақтары» деп аталады. Тәуекелге бел буып, Қазақстан үшін үйреншікті емес жанрды түсірген режиссер Ася Сүлеева болды. Режиссер өз кәсібінде «Мой зеленый дом на холмах» және «Меч победы» тағы басқа киноленталарының сценаристі болып үлгерген.

Ертегі әлеміндегідей сиқырға толы сценарийді Серік Райбаев жазған болатын. Ол сонымен қатар «Три дня праздника», «Бросок», немесе «всё началось в субботу» және «Дождь» сынды жобаларда жұмыс істеген талантты режиссер. Актерлік құрам негізінен жас киноактерлер мен актрисалардан құралғандықтан, кинода бой көрсеткен көпшілік актерлер үшін бұл туынды дебюттік картина болғаны анық. Бірақ танымал актриса Райхан Айтқожанова үшін аталған кинолентада рөл сомдау тапсырмасы қиындық тудырмағаны құпия болмаса керек. Оның ең жақсы фильмдері ретінде «Иттер», «Қызғылт қоян туралы ертегі» және «Жабайы дала» секілді картиналарды айтуға болады. Рөлдерді сомдағандар қатарында: Райхан Айтқожанова, Петр Жмутский, Фархат Ибрагимов, Асқар Ахметов, Дінмұхаммед Ахимов, Арман Асенов, Байтен Омаров, Фархад Әбдірайымов, Арман Асенов және басқалары.

«Көшпенділер»

2005 жылы түсірілген кинолента қазақ халқының тарихы мен тарихи оқиғаларына негізделген картина. Фильмнің негізіне XVIII ғасырда қазақ жерінде орын алған әртүрлі оқиғалар мен драмалық жағдайлар алынған. Солардың бірі, қазақтар мен жоңғарлар басқыншылары арасындағы қарсы азаттық соғысы алынды.

Фильмнің кейіпкерлері ретінде тарихи тұлғалар нақтыланған. Олардың қатарында: Әбілқайыр хан, Абылай хан, Төле би, жоңғар басшысы Алтын Церен де бар. Фильмнің ең басты кейіпкері – Абылай хан атанған Мансұр батыр болады. Мансұр нағыз халық қолбасшысының барлық сынақтарына төтеп береді. Жауынгер Гаухар есімді бойжеткен аруға ғашық болады. Оның қызға деген махаббатының сәтті жазылған лирикалық желісі арқасында тартымды жеке ерекшеліктерін жоғалтпайды.

Қазақстанның кино өнеріндегі ерекше картинаны түсірген рижиссерлер: Талғат Теменов, Сергей Бодров және Иван Пассер. Сценарий авторы - Рустам Ибрагимбеков. Операторларлық жұмыстарды атқарған: Уэли Стейгер және  Дан Лаустсен. Кинолентадағы дыбыстар мен әуендерге жауап берген композиторы -  Карло Силиотто. Продюсерллер ішінде: Серік Жұбандықов, Рам Бергман, Милош Форман, Павел Дувидзон, Дэвид Помьер және Рустам Ибрагимбеков бар. Актерлер қатарында: Жанас Ысқақов, Аян Есмағамбетова, Алмахан Кенжебекова, Құман Тастанбеков, Сәбит Оразбаев, Әшір Шоқыбаев, Ерғали Оразымбетов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Джейсон Скотт Ли, Арчи Као, Джей Эрнандес, Куно Беккер, Рон Янг, Марк Дакаскос, Дилназ Ахмадиева, Алдабек Шалбаев, Байғали Есеналиев, Досхан Жолжақсынов, Ерік Жолжақсынов, Асылболат Ысмағұлов, Линда Нығматулина, Дохдурбек Қыдыралиев, Темірхан Тұрсынғалиев, Азиз Бейшеналиев, Эдуард Пак, Байкенже Белбаев, Қымбат Тілеуова, Байтен Омаров және басқалары.

«Шу-чу»

«Шу-шу» кинофильмі балалардың өмір салты, олардың түсініктері, Алғашқы махаббат, берік достық, түсініспеушіліктер және қауіпті оқиғалар туралы айтады. Фильм желісі бойынша, төрт алматылық достардың тәуекелге бел байлап Шу алқабына саяхатты жоспарлағанын байқауға болады. Киноның режиссерлері және сценарий авторлары: Арсен Килібаев және Жантемір Баймұхамедов. Продюсерлік еткендер қатарында:  Арсен Килібаев және Жантемір Баймұхамедов. Монтажын жасағандар: Михаил Аранышев, Василии Литовски және Андреи Орловски. Әлемдік тұсау кесері 2011 жылдың қазан айының алтыншы жұлдызында өткен болатын. Ал басты рөлдерді: Дәулет Әбдіғапаров, Ілияс Қасенбаев, Жантемір Баймухамбетов, Айдар Мұхаметжан, Асхат Тоқбулатов, Александр Горбулин және басқалары.

«Человек – ветер»

Өз алдына қалып қойған бір кішкентай ауыл тұрғындарының бұл қарапайым күні болатын. Ауа-райы бұзылып, бұлттар жамып, нөсер жаңбыр болады. Найзағай да орын алған кезінде ауыл маңайына аспаннан белігісіз нәрсе қонады. Ауыл тұрғындары бұл құпия нәрседен үрейленіп өлтірмек болады. Алайда ауыл тұрғындары қанаты бар тіршілік иесіне үйреншіктеп алғаннан кейін оны өлтіруге қимайды. Осылайша, уақыт зымырап өте береді. Бұл уақыт ішінде аспанның құпия тіршілігімен жалғыз ғана кішкентай бала достасқысы келеді. Бір кезде кішкентай баланың өміріне қауіп төнеді. Оны өлімнен құтқарып қалмақ болған қанаты бар аспан тұрғыны қайтыс болады. Бірақ балақай енді өзінің досы қанатты адамның қайта оралмайтынына сенбейді. Балақай тездетіп өзінің қаттары пайда болып тезірек аспанға ұшып кетуді армандайды. Қуат Ахметов режиссерлігімен түсірілген кинокартинаның сценарий желісін режиссерден бөлек тағыда Одельша Агишев жазған көрінеді. Продюсерлік еткендер: Рауф Атамалибеков, Арман Асенов және Станислав Ершов. Фильмдегі басты кейіпкерлердің рөлін сомдаған актерлер: Аянат Есмағамбетова, Ерболат Оспанқұлов, Қуандық Қыстықбаев, Фархад Әбдірайымов, Игорь Ясулович, Фархад Абдуллаев, Дәулет Әбдіғапаров, Әнуар Мақзұмов, Ержан Түсіпов және Гүлнар Дусматова.

«Бақсы»

Аталған фильмнің режиссері Гүлшат Омарова Голландия елінде көп уақыт бойы өмір сүріп келеді. Ол осы уақыт ішінде біршама киноленталарына отандық картиналарға таңсық емес колоритті дүниелер мен ерекше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты туындыны өмірге әкелген. Сол жобалардың бірі ретінде режиссер түсірген «Бақсы» деп аталатын фильмін айтуға болады. Киноның басты кейіпкері Айдай. Картинада этникалық шындық пен жомарттық сахналары көптеп кездеседі.  Еркін қазақ даласының ішінде бір жергілікті жерде тағы бір жанармай құю бекетін салу керек болады, дәл осы жерде қаншама жылдар бойы қатал, бірақ парасатты бақсы Айдан өмір сүріп келе жатыр. Емші туралы естіген халық өздерінің әртүрлі қайғыларына ем табуға, руханы жан дүниесін емдеуге келеді. Қарт бақсының бойындағы күштері таусылмайды. Бірақ аталған жер жаңа бизнес ашуға келмегендіктен, бақсы Айдаймен бір мәмілеге келуге тырысады. Дегенмен бақсы өз айтқанынан қайтпақ емес. Оқиға енді қалай жалғасын табатын болады?

«Бақсы» кинолентасында бой көрсеткен актерлер тізімінде: Нұрлан Әлімжанов, Несіпгүл Омарбекова, Фархад Аманқұлов, Тоқтар Бексенов, Әсел Абутова, Олжас Нусупбаев,  Дәулет Әбдіғапаров, Төлепберген Байсақалов, Саят Мерекенов, Азамат Сатыбалды, Алмат Аянов бар. Сергей Сельянов, Сергей Бодров, Наташа девиллерс, Сергей Азимов және Авел Попов продюсерлік еткен болатын. Операторы – Рафик Галеев, ал қоюшы суретшісі – Алмагүл Менлибаева. Сценарий авторлары:  Сергей Бодров пен Гүлшат Омарова. Монтажын жасаған – Даша Данилова.

«Кайрат- чеспион. Девственник №1»

Киноның басты кейіпкері олигарх әке. Ол өзінің ұрпағы әріқарай жалғасқанын қалап арнайы қызықты бір конкурс ұйымдастырады. Ол байқаудың жеңімпазы олигар әкеден екі миллион АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай қаржыны иемденіп, бай әке-шешеге немере сыйлауы қажет болады. Бірақ уәде етілген байлыққа апаратын жол жеңіл болмайды. Байқауда жеңіске жеткен алматылық бірінші курс студенті Қайрат ең алдымен өзінің ұялшақ қасиетін жеңіу тиіс. Сонымен қатар, шетелдік университетте білім алған сол уақытта өзінің жыныстық ориентациясын өзгерткен қыздың көңілін табуы қажет.Мұндай қиын миссияны жоғары дәрежеде орындау Қайраттың қолынан келеді ме?

Кинотуындыны экрандаған режиссерлер: Денис Куклин және Лев Мариупольский. Сценарий авторы - Денис Куклин. Продюсері - Арман Шораев. Операторлық қызметті атқарған - Дмитрий Карабецкий.

Отандық туындыда бой көрсеткендер: Линда Нигматулина, Нұртас Адамбай, Тұрар Дәуілбеков, Дәулет Әбдіғапаров, Сергей Погосян, Реджина Искандарова, Анастасия Федорова, Дмитрий Скирта, Бахтияр Қожа, Александр Морозов, Нағима Есқалиева және басқа да актерлер бар.

«Трубадур»

Оқиғаның басты кейіпкері – Төлеш. Ол романтик, табиғат аясын, әсем әуен мен күйді, жалпы өмірдңі қатты жақсы көреді. Алайда оның айналасындағы адамдар, туыстары мен бауырлары, достары мен жақындары оның ешқашан түсінген емес. Ол әйгілі Мәскеу диджейінің қолтаңбасын алмақ болады. Осылайша,  өзінің арманын жүзеге асыруды шешеді. Алайда миллиондаған халқы бар үлкен мегаполиста ондай танымал музыкантты жолықтыру қиындыққа соғады. Толеш-романтикалық! Ол музыканы, табиғатты жақсы көреді және жалпы өмірді жақсы көреді! Алайда оны ешкім түсінбейді. Ол өзінің арманын жүзеге асыруды шешеді – әйгілі Мәскеу диджейінің қолтаңбасын алады. Алайда, миллиондаған долларлық қалада тіпті танымал музыкантты табу оңай емес. Мегаполистегі көп ізденістер мен оқиғалардан кейін Төлеш өзін бұрынғыға қарағанда жақсы түсіне бастайды. Ал оның кумирымен жүздесуі ерекше сәтке айналады. Бірақ бұл кездесу тек Төлеш үшін ғана емес оның кумиры үшін де естеқаларлықтай болады.

Фильмнің режиссері  әрі сценарилік мазмұнының авторы - Эля Гильман. Ал продюсерлері:  Александр Гильман және Ермек Аманшаев. Операторы - Ольга Свиридова. Композиторлық қызметте - Марина Макарова. Қоюшы суретшісі - Эльдар Шибанов. Картинаның әлемдік премьерасы 2010 жылының желтоқсан айының жиырма үшінші жұлдызында өткен болатын. Кинофильмдегі басты рөлдерде бой көрсеткендер: Камиль Ларин, Төлепберген Байсақалов, Турахан Садыкова, Алексей Кортнев, Владимир Толоконников, Бибігүл Сүйіншалина, Александр Демидов, Даулет Абдыгапаров, Нонна Гришаева, Нұрлан Қоянбаев және басқалары.

«Орда»

Орда - бұл сөз ғасырлар бойы көптеген елдер мен халықтар үшін қанды рейдтер мен қорлауды білдірді. Өз заңдары мен әдет-ғұрыптары бар біртүрлі және қорқынышты әлем болды. XIV ғасырдың ортасында Орданың билігі Еуразияның көп бөлігіне таралады. Шығыс көршісіне және Мәскеу княздігіне құрмет көрсетеді. Ханша Тайдулу ауыр аурумен күрескен кезде, оған бірде-бір емші көмектесе алмайды. Содан кейін митрополит Алексийдің "Мәскеу сиқыршысы" Ордаға шақырылады. Бүкіл Князьдіктің тағдыры қауіпті кезеңнең өтті. Алайда Алексийдің өзі Ордаға сапарының не болатынын білмейді. Режиссері - Андрей Прошкин. Сценарий авторы - Юрий Арабов. Продюсерлері: Наталья Гостюшина, Сергей Кравец және Алексей Карпушин. Операторы - Юрий Райский. Композиторы - Алексей Айги. Қоюшы суретшілері - Наталья Иванова, Сергей Ақпанлев және Людмила Илюткина. Монтаждаған - Сергей Кучеренко. Актерлер: Виталий Хаев, Роза Хайруллина, Федот Львов, Иннокентий Дакаяров, Алексей Шевченков, Александр Яценко, Алексей Егоров, Моге Ооржак, Максим Суханов және Андрей Панин.

«Два пистолета. Неуловимый бриллиант»

Қорқақ полиция қызметкері Артем Кузнецов ұрлық жасап, тонайтын, қылмыс жасап, сол дүинелерді камераға түсіріп, желіге салатын қатыгез Бриллиант маньякты тоқтатуға тырысады. Қорқыныш Артемнің жұмыс істеуіне кедергіін келтіреді, бірақ оған мұнымен күресуге махаббат, алкоголь көмектеседі. Оқтар атылып, өзенге қан құйылады, міне осындай қорқыныштар арасында сіз батыл болғыңыз келеді немесе кем дегенде аман қалғыңыз келері рас. Сол себепті де, Артем енді өз қорқынышын мәңгіге жетңгісі келеді.  Бұл оның қолынан келе алады ма?

Лев Мариупольский және Денис Куклин режиссерлік еткен сценарий авторы - Денис Куклин. Продюсерлері: Денис Куклин және Арман Шораев. Операторы - Дмитрий Карабецкий. Басты рөлдерді сомдаған актерлер: Данил Волковинский, Юрий Стоянов, Анна Старшенбаум, Ерлан Көкеев, Бахтияр Қожа, Дәулет Әбдіғапаров, Андрей Кочинов, Маргарита Кравцова және Дмитрий Нагиев.

«Алдар көсе»

Қазақша үлгідегі Робин Гудтың шытырман оқиғалары. Алдар көсе қазақ ауыз әдебиетіндегі қызықты кейіпкерлердің бірі. Оның бастан өткерген оқиғалары ойын мен күлкіге де, мән мен мағынаға да толы. Алдар көсе өз тапқырлығымен, ұтқырлығымен көзге түскен алғыр кейіпкер. Ол ауыз әдебиетінде  әділетсіз байларға сабақ беріп, қорғансыз кедейлерге қамқор болған. Алдар көсе жайында ауыздан ауызға тараған оқиғалар енді кино да, мультфильмде болып түсірілген. Режиссері – Дин Махаметдинов. Фильмде бой көрсеткендер: Мурат Нурасылов, Аша Матай, Бақытжан Альпеисов, Дәулет Әбдіғапаров. Проюсерлер қатарында: Юлия Волхонская,  Александр Разаренов және Рафаэл Айрапетян бар.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы