Размер шрифта:

Цветовая схема:

20 мамыр, 202081

Кезекті деректі фильмнің онлайн-премьерасы өтті

Еліміздегі отандық фильмдердің жарыққа шығуына себепкер болған “Казақфильм” киностудиясының қолдауымен кезекті деректі фильмінің онлайн режимінде кинопремьерасы өтті. Ерекше жағдайда тұсауы кесілген картина не туралы? Көрермендерді несімен баурай алады?

 

Ұлы Жеңіске 75 жыл толған мерейтойға орай отандық киногерлер киносүйер қауымға ерекше сый тарту етті. “Я вернусь...” туындысының көрсетілімі карантинге байланысты интернет желісінде онлайн режимінде өткен болатын. Көркем туындының режиссері Асет Ерназаров болды. Картинаның телевизиялық  тұсау кесері “Ел Арна” арнасында және YouTube желісінде өткен болатын.

 

Көркем туынды Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік танытқан сарбаздардың тағдыры, олар жанкешті өмірі турасында болмақ. Картинаның режиссері және сценарий авторы Әсет Ерназаров аталған кинофильмді түсіру үшін көп ізденгенін айтады. Оның айтуынша, әкесі Ерназаров Байділда да  екінші гвардиялық әуе-десант бригадасының құрамында соғысқан. Елдің тыныш ұйқысын қорғаған. Сол кездегі әрбір ержүрек сарбаз үшін, жаумен жолықса ел үшін бар күшімен соғысқан кез-келген әскери адамға мыңдаған кино арнаса да, ұлықтап қаншама рет еске алса да жеткіліксіз болса керек.  Кинорежиссер өзінің қатарда қызмет етіп, қан майданда бірге күрескен жауынгер жолдастарын іздеп, әрқашан еске алып отыратын танымал режиссер Григорий Наумович жазған “Моя война” кітабындағы мына бір сөздердің есінде ерекше қалғандығын айтқан еді: “Менің алғаш құтқарған адам қазақ ұлтынан еді – Мұхамеджан Бекшинов”.

 

Аталған деректі кинофильмнің түсірілімдері үшін қолдау көрсетіліп, сол кездегі ақпараттардың толықтай берілуіне Қазақстан Республикасының кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған ақпараттар, сондай-ақ Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің Орталық мұрағатында және Ресей Федерациясының Мемлекеттік фильм қорында сақталған бірегей әскери кинохроника мен құжаттар негізі үлкен үлесін қосқан болатын. Картина авторлары "Мосфильм" киноконцернінің Бас директоры Карен Шахназаровқа режиссер Григорий Чухраяның "Баллада о солдате " кинотуындысының ақысыз негізде берілген кадрлары үшін үлкен алғыстарын білдіреді.

 

Деректі фильмнің жоғары деңгейде ерекше шығуына өзгеше мән берген, өзіңдік зор үлестерін қосқан үлкен ұжым еңбек еткен болатын. Картинада сапалы кадрлар мен әсем көріністерді бақылайтын қоюшы-оператор Алексей Кирюхин. Айтып өткендей, көркем туындыны сәйкесінше әдемі музыкалық әуендермен әсемдейтін  композитор Әсел Омарова, ал дыбыс режиссері Илья Гариев. Фильмдегі экшн мен таңғажайып спецэффекітлер мен монтаж режиссері Сергей Вильковиский, ал суретші Екатерина Ефименко және фильмнің директоры Надира Садуова еңбек етті.

 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  brod.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы