Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 мамыр, 2021359

«Хотя бы кинода» фильмінің түсірілімі аяқталды

Алматыда Тимур Дулатовтың  «Хотя бы кинода» комедиясының түсірілім жұмыстары аяқталды. Фильм сюжеті өзінің міндеттері мен уәделерін орындамайтын әкім туралы баяндайды.

Жобаны NARR PRODUCTION кинокомпаниясы түсірген, фильм продюсері – Нұрсұлтан Садманов, ал бас оператор – Асылхан Мелдебеков. Түсірілім Алматы және Ақтау қалаларында өтті, сондай-ақ кейбір сахналар Қапшағайда, Іле өзенінің жағасында, Маңғыстау облысындағы ерекше шатқал Бозжырада да түсірілген.

Картинаның авторлары көрермендерге ең күлкілі және өмірлік комедияны көрсетуге уәде береді. Бұл – мемлекеттік бюджетті жеке қажеттіліктеріне жұмсайтын әдеттегі әкім туралы туынды. Аудан әкімі Қайрат тендерден түскен аурухананы жөндеуге жұмсамай, өзіне пайдаланады. Бірақ оны қылмысы үшін полициядан бөлек, өмірдің өзі жазалайды. Ол фильмде түрлі шытырман оқиғаға, қиындықтарға тап болып, жазадан қашып құтылуға тырысады.

Кинотуындыда басты рөлдерді Қайрат Әділгерей, Дәурен серғазин, Айбар Таңғыт, Гүлнәз Жоланова сомдайды.

Фильм сценарийіне қатысты басты рөлдегі актерлердің бірі Қайрат Әділгерей: «Фильмнің бар қызығы – өмірде орын алуы мүмкін емес, бірақ  кинода бұл кез келген адамда болуы мүмкін парадоксалды сәттер. Кино әрқашан мықты қару және тәрбие құралы. Біз осы фильм арқылы көрерменді тәрбиелегіміз келеді, өмір - бумеранг екенін көрсеткіміз келеді», – деп түсіндіреді.

Егер кинотеатрлар қайта ашылса, аталған картина үлкен экранға осы күзде шығады деп жоспарланып отыр.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы