Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 маусым, 2021355

Дәулет Әбдіғапаровтың фильмографиясы 2

Отандық талантты актеріміз Дәулет Әбдіғапаровтың бой көрсеткен киноленталар саны өте көп. Актер тек қазақ кино өнеріне ғана емес сонымен қатар, ресейлік, шетелдік киноиндустрияға да қосып келе жатқан үлесі зор. Сол себепті назарыңызға дарынды киноактердің рөл сомдаған фильмдер топтамасының екінші бөлімін ұсынамыз.

«Марш-бросок 2: Особые обстоятельства»

«Марш-бросок 2: Особые обстоятельства» фильмінің кейіпкерлері -ФСБ арнайы Күштерінің офицерлер тобы. Олар елдегі жедел әрекет ету тобы. Күн сайын мемлекет қалалардың көшелеріне ондаған аса қауіпті қылмыскерлер шығады. Қылмыстық құрылымдарды анықтау және залалсыздандыру үшін командир майор Александр Буйданың басшылығымен арнайы күштердің элиталық командасы құрылып, жқұмысқа кіріседі. Жоғары деңгейде дайындық жасайтын олар өз өмірлеріне қауіп төнген кезде де өз ісіне, қызметіне және оларға сеніп отырған халыққа адал болып қала береді. Ертең не күтіп тұрғаны олар үшін маңызды емес. Олар осы күнге дейін есірткі сатушылармен, құлдыққа  алумен айналысатындармен немесе қылмыскерлер жоспарлаған өте қауіпті террорлық шабуылдармен күресіп келеді. Арнайы жасақ ондай қауіпті әрі кенет жағдайларға қашанда дайын және оларды жеңуге бар күшін салатын болады.

Ресесйлік фильмнің авторлары мен шығармашылық тобына тоқтала кетсек. Картинаның кинорежиссері - Владимир Янковский. Сценарий авторлары: Владимир Кильбург және  Валентин Донсков. Продюсерлері: Александр Кушаев және Владимир Кильбург. Операторы - Сергей Акопов. Композиторлық қызметте - Михаил Кулаков. Кинолентаның тұсаукесері 2013 жылы маусымның он екінші жұлдызында өткен болатын.

Фильмдегі рөлдерді сомдағандар қатарында: Илья Соколовский, Дәулет Әбдіғапаров, Линда Нигматулина, Павел Галич, Карина Андоленко, Евгений Коряковский, Александр Копылов, Иван Мацкевич, Ростислав Янковский, Андрей Карако, Вадим Цаллати және басқалары.

«Алмаз в шоколаде»

Танымал шоумен Дмитрий Савичев жаңа жыл қарсаңында Мәскеудің беделді клубтарының бірінде мерекелік кеш өткізуі керек. Бірақ клубқа барар жолда Савичев кездейсоқ оқиғаларға тап болады. Қиын жағдайға кезіккен қылмыскерлер оның аяз ата сөмкесіне бес миллион доллар тұратын гауһар тастары бар шоколад жиынтығын лақтырады. Бұл қылмыскерлерге тұтқындаудан аулақ болуға мүмкіндік береді, бірақ Аяз Атаны қолға түсіру процессі бірден басталады. Қылмыскерлерді бақылайтын опера Савичевті куәгер ретінде пайдаланады. Кино лентаның режиссері - Артур Богатов. Ал сценаристері: Валентин Опалев және Георгий Конн. Операторлық қызметте: Александр Кузнецов және Игорь Крачковский. Композиторлары: Александр Прокопович және Борис Кинер. Қоюшы суретші ретінде қызмет атқарған: Андрей Дубинин. Продюсерлік еткендер: Валентин Опалев, Владислав Ряшин, Юрий Осипов және Андрей Тартаков. Басты рөлдерді сомдаған актерлер және актрисалар: Иван Стебунов, Даулет Әбдіғапаров, Александр Боев, Сергей Никоненко, Александр Касаткин, Александр Робак, Марина Куделинская, Василий Солодков, Виктор Мютников, Екатерина Олькина, Константин Третьяков және тағы да басқалары. Кинокартинаның премьерасы Мәскеу қаласында 2013 жылдың отыз бірінші желтоқсанында өткен болатын.

«Молоко, сметана, творог»

Оқиға кинофильмнің басты кейіпкері – қарапайым банк қызметкерінің бейтаныс жерде оянуымен басталады. Ол қалыпты өмірінен алшақтап кеткен көрінеді. Жаңа жерде сырды сауып, сүзбе жасап үйренуі шарт. Сол кезде ғана өткен қалыпты өміріне орала алады. Ал өз жұмысында және үйінде ешкім де оны іздемейді. Себебі, оны ескі досы алмастырады.

Комедиялық кинофильмнің режиссері әрі сценарий авторы – Эля Гильман. Игорь Пискунов предюсерлік еткен кинолентаның тұсауы кесері 2013 жылдың төртінші шілдесінде өткен болатын. Басты рөлдерде бой көрсеткендер: Гүлнар Сильбаева, Турахан Садыкова, Дәулет Әбдіғапаров, Диляра Байжанбаева, Линда Нигматулина, Игорь Бабичев, Григорий Ефимов, Сафуан Шаймерденов, Алан Черкасов, Дастен Шәкіров және басқалары.

«Морские дьяволы. Смерч. Судьбы»

Багира тұрған тікұшақ апатқа ұшырады. Багира есін жоғалтады. Ол жазушы Анридің фермасында. Мұнда ол өзінің күңімен кездеседі. Ума Багираға оның мұнда кездейсоқ емес екенін түсіндіруге тырысады, ал Анри жай жазушы емес. Алайда Анриге жанашыр Багира ақылға сенгісі келмейді. Актерлері, Иван Паршин, Олег Чернов, Мария Жиганова, Серафима Низовская.

«Дикий 4»

Игорь Лифанов «Дикий» қылмыстық триллерінде рөл сомдайды. Капитан Александр Диченко қылмыскерлермен жарыспайды. Арнайы операция сәтсіз өтіп, бейбіт адамдарға қауіп төнген кезде, «Дикий» Диченко бүкіл топты құрудан басынбайды. Елордалық полиция жанжалдан аулақ болу үшін жарылғыш затты атуды шешеді, бірақ басшылық тағы бір «дикий» лақап атымен танымал қызметкерді осы операцияға қоспақ болады. Мұнда қатал москвичке серіктес тағайындалады-және бұл байлам сәтті шешімдердің бірі болады: Кочкин «Дикийға» мүлдем қарама-қайшы болса да, күш пен қайсар мінезділігінен ешкімнен кем түспейді. Провинциялық Вышнегорск бір қарағанда сабырлы әрі момын болып көрінеді. Жергілікті мафия қарапайым адамдарды қорқытады, қарақшылар мен ұрылар барлық азаматтарды бір-біріне жақындатуға тырысады, мұнда тіпті террористер мен қанішерлер де пайда болды. Бірақ бәрі бірден емес: әрбір серия шытырманға толы оқиғаға толы. Картинаның режиссерлері: Вадим Шмелев және Артем Мазунов. Ал киноактерлер: Екатерина Семенова, Мария Баева, Владимир Стержаков, Светлана Тимофеева, Дәулет Әбдіғапаров және Игорь Лифанов.

«Охотники за головами»

Тимур мен Рита - «Охотники за головами». Рита бірегей мамандарды, Тимур - қауіпті қылмыскерлерді іздейді. Бір күні олардың жолдары бір арнада тоғысады: олар бір уақытта керемет орыс химигінің ізіне түседі. Оның өнертабысы-қатерлі ісікке қарсы дәрі, есірткі, медицина есірткі ретінде қолдануды жоспарлап отыр. Батырлар қиын моральдық таңдау жасап, баррикадалардың бір жағында болуы керек. Детективті драманың режиссері - Иван Шурховецкий. Оқиғалық желісін жазғандар: Валерий Тодоровский, Дмитрий Алейников және Юрий Коротков. Продюсерлері: Арам Мовсесян, Рубен Дишдишян пен  Максим Королев. Операторлық қызметте - Рафик Галеев. Композиторлары: Александр Туркунов және Вадим Маевский. Қоюшы суретшісі - Мария Петрова, Марсель Қалмағамбетов және Светлана Клеванская. Монтажын жасаған - Денис Лузанов. Кинолентаның ресейлік тұсау кесері 2015 жылы сәуір айының жиырмасыншы жұлдызында өтсе, әлемдік премьерасы 2014 жылдың наурыздың үші күні өтіп, көрермен назарына ұсынылған болатын. Фильмдегі басты кейіпкерлердің рөлін ойнағандар: Константин Шелестун, Дәулет Әбдіғапаров, Иван Мудров, Денис Синявский, Елизавета Боярская, Никита Яковлев, Артур Ваха, Филипп Янковский, Григорий Чабан, Виталий Коваленко, Борис Хвошнянский және басқалары.

«Скорый «Москва-Россия»»

Комедия жанрында түсірілген «Скорый «Москва-Россия»» кинолентасы YouTube видео хостингіндегі бейнеролигіне миллиондаған қаралым жинау үшін  жанын сатуға дейін дайын жігіт туралы қызықты оқиға. Өз мақсатына жету жолында ол жақында «Мәскеу — Владивосток» пойызына мініп жолға аттанады.  Тағдырдың қалауымен бір поезда ол аэрофобия секілді қорқынышы бар американдық актрисамен жолығып қалады. Жолда олардың басынан қызыққа толы шытырман оқиғалар өтеді. Сөйтіп жүріп өз поездарынан қалып қояды. Ендігі мақсат олар қалай болғанда да олар пойызды қуып жетіп, Владивостокта дәл 7 күннен кейін болуы керек. Бірақ бір қызығы бір-біріне  Владивостокта неліктен болу керектігін жасырын құпияда ұстайды. Фильмнің режиссері - Игорь Волошин. Сценарий жазғандар: Денис Родимин, Сергей Светлаков және Игорь Волошин. Продюсерлері: Игорь Волошин, Сергей Светлаков және Александр Орлов. Операторы - Дмитрий Яшонков. Қоюшы суретшісі - Ирина Гражданкина. Монтажын жасаған - Александр Андрющенко. Кинолентаның жалпы барлық бюджеті төрт миллион АҚШ долларын құраған. Комедиялық картинаның тұсау кесерлік премьерасы 2014 жылдың сәуір айының он жетінші жұлдызында өткен. Басты рөлдерді сомдаған: Сергей Светлаков, Павел Деревянко, Спартак Кондауров, Маргарита Левиева, Иван Ургант, Ингеборга Дапкунайте, Ольга Симонова, Максим Голополосов, Майкл Мэдсен, Дәулет Әбдіғапаров, Виктор Проскурин. Дәулет Әбдіғапаров бұл кинолентада хуторянин рөлін ойнаған.

«Чернобыль: Зона отчуждения»

Басты кейіпкердің ата-анасының үйінен сегіз миллион рубль ақша ұрланады. Ұрлықшының ізіне бес бірдей жас жігіт түседі. Қарақшы-кәдімгі мәскеулік айти қызметкері. Ол өз ісін жасырудың орнына, бірден видео есеп жазады, онда оның сапарының соңғы нүктесі Чернобыль атом электр станциясы және Припять қаласы екендігі айтылады.

Кинолентаға режиссерлік еткендер: Павел Костомаров және Андерс Банк. Сценарий жазған авторлары: Евгений Никишов және Илья Куликов. Продюсерлік еткендер: Валерий Федорович, Александр Дулерайн, , Евгений Никишов. Операторлық қызметтегі мамандар: Юрий Никогосов, Кристофер Марис және  Давид Хайзников. Композиторлары: Дмитрий Емельянов және Александр Соколов. Қоюшы суретшілері: Даниил Духавин, Сергей Тирин және  Анна Лазарева. Монтаждау жұмыстарын атқарған: Сергей Кучеров және Степан Гордеев. Әлемдік премьера 2014 жылдың қазан айының он үшінші жұлдызында өткен болатын. Кинофильмдегі басты рөлдерді сомдаған: Константин Давыдов, Анвар Халилулаев, Николай Иванов, Кристина Казинская, Дарья Лузина, Евгений Каверау, Дәулет Әбдіғапаров, Илья Щербинин, Сергей Романовичжәне басқалары. Дәулет Әбдіғапаров бұл кинолентада өзін жаңа қырынан ашқан болатын. Актерге Рахим есімді тәжік азаматаның рөлі бұйырған болатын.

«Поддубный»

«Поддубный» кинолентасы – ресейлік режиссер Глеб Орловтың биографиялық драмалық көркем кинофильм. Аты аңызға айналған палуан Иван Максимович Поддубныйдың өмірі туралы баяндайтын кинолента.Басты рөлде Михаил Пореченков сомдаған болатын. Актер 2014 жылдың оныншы шілдесінен бастап көрермен назарына ұсынала басталған болатын.

Кинолента Иван Поддубнойдың өмір жолы туралы баяндайды. Ол кезде оның жасы отыздар шамасында болған. Феодосия портында жүк тиеуші болып жұмыс істейтін қарапайым ауыл жігітінің Француз күресінде алты дүркін әлем чемпионы атағын алғаны туралы тарихы суреттеледі.

Иванның өмірі бір күнде өзгеріс алады. Гастрольдік Цирктердің бірінде Иван өнер көрсетушілердің өтініші бойынша кәсіби балуанмен күш сынасып, жеңіске жетеді. Цирк директоры оған кәсіби балуан болуды ұсынады. Поддубный циркте жұмыс істеуге келіседі, кейінірек гимнаст Мимимен танысып қалады. Қарапайым жүк тиегіш бір қарағанда сұлу бойжеткенге ғашық болып қалады, кейінірек олар Одессаға бірге аттанады. Бірақ Иванның соңынан ерген сүйікті әйелі трапециядан құлап, қайғылы жағдайда қайтыс болады. Поддубный чемпион атағы үшін күрестер мен чемпионаттарға қатысады және әйгілі француз балуанын жеңеді. Кейін басты кейіпкер АҚШ-қа қоныс аударып, американдық промоутерлермен келісімшарт бойынша жұмыс істей бастайды. Бірақ келісімшартта балуан белгілі бір күннен бұрын өз ақшасын шоттан ала алмайтын шарт бар екені белгілі болады. Бұл кейіпкердің сйәкесінше ашуын тудырады, ол серіктестерімен орын алған жағдайды сейілту мақсатына жұмысында  үзіліс жасап, отанына оралуды шешеді. Үйіне қавйтуға билет сатып алу үшін басты кейіпкер ломбардқа өз сыйақыларын тапсыруға мәжбүр болады. Ресейге оралғаннан кейін Поддубный ата-анасына барады және американдық серіктестер оны тастап кеткенін жеткізген кезде оның әкесі дұрыс болғанын мойындайды. Балуан Ресейде өнер көрсетуді жалғастыруды ойға алады.

Кинофильмнің продюсерлер қатарында: Леонид Верещагин, Никита Михалков, Вадим Горяинов,  Валерий Тодоровский және Леонид Лебедевтер бар. Операторы - Владислав Опельянц. Әуенмен әрлеген музыкант композитор - Юрий Потеенко. Сценарий жазған -  Юрий Коротков. Кинолентадағы рөлдерді сомдағандар қатарында: Михаил Пореченков, Екатерина Шпица, Максим Сапрыкин, Владимир Машук, Дәулет Әбдіғапаров, Роман Мадянов, Владимир Ильин, Александр  Михайлов, Андрей Смолка Денис Лаван, Юрий Колокольников және Арсен Джемилев. Аталмыш ресейлік жобада қазақстандық актер Кара Ахмед-паша  рөлінде түрік азаматын сомдап шыққан.

«Дедушка моей мечты»

«Дедушка моей мечты» — 2014 жылы түсірілген Александр Стриженовтың отбасылық кинокомедиясы. Фильмнің Ресейдегі премьерасы 2015 жылдың он алтыншы шілдесінде өткен болатын. Фильм Леонид Якубовичтің «Дедушка» әңгімесінің негізінде түсірілген болатын. Михаил Белкин-көрнекті кеңестік авиациялық конструктордың ұлы және авиациялық конструктор болып қызмет атқарады. Оның Маша есімді жұбайы балалар дәрігері.  Ерлі зайыптылар Мәскеудің орталығындағы әкесінен қалған екі қабатты зәулім сарайлы кең үйде тұрады.

Белкиндердің үйіндегі мерекелік дастарханнан кейін кенеттен бейтаныс қария пайда болады. Ол кім және қайдан келгенін қарт адам түсіндіре алмайды, өйткені ол толық сөйлей алмайды. Ал үй иелері қартты қуып шығаруға батылы бармайды. Содан кейін қарт адам жарма жегенде, Белкиндердің өмірінде олардың әл-ауқатын жақсартатын күтпеген оқиғалар болатыны белгілі болады.

Кинолентаның шығармашылық тобы мен авторларына тоқтала кетсек.  Кинолентаға Леонид Якубовичтің өзі продюсерлік еткен болатын. Сонымен қатар, продюсерлер қатарында Елена Лищинская және Александр Стриженовтер де бар. Сценарий жазған авторлар қатарында: Леонид Якубович, Александр Стриженов және Аркадий Инин де бар. Басты рөлдерді сомдаған актерлер: Леонид Якубович, Николай Добрынин, Виктор Супрун,  Иван Кокорин, Александр Пряников, Екатерина Стриженова, Виталий Хаев, Анна Ардова, Александр Добровинский және басқалары. Операторы - Михаил Агранович.  Композиторлық қызметті атқарған - Владимир Давыденко. Би қойылымдарын қойған хореограф - Ирина Кашуба. Дәулет Әбдіғапаров фильмдегі басты рөлді сомдамағанмен де, айтарлықтай тәжірибе алғаны рас. Отандық актер аталған кинокомедияда лимузин көлігінің жүргізушісі болып істейді.

«Орлеан»

«Орлеан» -Юрий Арабовтың сценарийі бойынша Андрей Прошкиннің 2015 жылғы түсірілген ресейлік кинолеентасы.  Фильм XXXVII Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысу мәртебесін алған болатын. Басты рөлді сомдаған Елена Лядова үздік әйел рөлі үшін «Күміс Георгий» сыйлығымен марапатталды. Орлеан қаласы Алтай даласындағы тұзды көлдің жағасында орналасқан мекен болған. Жергілікті сұлу Лидка келесі түсік жасатқаннан кейін жатқан аурухана палатасында орындаушы Павлючек деп аталатын біртүрлі мырза пайда болады. Оның бұл қылығына ашуланған Лидка досы хирург Рудикке көмек сұрап жүгіреді. Қоюшы режиссері-Андрей Прошкин. Сценарий авторы - Юрий Арабов. Қоюшы-операторы - Юрий Райский. Қоюшы-суретшісі-Юрий Карасик.  Композиторы-Алексей Айги, Мартин Жак.

Нақты Алтай даласында фильмді түсіру картина бюджетіне мүмкіндік бермеді. Осылайша Кырымда түсіру туралы шешім қабылданды. 2013 жылдың қазан айында Феодосия және Щелкино маңында режиссер Прошкин, Рай есіді оператор және суретші Карасик таңдаған далалық, тұзды көлдердегі елді мекендер түсірудің негізгі нысандары болып табылады.Алғашқы түсірілім күні 2014 жылдың 12 наурызына белгіленді. Бірақ Қырымдағы қиын жағдайға байланысты техникалық қамтамасыз ету проблемалары туындады. Түсірілім процесін сақтау туралы шешім қабылданды. Түсірілім 10 сәуірде Қырымдағы жағдай шешілгеннен кейін басталды.

«Адаптация»

«Адаптация» - ресейлік комедия жанрында түсірілген фантастикалық кинофильм. Сериалдың өндірісімен Good Story Media бірлестігі айналысқан болатын.Телехикаяның премьерасы 2017 жылдың алтыншы ақпанында ТНТ телеарнасында өткен болатын. Фильмнің сюжеттік желісі бойынша, АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы «Розильда» құпия операциясын өткізуді шешеді, оның мақсаты арзан газ өндірудің ең жаңа ресейлік технологиясы туралы ақпарат жинау болып табылады. Американдықтардың пікірінше, бұл технологияны қолдану Ресейдің қарқынды экономикалық өсуіне себепкер болуы мүмкін. Бұған жол бермеу және осы дамудың барлық егжей-тегжейлері туралы ақпарат алу үшін Ноябрьск қаласындағы «Газпром» компаниясына орыс инженері Олег Меньшовтың басшылығымен ЦРУ-ның ең жақсы агенті Эштон Айви енгізу туралы шешім қабылданды. Ноябрьскке барар жолда Эштон Марина мен Валерамен танысып, одан әрі бұл қарым-қатынас оған жүктелген миссияны жүргізуге өз әсерін тигізеді. Кинофильмнің режиссері - Федор Стуков. Фильмдегі рөлдерді ойнағандар: Артур Бесчастный, Брюс Джонсон, Александр Ильин, Леонид Бичевин, Ася Дубровская, Юрий Стоянов, Евгений Брик, Нелли Уварова, Питер Джейкобсон тағы да басқалары. Ал қазақстандық актер Дәулет Әбдіғапаров шаманның баласы рөлін сомдайды.

«Захар Беркут»

Бұл картина актер Дәулет Әбдіғапаровтың түскен ең ауқымды жобаларының бірі болды. «Захар Беркут» деп аталатын картина Украина және Америка елдерінің киногерлері бірлесіп түсірілген туындысы болды. Режиссер Ахтем Сейітаблаев пен Джон Винннің режиссерлік етілген кинолента  Иван Франконың «Захар Бүркіт» деп аталатын тарихи әңгімесінің негізге ала отырып жүзеге асқан. Фильмнің ұраны – «Менің мәнім бостандықта» деп аталады. Кинотуынды 2019 жылдың оныншы қазанында толыққанды прокатқа шыққан боалтын.

Лентаның сюжеттік желісі бойынша, 1241 жылы Бурунда бастаған Моңғол ордасы батысқа қарай жылжып, жолында кездескен барлық жауды жойып, тұтқындарды басып алды. Сөйтіп, Карпат тауларына жетіп, әскер етегінде тоқтайды. Түнде жергілікті аңшылар ағайынды бүркіттер лагерьге жасырын кіріп, тұтқындарды босатады. Ашуланған хан кек алу және Карпат елді мекендерін жою үшін тура жүруді шешеді, ол үшін тауларда оған жасырын жол ашатын жергілікті сатқын табады. Захар бүркіттің басшылығымен таулы аңшылардың шағын қауымдастығы көптеген жауды біржола тоқтату жоспарын ойластырады. Бұл кинолентада Дәулет Әбдіғапаров «Кунг» есімді кейіпкердің рөлін сомдаған. Ол бұл рөлді ойнау барысында актер ретінде жаңа бір қырынан ашылғаны көрініп – ақ тұр.

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы