Размер шрифта:

Цветовая схема:

08 шілде, 2021349

Отандық кино әлеміндегі соңғы жаңалықтар

Қазақ кино әлемінде біршама жаңалықтар орын алғаны рас. Олардың қатарында премьералар мен су жаңа жобалардың түсірілімдері бар. Біздің кинорежиссерлеріміз өз көрермендері үшін қандай картиналарды дайындап, нендей шытырман оқиғаларды түсіргелі жатыр? Бүгінгі топтамамызда кино әлеміндегі соңғы апталарда орын алған қызық жаңалықтар мен ақпараттарды таныстыратын боламыз. Бірге назар салайық.

Желіде «Томирис» кинофильмінің қазақша нұсқасы пайда болды

http://hevc-club.ucoz.net/

Ұлы тарихи оқиғаны баяндайтын «Томирис» отандық кинолентасы енді YouTube видео – хостингі платформасында қазақ тілінде ұсынылды. Бұл туралы фильмнің кинорежиссері Ақан Сатаев көреремендерге өз әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында хабарлаған болатын. Кинолента ана тіліміздегі аудармасымен төртінші  шілде күні «Қазақфильм» киностудиясының жеке арнасында жарыққа шыққан болатын. Төрт күн ішінде жиырма үш мыңнан аса көрсетілім мен жүз он төрт пікір жинаған фильмнің қазақ тілдегі версиясы көп көрерменнің көңілінен шығып, тағы бір рет тамашалауға шабыттандырғаны рас.Кинолента ұлы қазақ өлкесіндегі қайтпас қайсар, өжет мінезді Томирис патшайымның өмірі мен билік жолдарын көрсететін картина. Аппақ көңілді кішентай қыздан көпті мойындатқан қаһарлы жауынгерге айналған Томиристің тарихы кімді болса да бей – жәй қалдырмасы анық. Жас күнінде өз жақындарынан айырылып, дұшпандарының қастындағымен бетпе –бет кездескен өжет қыздың сынып қалмай, қайта тұрып кек алуға күші жеткен тарихы туралы айтылған. Сақ тайпаларын бір сарынға біріктіріп, өз халқының ризашылығы үшін мәңгі күрескен Томирис патшайым туралы баяндалған кинолента.  Өндірішулер қатарында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Сатайфильм» студиясының біріге отырып жасаған жобасы. Көрерменге 2019 жылы жол тартқан фильмнің режиссері Ақан Сатаев. Картинадағы тағы бір ерекше айтылатын дүние – каскадерлік жұмыс. Көптің көңілінен ерекше орын алған неше түрлі күрделі трюктер «Nomad» халықаралық каскадерлер клубының еңбегі. Клубтың жетекшісі Жандарбек Күнғожиновтың бұл фильмдегі еңбегі өте зор. Сонымен қатар, отандық бұл фильмнің жеткен жетістіктері де аз емес. Биыл тарихи лента Франция астанасы Париж қаласында ұйымдастырылған  кинофестивальде бас жүлдеңі жеңіп, жоғары белестерден көрінген болатын.

«Nomad Stunts» каскадерлер тобы «Ұлы дала таңы» тарихи фильміндегі жұмыстарын аяқтады

«Ұлы дала таңы» тарихи лентасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген болатын. Фильмнің өндіруші авторы – Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы болып отыр. Ал картинаны режиссерлеген белігілі киногер Ақан Сатаев болды. Фильм қазақ тарихындағы ерекше орын алған Қасым ханның биліктегі жолы мен өмірі туралы баяндайды. Сол кездегі Қазақ хандығының дамып, үлкен белестерге жету кезеңдері көрсетіледі. Жалпы түсірілім барысы биыл ақпан айының соңғы күндерінде Алматы облысында орналасқан Көктал кентінде басталған болатын. Жобаның Бас продюсері – Әлия Назарбаева. Сюжеттік желіні жазып шыққан сценарий бойынша авторлары – Ақан Сатаев пен Бекболат Шекеров. Тарихи жоба түсірілгендіктен оның ғылыми кеңесшілері де болады. Олардың қатарында: профессор әрі тарих ғылымдарының докторы – Кәрібаев Берекет, философия маманы әрі сәулет өнерінің докторы Ордабаев Алмас, тарих ғылымының докторы әрі этнограф Ахметжан Қалиолла және басқа да ғылымдардың докторлары бар.

Фильмдегі басты рөлді сомдап жатқандар: Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Алтынай Нөгербек, Нұрлан Әлімжанов, Қуаныш Құдайберген, Тұңғышбай Жаманқұлов және басқалары.

Түсірілім тобының айтуынша, картинадағы ең ауыр сахналардың бірі Ұлытаудағы шайқас. Бұл үлкен сахна үшін үш жүзге жуық адам еңбек ететін көрінеді. Дәл осы сахнада каскадерлердің елу алтысы трюк орындап, екі жүзден астам адам шабандоз қызметінде жүретін болмақ. Осы орайда бастан аяқ трюк қойылымдары үшін жауапты болған «Nomad Stunts» каскадерлер тобының мүшелері.

«Бір тоқсанның» үшінші маусымы түсірілуде

vk.com

Жалынды жастарға арналған көңілді сериалдың тағы бір маусымы түсіріліп жатыр. «Бір тоқсан» деген атау берілген отандық телесериал көрермен көзайымына бірден айналып, жоғары сұранысқа ие болған еді. Әр бөлімдері бірнеше миллионнан асып жығылатын телехикаяның шығармашылық тобы мен авторлары араға көп уақыт салмай, екінші маусымын бастағаны бәрінің есінде болса керек. Ал енді міне үшінші бөлімнің түсірілімдері де басталып кетті. Бұл туралы ақпаратты «Гәкку» музыкалық телеарнасы жариялаған болатын. Танымал телесериалдың үшінші маусымы «Жолдастар» деп аталмақ. Musan Entertainment студиясы түсіріп жатқан бүл жобаның құрамы сол баяғы күйде қалғанмен де, кей өзгерістер де бар. Картинадағы кейіпкерлердің рөлін бұрынғы құрамның актерлері жалғастырмақ. Жаңа маусымнан: Адина Бажан, Айбек Әзімбек, Ғайни Кукатова, Абылай Жұбамай, Ермек Тұрғанбек, Жасұлан Көпберген, Бекарыс, Алмагүл Казихан, Карина Жұмалиева және басқалары бой көрсететін болмақ. Үшінші бөлімде алдыңғы маусымына қатыса алмай қалған Адина Бажан және Ермек Тұрғанбектер қайта оралатын болады. Сонымен қатар, бірінші жағынан кейіпкерлер қайта қосылып жатса, екінші тұсынан керісінше басқалары кетіп жатыр. Әзірше сериалдың бэкстейдж фото суреттері мен видеоларында Анели және Арслан есімді кейіпкерлер көрінбейді. Бұл деген сөз жаңа үшінші маусымда көптің сүйікті жұбына айналған Анели мен Арс кейіпкерлері болмай ма? Осы сұраққа Анели кейіпкерінің рөлін сомдаған Зухра Сайпи жақында ғана берген сұхбатында жауап берген болатын. Актриса өзінің түсірілімдерге басқа да жобаларының графигімен сай келмегені үшін қатыса алмағандығын айтқан еді. Әзірге сериалдың толық сценарий желісі белгілі емес. Мектеп хикаясы әріқарай өз жалғасын табатын секілді. Алайда бұл жолғы маусым да өз ерекшеліктерімен көрермендерін қуантатын болмақ. Сериалдың бэкстейдж фото суреттері мен видеоларына қарайтын болсақ, оқиға желісі Қазақстанның бірнеше аймақтары мен қалаларын құрайтын секілді. Әзірге телехикаяның премьерасы қай уақытқа жоспарланғаны белгісіз.

Ашаршылық туралы фильм  түсіріліп жатыр

24.kz

«Ақ боз үй» деп аталатын су жаңа картина Қазақстандағы ашаршылықтың жүз жылдығына орай түсіріліп жатыр. Картина режиссері Бекарыс Елубай бұл фильмді Смағұл Елубай жазған «Ақ боз үй» романының желісі бойынша шығарған. Бұл сценарий авторы Смағұлдың өз ауылында болған шынайы оқиға. Түсірілім жұмыстары Маңғыстау облысы Сенек ауылында басталып, Ұштаған жерінде жалғасын тапты. Кинолента режиссерінің осыған дейін «Оазис» және «Бала ғашық» фильмдерін түсірген еді. Отандық киногер «Аңшы бала» таспасы үшін Лос-Анджелесте ұйымдастырылған халықаралық кинофестивальде үлкен жүлдеге ие болды. Пахреддин бидің басты рөлін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының әртісі Қайрат Кемалов сомдаған. Жиырма тоғызыншы маусымда картианың түсірілім алаңында Киноорталық делегациясы болып қайтқан болатын. Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев та түсірілім жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта картинаны халықаралық байқаулар мен фестивальдерге тарту керектігін айтты. Фильмнің тұсау кесері жоспар бойынша келесі жылдың көктем мезігілінде өтеді. Наурыз айына жоспарланған премьера көрерменнің көңілінен шығады деген ойдамыз.

Режиссер Ермек Тұрсыновтан жаңа фильм

Қазақстандық белігілі киногер Ермек Тұрсынов қазақ ауылдары жайында «Таңдау»  деп аталатын су жаңа туындыны түсіріп жатыр. Фильмде шытырман оқиға да, экшн мен атыс-шабыс та жоқ. Қарапайым ауыл тұрғындарының қарапайым өмірін көрсететін картина. Қазіргі таңда мұндай фильмдер өте сирек түсіріліп кеткені рас. Драма жанрында түсірілген кинофильмнің кей тұстарында комедия жанры да кездеседі. Астарлы әзіл арқылы көп жанды терең ойға батыратын тұстары да аз емес. Кішкентай ғана ауылдың тіршілігін көрсету арқылы бүкіл мемлекет пен халықтың қазіргі хәл – ахуалын ашқандай.

Режиссер Ермек Тұрсыновтың айтуынша, фильм үшін ауылды таңдап көп жүрген. Қазіргі ауылдардың күйі өзгерген. Таза су мен дұрыс жол түгілі, кей ауылдарда жарықтың өзі дұрыс жұмыс істемейтін көрінеді. Ал актерлік құрамға келер болсақ, фильмге түсіп жатқан актерлердің көбі енді ғана өз дебютін алғалы жатқан ешкімге мәлім емес келбеттер. Тәжірибелі киноактерлер арасында тек қана Алдабек Шалбаев қана бар көрінеді. Кинолента мемлекет қаражатына түсіріліп жатқандықтаносы жылы түсірілімдер аяқталуы тиіс. Аталған жобаға продюсерлік ететін Қанат Төребай жалпы фильмнің ортақ бюджеті туралы сөз қозғаған болатын.

Қанат Төребай - фильм продюсері:

«Ұлттық киноны қолдау орталығы осы жылы бірден қырық бір жобаны алған болатын. Мемлекеттен бөлінетін қаражат киноның тематикасы мен құрылымына және өз тақырыбына қарай бөлінеді. Олардың қатарында деректі фильмдер де, анимациялық картиналар да, толық және қысқа метрлі киноленталар да кездеседі. Деректі фильмдер үшін он миллионға жуық қаражат бөлінеді, ал режиссер Ермек Тұрсыновтың «Таңдау» туындысы үшін төрт жүз миллион теңге жұмсалады деп күтілуде»,- деді.

Режиссердің өзі бұл картинасын «Ауылмен қоштасу» деп атайды. Картинада әртүрлі мінезді, өз оқиғалары бар көптеген кейіпкерлер бар. Олардың бастан өткерген әрқайсысының оқиғасы кез-келген көрерменді ойландырмай қоймайтыны рас. Қарапайым ауыл көрінісін ешқандай бетпердесіз әрі өтіріксіз шынайы көрсету осы жобаның басты мақсаты болған көрінеді. Осыған сәйкес фильм актерлері де қарапайым жандарды сомдайтын болады.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы