Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 маусым, 202055

Кастингтен сәтті өтуге арналған кеңестер

Теледидар мен кино саласында танымал актер мен өнер жұлдыз болғысы келетіндер қатары көп. Олардың барлығы алғашқы қадамдарын неден бастау керектігін білмей жатады. Сол себепті, біз назарларыңызға кино мен әртүрлі телевизиялық жобаларда кастингтер мен байқаулардан сәтті өту туралы түрлі кеңестерді ұсынамыз. 

 Кинодағы кастингтен өтуге деген ықылас көп жағдайда адамдардың жылдар бойы киностудиялардың табанын тоздырып, ұзын-сонар кезектерде күтіп отыруға, іріктеу комиссиясының кенеттен қойған сауалдарына, әртүрлі жағдайлар мен күтпеген оқыс оқиғаларға қашанда дайын болуы шарт. Сіз қаншалықты дайын болғаныңызбен және өзіңізге сенімді адам болсаңыз да, жалпы толқу қашанда орын алатыны рас. Қажетті сәтте өзін қолға алуға, тыныштандыруға және кастингке деген міндетті орындауға барша қабілетті слаып, өнер көрсету біршама қиындықты тудартынын баршамыз білеміз. Бірақ іріктеу кезеңінің барлық қорқыныштарына қарамастан, әрқашан бақытты адам, ол өзінің қол жеткізген және маңызды рөлге ие бола білген жан. Төменде біз кастингтерден сәтті өтіп, армандаған рөліңізге жету мүмкіндігін арттыру үшін дайындық кезінде не қажет екенін айтатын боламыз.  Фактура-сіз қандай рөлге ие болатынын және оған қаншалықты сәйкес келетінін түсінуіңіз керек; Сөз-комиссия сізге логопедті жалдамайды, олар өз тегін анық айтатын үміткерді таңдайды. Әрқашан сенімді сөйлеңіз. Әр әріпті сенімді дыбыстаңыз; Рөлмен жұмыс істеудің бастапқы дағдысы – "бастапқы" деп абсолюттік минимум түсініледі, ол шын мәнінде аз; кастингте кәсіби актерлер, әуесқой актерлер мен актерлік мектептердің студенттері көп болады-олардың мүмкіндіктері көп, өйткені олармен жұмыс істеу біршама жеңіл.  Кастинг кезінде немесе кинода тыңдауға дайындық кезінде, кез келген басқа сұхбаттасу сияқты, жұмыс берушінің үміттерін ескеру қажет. Кастинг-директор (актерлерді таңдау үшін жауапты) әрқашан нақты нәрсе іздеп, талап етеді. Сіздің тікелей міндетіңіз және бірінші мақсатыңыз-мүмкіндігінше дәл осы жанның көңілінен шыға білу керек. Егер бұл фильм болса – сценарийді іздеп, танысып шығыңыз және мұқият оқыңыз, егер телевизиялық шоу болса - оның тұжырымдамасын анық көрсетілуі керек, мән беріп оқып алыңыз.Егер сіз ешқандай кәсіби дайындықсыз болсаңыз, бірінші кезекте рөлді анық оқып үйреніңіз (репликаға репликамен жауап беру) және комиссия алдында естен шығармауға тырысыңыз. Сериалға кастингтен өту үшін тыңдау шарттары туралы алдын ала білу керек. Кейбір жағдайларда сіз оқуға үзінді дайындау сұралады, басқа-кездейсоқ үзінді ұсынады немесе сіз талап етілетін рөлдер фрагментті оқып сұралады. Егер сіз не оқып жатқандығыңызды білмесеңіз, көптеген бейтаныс мәтіндер берілсе, мәнерлеп оқуды үйреніңіз. Егер үзіндіні өзіңіз таңдасаңыз,өзіңіздің натураңызға ең жақын үзіндіні таңдап алыңыз, бірақ сіз таңдаған рөлдің ерекшелігін ескеріңіз. Міне, фильмдегі, сериалдағы немесе жарнамадағы рөлге кастингтің сәтті өтуі туралы қарапайым кеңестер:

Сәтті өту үшін алдымен сіз бойыңыздағы өз толқуыңызды жеңуге тырысыңыз. Толқу артық қималдыр мен қорқып тұруға әсерін тигізіп, дауыс нашар естілуіне барынша әсерін тигізіп, басқалардың көзінше сіздің кәсіби деңгейіңізді түсіреді. Айтып жатқан ойыңыз рөлмен және мимикаңызбен байланысты болуы тиіс, сондай-ақ,  сіз өзіңіздің қолыңызға да үлкен мән беріңіз. Егер сіз демалуға мүмкіндігіңіз болса, онда толық айтылған жаттғулар мен дайындықты бір рет тағы жүргізіп өтіңіз. Есіңізде болсын, сізде өте аз уақыт бар және оны ақылмен жұмсаңыз. Мазасызданбаңыз: сұрақтарға толық жауап беру керек және өзіндік мәні бойынша, рөлді ең қызықты жерден, ұзақ кіріспей оқу керек.

Басынан бастап сіз туралы теріс әсер қалдыра алатын барлық факторларды айырлыңыз. Көріністі ойыңызда  мұқият зерттеңіз. Киіміңіз бен сыртқы келбетңіңзге мән беріңіз. Киім үлгіңіз бен аяқ киіміңіз ыңғайлы, макияжыңыз аз мөлшерде табиғи болуы керек. Кастинг алдында достарыңызбен қыдырып, кастингтің ертесінде өзңізді қолайсыз сезініп отыруыңыз мүмкін. Сондай-ақ, бұл кастингті өткізіп алудың таптырмас себептері болуы мүмкін. Сол себепті жауапты кездесулер мен орынсыз қыдыруларды кастингтен бір күн алдын ұмыта тұрыңыз.  Комиссияны таң қалдыруда немесе олардың ескертулерінен қорықпаңыз, керісінше ол сізге болашақта үлкен тәжірибе болады деп ойлаңыз. Сіздің болашақ мансабыңызды осыдан басталады деген ойда болыңыз, кастинг директоры еске алу үшін бәрін жасаңыз. Егер сіз ерекше көрініс пен таланты бойыңызда болмаса, батылдық пен эпатаждықты бірінші орынға қойыңыз. Жарнамаға, фильмдегі немесе сериалдағы рөлге кастингтен сәтті өту үшін, тыңдауда бірқатар қателіктер жібермеу маңызды. Оларды есіңізде сақтап, ұмыт қалдырмауға тырысыңыз: Тақырып бойынша мақалалар өте жақсы, бірақ олар мәтіннің ұзындығы бойынша күрделі және шығындалған мәліметтерді беріп, жалпы көлемдегі ақпарат береді. Қатеден сенімді сақтандырылудың жалғыз жолы - нақты тәжірибе алу. Рөл немесе жоба сіз үшін қызығушылық білдірмесе де, барлық кастингтерге баруды бастаңыз. Мұндай тәжірибе сізге әдет боп қалыптасып, үлкен сенімділік береді, сіз қиын жағдайға үйренесіз және сіз кастингтерге моральды түрде дайын боласыз. Актерлік шеберлік курстарына түсіңіз. Тіпті орташа бейінді оқытудың өзі сізге үлкен көмек болады. Кез келген театр педагогы сіздің негізгі қателіктеріңізді анықтап, олармен не істеу керектігін айта алады. Сонымен қатар, сіз сөйлеу және көркем мәтінді оқу дағдыларын үйренесіз. Киімде сұлулық пен стиль үшін еркіндік маңызды рөл атқаратынын ұмытпағаныңыз абзал. Жаңа  заттарды кимеңіз, өкше мен қатты биік аяқ киімдерден уақытша бас тарта тұрыңыз. Комиссия үшін ең бастысы – сіздің іс-қимылыңыз, не істейсіз, не киінесіз. Ыңғайсыз киім сізді олардың алдында ыңғайсыздандырып, алаңдатады және шынымен демалуға мүмкіндік бермейді. Ешқашан қарсы келмеңіз, дауласпаңыз және бас тартпаңыз. Егер сіз кастинг-директорға қызығушылық танытсаңыз, сіз қандай да бір қосымша сынақтамаға жолдау алуыңыз мүмкін. Мысалы, шағын этюд үшін де біршама актерлер бағын сынап көреді және оларды ескере отырып, үзінділерді ойнауды немесе оқуды сұрайды. Мұнда бірінші талап бойынша карьерда жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін батылдық жеткілікті екенін көрсету маңызды.

Егер сіз шынымен кастингтен өтуді қаласаңыз, өмір осындай мүмкіндік беретіндігіне сеніңіз. Өзіңіздің арманыңызды қағазға жазыңыз. Мүмкіндігінше, өткен уақытта. Мысалы, «кастингтен сәтті өттім, маған керемет рөл бұйырды» деген секілді.

Визуализация. Үлкен экранда немесе камера линзасының алдында өзіңізді елестетіп көріңіз. Сіздің сезіміңіз жағымды болуы керек. Сіз түсірілім алаңындағы серіктеспен ойнайтыныңызды елестетіп көріңіз және бәрі сіздің содмаған рөліңізе таң қалады. Бұл тәжірибені тұрақты жасап, қайталап тұрыңыз. Тәжірибе болмағандықтан кейбір түсірілім процесстерін түсіну қиындайды. Түсірілімдердегі старттардың 3 нұсқасы бар: жарнама, жүйелі және теле түсірілімдер. Массовка. Бастмасын көптеген актерлер дәл осы массовкада бастаған. Өйткені төлем өте төмен және жұмыс көп. Бірақ бірқатар таныстықтар орын алып жатады. Әдетте олар туралы ақпарат әлеуметтік желілерді, сайттар мен ресми хабарландыруларда жазылады. Түсірілім туралы хабарландыруларын тіркеу және мониторинг жүргізіледі. Ең бастысы-сіз алаңға кіріп, нені үйренетінідігіңізді білуіңіз қажет. Арнайы мектепті табыңыз. Актерлік білім беретін жақсы деңгейдегі жоғарғы оқу орны. Дамыңыз. Ерте ме, кеш пе, сіз кастингтер немесе сынамалар жоқ екенін түсінесіз, себебі әлем әділетсіз, бірақ бұл сіздің нашар жұмыс істеді деген сөз емес. Сіз қашанда қозғалыс үстінде болуыңыз шарт. Әрқашан үздіксіз даму процессінде болыңыз. Ал мұны жақсы жасау үшін көп оқу керек. Шетелдік фильмдерді қараңыз, актерлердің қалай жұмыс істейтінін белгілеңіз, желідегі барлық қол жетімді мастер-класстарды іздестіріңіз, өз дамуыңызға қомақты қаражатты үзбеңіз. Бір сөзбен айтқанда, тоқтамаңыз. Есіңізде болсын: кино-подиум емес. Мұнда тек сұлулық пен әдемі сән үлгісі қажет деген ой — миф боп қала бермек. Ең әдемі, күлкілі және харизмалы, қызықты, адамды жаулап алатын, ерекше көз-қарасқа ие адам ғана табысты актер бола алады. Ең бастысы-шеберлік және еңбек ету. Сонымен, біз сізге сенеміз. Алға!

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  sncmedia.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы