Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 қыркүйек, 2020433

«Каникулы оффлайн» YouTube күміс батырмасын алды

Отбасылық кинокомедия тағы бір жүлдеге қол жеткізді. Бұл жолы «Каникулы оффлайн» картинасының YouTube видеохостингындағы ресми каналына жазылушылар саны 100 мыңнан асты.

Отандық өнім барша рейтингтарда алда болғаны рас. Оны картинаның бірінші бөлімі және екінші сериясының YouTube видеохостингындағы көрсетілім санына қарап-ақ, байқауға болады. «Каникулы OFF-LINE» кинолентасының бірінші бөлімі YouTube видеохостингінде 8,4 миллион қаралым жинаған. Ал «Каникулы OFF-LINE 2» сиквелі 6,6 миллион көрсетілімді құрап отыр. Ал енді міне бүгінгі күні аталған кинокартинаның YouTube видео-желісіндегі ресми парақшасында 100 мыңнан аса жазылушылар құрап отыр. Осыған орай фильм авторлары YouTube видеохостингы даярлайтын арнайы жүлде күміс батырмаға ие болды. Бұл туралы картинаның сценарий авторы әрі сиквелдің режиссерлерінің бірі Ернар Құрмашев өз инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жария еткен болатын.

Ернар Құрмашев, режиссер, кинопродюсер әрі сценарист:

«YouTube күміс батырмасын алғанымызбен Ақан Сатаев, Руслан Акун және «Каникулы OFF-LINE» кинофильмінің  барша түсірілім командасын құттықтаймын! Ендігі мақсат 1 000.000»,- жазба қалдырған болатын.

«Каникулы OFF-LINE» кинотуындысының сюжеті бойынша, Қайрат, Дастан және Болат есімді үш жігіттің бастан кешірген қызықты оқиғасы турасында айтылады. Олар өздерінің жеке бизнесін ашуға бел байлайды. Көптеген идеялардың арқасында жігіттер өз ауылдарында ерекше кәсіпті бастамақ болады. Олар ауылдың атмосферасын бейнелейтін ерекше лагерь ашып, қала балаларын қазақы дәстүр мен білімге, ауылдың рухани өміріне үйретуді көздейді. Нәтижесінде, ауылдық лагерь бір емес, бірнеше ата-аналар мен жеткіншектердің қызығушылығын тудырады. Осылайша, үш жігіт армандаған іс оңынан болып, ауылдық кэмптің қызықтары басталады. Қалада еркелеп, смартфон  мен компьютерден көз ашпайтын балғындар ауылдық өмірге үйрене алар ма екен? Қайраттың сенімі ақталып, лагерьді әрі қарай алып кете алады ма? Отандық комедиялық фильм тек балалар жасындағы жеткіншектерге ғана емес, сонымен бірге отбасылық көрсетілімге де арналған. Бірінші бөлімдеріндегі сюжеттік желі осыны баяндайды. Ал сиквелінде Қайрат қаладан ірі холдингтің жетекшісі болуға ұсыныс алып, жұмысын үлкен мегаполисте жалғастырады. Ауыл лагерінде қалған оның достары Дастан мен Болат жаңа маусымның балаларымен тіл табысып кете алар ма екен? Қайратсыз қалған лагердің жағдайы қалай болады? Бұл жолғы жаңа кейіпкерлер кімдер? Бұл сұрақтардың жауабын «Каникулы OFF-LINE 2» кинофильмін тамашалағаннан кейін біле аласыз.

Фильмнің бірінші бөлімінде режиссер ретінде тек Руслан Акун жұмыс істесе, сиквел бойынша бірдей екі кинорежиссер еңбек етті. Олар Руслан Акун және Ернар Құрмашев. Сиквелдің продюсері белгілі кинорежиссер Ақан Сатаев. Танымал кинолентаның сценарий авторлары Алишер Утев, Бақыт Осмонканов, Руслан Акун және Ернар Құрмашев. Қоюшы - оператор қызметінде Жантай Қыдыралиев, композиторы Сергей Шегай. Рөлдерде Мерйғат Амагенлдин, Бекзат Елеусізов, Еламан Есентаев, Динара Бақтыбаева, Азамат Шарғынов, Арман Жақсығұлов, Мағжан Хамит, Артур Асқарұлы, Зарина Нұржанова. Фильмнің бірінші бөлімінің премьерасы 2019 жылы 19 наурызда өткен болаты. Ал сиквелінің үлкен экрандардағы көрсетілімі сол жылдың желтоқсан айының 26 жұлдызында өтті. Фильмнің екі бөлімін бір-бірімен салыстырғандар мен оны қолдағандар көп болды. Көп көреремен картинаның бірінші бөлімі әлде қайда қызықты әрі сапалы шыққандығын жасырмайды. Бұл ең алдымен жазылған сценарий мен актерлердің ойынына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы