Размер шрифта:

Цветовая схема:

28 сәуір, 2020376

Карантиндегі отандық кино туындылар!

COVID-19 пандемиясы киноиндустрияға және бүкіл әлемде фильмдердің таралуына соққы берді. Қазіргі кинематографистер мен киногерлер мұндай күйзелістерді ешқашан көрген емес.

Карантиге тек қана адамдар емес, сонымен қатар киноларда жабылды. Өзіміз білетіндей кино түсіру оңай емес және қомақты қаржыны талап етеді. Карантин алды тұсау кесерлері өткен картиналарға тіпті қиын,  бір ай тұрмақ екі апта ғана көрсетіліп үлгерген отандық фильмдерге бұл жағдай  қатты әсер етті. Олардың көбісі біршама қаражат жоғалтып қана қоймай, өздерінің туындыларына деген көрермендердің қызығушылығын жоғалтып алу қәуіпі де бар. Кейбір киноөндірушілер өз картиналарын  интеренет желісіне салып жіберсе, қалғандары кинотеатрлар өз жұмысын бастағанда қайта үлкен экрандарда көрсетуді жоспарлап отыр.
Карантин біткен соң кинотеатрларға қайта оралатын отандық туындыларға тоқталып өтсек.

«Черный, черный человек»

Адильхан Ержановтың жаңа туындысы үлкен экранға 6 ақпанда жол тартқан болатын. Картинаның сюжеті ауылдағы бала қазасынан басталады. Тергеуші Бекзат баланың өлтірушісін табуы керек. Бірақ ол полицияны кінәлі деп ұсынып отырған адамға кінә таққысы келмейді. Алайда, ол осы іспен айналысуына тура келеді, өйткені ауылдан қаладан журналист келді. Кінәлі адам табылады ма? Журналист не үшін келді деген сұрақтардың картинаны көрген соң айтуға болады.  

«Гудбай, мой бай 2»

20 ақпанда кинотетарларда көрсетіле басталған фильм. Туындының режиссері Анвар Матжанов. «Гудбай, мой бай» картинасының жалғасы. Неке - бұл көптеген әңгімелер, даулар мен ымыраға келу. Әр отбасының өз проблемалары бар және әр отбасы оларды өз жолымен шешеді. Кейбіреулері жиналып, күрделі сұрақтарды талқылап, жауап таба алады, ал басқалары ажырасудың уақыты келді деген тұжырымға келеді. Олар нағыз ерлі-зайыптылар сияқты осы мәселелерді шеше алады ма? Отандық комедия кейіпкерлері қай нұсқаны таңдайды?  

«Я, пышка!»

Баян Мақсатқызың жаңа туындысы, режиссері Дамир Тастембеков. 27 ақпанда тусаукесері өтті. Сюжет желісінде Пышка деген – сүйкімді томпақ жақсы қыз. Ол сән үйінің келбетті қожайыны Максқа ғашық. Бірақ ол оған жақындаудан және өзінің сезімдерін мойындаудан ұялады. Бір күні Пышка өзін  сұлу бойжеткенге айналдыратын сиқырлы көйлек тігіп алады. Осы сәттен бастап бойжеткен екі түрлі өмір сүре бастайды, бұл оны алдын-ала болжанбаған салдарға әкелуі мүмкін. Пышка өз армандарына жете алады ма?

«Батырлар»

Режиссер Асқар Ұзабаевтың «Батырлар» фильмі 12 наурызда жарыққа шықты. Тарихи фильм Қарасай батыр туралы аңызға негізделген. Фильмнің сюжеті Қарасай батырдың кемелденуі мен қалыптасуы, қазақ даласын жаулардан қорғау үшін не істеу керектігі туралы баяндайды. 

«Жаным, ты не поверишь!»

Қазақстандағы ең алғашқы қара комедия. Үлкен экрандарға 5 наурызда жол тартақан болатын. Режиссері Ернар Нургалиев. Картина желісі бойынша жас жұбайлар тұңғыштарын күтуде. Жүкті әйелі күйеуіне тыныштық бермейді. Әйелінің сөздерінен шаршаған ол достарымен бірге  балық аулауға қашып кетеді. Егер тәжірибелі заң қызметкері сене алмайтын кездейсоқ және түсініксіз оқиғалар болмаса, бәрі ойдағыдай болар еді. 

«Семейные страсти»

Режиссер Аскар Бисембиннің жаңа туындысы 5 наурызда болды. Рөлдерде атақты вайнер және актер  Мейржан Туребаевпен оның жубайы Дана Есеева сомдайды. Отбасылық жанрдағы комедия.  Ерлі-зайыптылар Мейіржан мен Дананың достары үнемі саяхаттап жүргенде олар болса ұзақ уақыт бойы демалуға барған жоқ,. Дана күйеуінен кем дегенде бір жерге демалуға баруын өтінеді, содан кейін Мейіржан минивен алып, Ақтауға баруды ұсынады. Дана мен балаларға бұл идея ұнамайды, бірақ олар келіседі. Теңізге барар жолда оларды көптеген қауіпті және ұмытылмас оқиғалар күтіп тұр.

Міне жоғарыда алтаған туындыларды көріп үлгермеген болсаңыздар, қайта көруге мүмкіндіктеріңіз бар. Отандық киноөндірісті осындай қиын қыстау сәтте қолдайық!

Автор:  Жанерке Ахмадиева

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы