Размер шрифта:

Цветовая схема:

12 мамыр, 202090

Кино әлемі – ол бір сиқыр. Баян Мақсатқызы кино туралы

Елге белгілі продюсер, тележүргізуші және актриса Баян Мақсатқызы отандық киноиндустрияда біршама еңбектерін көрерменге ұсынып келеді. Өз картиналары жайында теледива қандай пікірде? Біздің көрермен неліктен комедиядан басқа жанрды қабылдай алмайды? Жақын арада продюсерден қандай жобаларды күтуге болады?

Қазақстандық танымал музыкалық продюсер 1974 жылы қаңтар айының тоғызыншы жұлдызында Орал қаласында дүние келген. Кино әлеміне ол “Махаббат бекеті” фильмі арқылы тап болды. 1993 жылы өзінің дебюттік рөлін алған жас актриса “Махаббат бекеті” фильмінде көрерменді ерекше сұлулығымен жаулап алды десек қателеспеспіз. Отандық телеарналарда бірнеше жыл бойы тележүргізуші қызметінде жұмыс істеді. 2006 жылдан бастап өзін продюсерлікте сынап көруге бел байлап, “КешYou” атты қазақстандық эстрадағы атақты қыздар тобының негізін қалады.

 

Shine Production компаниясының негізін қалаған продюсер 2010 жылы алғаш рет отандық толықметрлі фильмін түсірді. Картина “Коктейль для звезды” деп аталады. Келесі жылы фильмнің жалғасы ретінде “Коктейль для звезды 2”  көрерменге жол тартты. Осылайша продюсер Баян Мақсатқызы еліміздегі киноиндустрияға алғаш қадамын жасаған еді.

Ал қазір ол кино саласында айтарлықтай тәжірибесі бар танымал киногер.

Бая Алагөзованың соңғы ұсынған картинасы ретінде “Я-пышка” туындысын айтуға болады. Фильм режиссері ретінде Дамир Тастамбеков жұмыс істеді.  Кино сюжеті бойынша  артық салмақты қыздың фэшн-индустрияға дейінгі жолы мен қызықты оқиғалары баяндалады. Бірақ фильмнің премьерасы әлемде орын алған COVID -19 пандемиясына байланысты болып,  карантин уақытымен тұспа-тұс келгендігі картина көрсетілімін тоқтатуға мәжбүр болды. Осыған байланысты фильм продюсері өз ойын білдірген болатын.

 

Баян Алагөзова, продюсер

 

“Кино прокатта небәрі 2 апта болып үлгерді. Бұл әрине толықметрлі фильм үшін өте аз. Дегенмен сол кішкентай уақыт аралығында 160 миллион теңге кассалық қаржы жиналды. Мен бұл көрсеткішке ризамын. Әрине елімізде жағдай тұрақтанып, кинотеатрлар есігін ашса біз әріқарай да киномызды прокатқа ұсына береміз. Себебі, барлығы да картинаны тамашалап үлгерген жоқ. Сол себептен қазір прокат жұмыстары бойынша келіссөздер жүргізілу үстінде. Айта кеткен жөн, Кинопарк желісі ұсынысты мақұлдады. “Я-пышка” кино фильмі үлкен экранға оралатын болады”.

 

Продюсер Баян Мақсатқызы көптеген режиссерлермен оның ішінде жас әрі талантты киногерлерге өз картиналарын сеніп тапсырады. Себебі, оларға ең алдымен қолдау және сенім білдіру керек дейді продюсер.

 

Баян Алагөзова, продюсер

 

“Мен әрқашан да жаңа адамдармен жұмыс істегенді ұнатамын. Дебютанттармен бір жобаны жасау өте қызықты. Жаңа есімдерді халыққа таныстыру менің бір миссиям секілді. Ол жалпы режиссер болсын, актер, актриса болсын немесе жақсы әнші болсын. Маған олармен жұмыс атқарған ұнайды. Себебі, біріншіден олар әрқашан жаңа идеяға толы және екіншіден олармен жұмыс істеу жеңілдеу. Олар әрқашан продюсермен санасады, ойын анық жеткізе алады”.

 

Қазақстандық өнер адамы көбіне комедия жанры бойынша фильмдер таспалайды. Алайда оның тәжірибесінде де көптеген жанрлар болды. Мәселен, кино сүйер көрерменге “Сиситай” мюзиклін ұсынған болатын. Кино режиссері ретінде Ернар Нұрғалиев жұмыс жасаған еді. Фильм Сиситай есімді өнерді армандайтын кішкентай қыздың өмірін баяндайды. Кинода әуен де бар, би де бар. Бірақ Алагөзованың айтуынша қазір көрермен мұндай жанрларға әлі дайын емес.

 

Баян Алагөзова, продюсер

 

“Менің өзім коммерциялық және комедия жанрын алғашқылардың бірі болып түсірген едім. Бірақ, уақыт өте келе көрерменге тек жаңа туынды және жаңа бағытта ұсынуды көздедім. Мәселен, осы мюзиклды алар болсақ. Жалпы бұл жанрда фильм түсіру өте ауыр әрі біраз күшті талап етеді. Және ең бастысы өте қымбат. Фильмнің шығыны көп болды. Алайда картина жақсы шықты, бірақ оны көрермен өкінішке орай түсіне алмады. Не де болса, фильмде көрерменді қызықтыру үшін рэптен бастап соло орындауға дейін болды, цирктік қойылымдар да бар. Картина мен күткен қаржыны жинай қоған жоқ. Шамамен 100 миллиондай қаржы жиналды.

Келесі жаңа туындылардың бірі ретінде “Станция судьбы” мелодрамасын айтуға болады. Маған жеке өзіме бұл кинотуынды өте қатты жақын. Ерекше сезімге толы, өте әдемі әрі қызықты түсірілген. Бұл эстетикалық мелодрама.

Жалпы айтқанда қазір халық комедиядан бөлек жанрды таңдағысы келмейді. Олар ойланғысы, уайымдағысы келмейді. Бәлкім өмір солай болуға мәжбүрлеген болар. Не дегенмен біз бар жоғы дамушы елміз. Онсыз да халықта басқа мәселелер жетерлік. Жалақы жетпейтін шығар. Көрермен киноға демалуға, ойын басқа позитивті арнаға бұрып жақсы комедия тамашалауға келеді. Әлбетте әзіл және комедия әрқашан дұрыс касса. Ал мен авторлық киноны түсіре алмаймын”.

 

Қазір музыкамен айналысатын өнер адамдары да кино түсіріп, киноиндустрияға бет бұрып келе жатыр. Бұл олар үшін тек тәжірибемен тең екенін алға тартады музыкалық және  кино продюсері Баян Мақсатқызы.

 

Баян Алагөзова, продюсер

 

Әрбір өнер адамы, жалпы кез-келген амбициялық адамның “өзіндік маңызды” синдромы болады. Олар жарқырап көрінгісі келеді, өздерін жақсы қырынан көрсеткісі келеді. Бұл негізінде өте дұрыс. Ал оның бір жолы осы кино болып отыр. Өзіңді үлкен кинотеатрдың экранынан тамашалау мүлде бөлек әсер беретіні рас. Ол теледидар емес әлде болмаса ол сахна емес. Кино әлемі – ол бір сиқырмен тең. Киноиндустрияда әрқашан тек сапалы кино ұсына алатын, тәжірибелі мамандар ғана қалады. Ал өз ақшаңды белгісіз бір режиссерге сеніп, әріқарай өзің ән айтып жүре берсең онда сен профессионал емессің. Иә, ол көрді, ол үшін бұл тәжірибе болды. Бірақ бұл арнада әріқарай жүзіп кете де білу де маңызды әрі қажет. Ал ол екінің бірінің қолынан келе бермейді”.

 

Баян Мақсатқызы өзінің туындыларына айтылған критиканы қабылдай аламын дейді. Бірақ тек ол жүйелі айтылған болса.

 

Баян Алагөзова, продюсер

 

“Негізі қазір қалай. Аға ұрпақ өзінен кейінгі ұрпақтың жасаған дүниесін түсіне бермейді. Бірақ ішінде оны түсіне алатындар бар және сынайтындар тағы бар. Жаңа буынмен бірге қашанда жаңа тенденция келеді. Мен жеке өзім жас мамандармен ой санасамын. Олардың көз-қарасы маған ұнайды. Менің командамда, түсірілім тобымдағы қызметкерлердің барлығы өзімнен екі есе кіші жастар. Олар еркін ойлайды, әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтардан хабардар, трендтерді біледі. Бір сөзбен айтқанда заманауи үрдістерді түсінеді”.

 

Продюсер, тележүргізуші Баян Мақсатқызы карантин уақытында толыққанды үйде болып, балалармен, жақындарымен уақыт өткізгендігін жеткізді. Уақыт болса йогамен де айналысып тұратындығымен бөлісті. Және егер жақын арада елдегі жағдай өз қалпына келер болса, жаңа жобалардың жұмысына кірісетін айтты.

 

Айта кетейік, көрермен продюсерден тағы бір жаңа музыкалық туынды күте берсе болады. Продюсердің айтуынша, толықметрлі картина комедия жанрында түсірілмейді.

 

 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы