Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 қыркүйек, 202021

Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа туындысына ән орындады

Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлемге танымал отандық әнші Димаш Құдайберген қытайлық атақты режиссер, актер әрі каскадер Джеки Чанның жаңа туындысына ән орындады.

«Жуырда Джеки Чанның «Авангард» жаңа фильмі жарық көреді, онда мен фильмнің басты өлеңін орындадым. 30-шы қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіздер», - деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Авангард: Арктикалық қасқырлар» фильмінің премьерасы аталған датадан бастап Қытай, Сингапур және Малайзия елдерінде өтеді. Көрші Ресейге картина 15 қазаннан бастап көрсетіледі.

Фильм «Авангард» командасы жайында баяндайды. Сюжет желісі бойынша «Арктикалық қасқырлар» жалдамалы тобы Ұлыбританияда қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап әкетеді. Тұтқындардың аман-есен оралуын тек «Авангард» халықаралық қауіпсіздік қызметі ғана қамтамасыз ете алады. Бар үміт осы топқа артылып отыр. Картинадағы бас рөлді Джеки Чанның өзі сомдайды.

Димаш Құдайберген атақты актермен 2017 жылы оған әлемдік танымалдық әкелген «I am Singer» қытайлық шоуынаа қатысқан кезде танысқан еді. Алғашқы кездесулерінде Димаш Джеки Чанның иығына қазақтың дәстүрі бойынша шапан жапты. Танымал тұлғалардың достығы Содан бері жалғасып келеді. Қытайлық актер Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына тәнті екендігін бірнеше рет айтқан болатын.

Жаңа фильмнің саундтрегін отандық әнші биылғы жылдың көктемінде өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап бөліскен болатын.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @kudaibergenov.dimash

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы