Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 сәуір, 202087

Кинодағы сіз естімеген мамандықтар

Кино әлемінде сан қырлы мамандықтар мен мамандар бар. Алайда олардың барлығын телеэкраннан көре бермейміз. Олар сапалы кино мен картина шығу үшін дәл актерлер секілді  теңдей еңбектенеді. Кейде одан да көп қызмет атқаруы мүмкін. Киноның арғы жағындағы қызықты мамандар кімдер? Олар кино жұмысында қандай қызметтер атқарады?

Кино түсіру үшін білікті түсірілім тобы мен шығармашылық ұжым қажет. Әр картинаның артында бірталай үлкен топ мен киногерлер құрамы тұратыны белгілі. Олардың атқарар еңбегі зор. Кино түсіру процессінде әрбіреуінің жұмысы, әрқайсысының жауапкершілігі маңызды. Ол жандар да күндіз-түні еңбектеніп, біздер үшін ұтымды кинолардың шығарылуына тікелей атсалысады. Дегенмен, экранның арғы жағында қалған олар туралы біз көп ақпарат біле бермейміз. Ал әрбір фильмнің соңында көрсетілетін титрды тіптен оқымаймыз, көз жүгіртпейміз. Сонымен біз бен сізге таныс емес, бірақ кино түсіру процессінде айтулы рөл ойнайтын мамандар мен мамандықтар қандай?

 

Үлескер немесе Дольщик

 

Жоқ, бұл құрылысы аяқталмаған үйлердегі пәтерді сатып алатын адам емес. Бұл камераның арнайы рельстермен немесе қозғалыспен жүретінін, оның дөңгелектерінің дұрыс қозғалатынын қадағалап отыратын жан. Неге мамандық осындай атауға ие болды? Барлығы өте қарапайым: Долли-голливудтық операторлық арбаның атауы, оған камера орнатылады. Оның міндеттері мен қызметі өте ауыр. Себебі, дольщик ауыр техникалық камераны немесе оператордың өзі жайғасқан арбаны жалғыз өзі күшпен жүргізеді. Кейде әртүрлі қолайсыз жағдайларда да еш білдіртпей үздіксіз жұмыс жасау керек болады. Бұл жұмысты кейде оператор ассистенті де атқарады.

 

Фокус-пуллер

 

Қарапайым тілмен айтқанда, оператордың фокус бойынша бірінші ассистенті. Егер сіз техникалық құралдармен кішігірім болсын таныс болсаңыз, оның қалай жабдықталғанынан хабарыңыз бар болуы керек. Сонымен бұл маман не үшін қажет? Тәжірибелі оператор кадрдағы композицияны қадағалайды, ал жақсы фокус-пуллер барлық техникалық бөлшектерді ескереді. Ол картинаның ешқандай кедергісіз дәл фокуста болуына көңіл бөледі. Жұмысты бастар алдында ол камерадан түсіру нысанына дейінгі қашықтықты өлшейді. Содан кейін фоллоу-фокус (бұл арнайы фокустауды басқару құрылғысы) көмегімен сақина фокусын белгілейді. Түсіру кезінде фокус-пуллер операторға суретті тік жасауға көмектесу арқылы осы құрылғыны басқарады. Жақсы оператордың әрдайым жақсы фокус-пуллері болады, ал жақсы фокус-пуллерде жаман оператор бола алмайды.

 

Локация менеджері

 

Кинода оны екінші продюсер деп те атайды. Негізінде бұл жерде барлығы да түсінікті. Бұл кинодағы ұтымды болатын арнайы орындарды тауып, олардың қожайындарымен сөйлесіп, келісу жұмыстарын жүргізетін адам. Бір айтқанда фильмдегі жақсы локациялар дәл осы адамға байланысты. Локацияны режиссер немесе қоюшы-суретші белгілейді. Локация менеджері сол бойынша орындар іздестіріп, ең ұтымды болар деген нұсқаларды режиссерге көрсетеді. Әрі қарай келесі этап жұмысқа көшеді. Ол объектінің иесімен немесе қалалық билікпен түсірілімнің орны мен уақыты туралы келісу қажет (заңмен проблема болмауын және форс-мажор жағдайында түсірілім процесін бұзбау үшін). Кейде қоюшы-суретшінің ассистенті де осы жұмыспен айналысуы мүмкін. 

 

Скрипт-супервайзер

 

Негізінде режиссердің көмекшісі. Оның міндетіне күнделікті сценарийдегі қанша материал түсірілгендігін қадағалап, жалпы түсірілген кадрларды қарап, түгелдеп шығу кіреді. Жақсы скрипт-супервайзер әрбір түсірілім тобы үшін ерекше көмек көрсететін маман.  Дәл осы адам түсірілім алаңында барлығының сценарий бойынша жүріп жатқандығын хабарлап отырады. Ол сахнаның атауы мен актерге және барлық түсірілім алаңындағы жандарға дубль нөмірі туралы айтып отырады. Және одан міндеттелетін ең маңызды талап ол – барлығын есінде сақтап отыру қажет.  Себебі, дәл осы скрипт-супервайзер ғана түсіру және монтаждық команда арасындағы байланыстырушы маңызды буын болады. Кез келген, тіпті ең аз бюджеттік фильмде бұл кәсіптің және осы маманның тәжірибелі болуы аса маңызды екенін есте сақтау қажет. Ол көптеген проблемалардың оңай шешілуіне үлкен көмегін тигізеді. Шынына келгенде, мұндай салада нағыз профессионалдар мүлде аз. Егер киноның түсірілім алаңында жұмыс істеп көрігіңіз келсе, осындай мамандықтарға да көз жүгіртіп өткен абзал.

 

Гафер

 

Бұл жарықтандырғыштар командасының бригадирі. Ол түсірілім алаңында электр жарығының ажыратылмауын және жарықтың сөнбеуін қадағалайды. Жақсы гафердің жұмысы және оның еңбегі әдетте байқала қоймайды, себебі барынша ыңғайлы және табиғи жарықтандыруды құру-күрделі процесс екені құпия емес.  Бірақ оны тек осы саладағы мамандар ғана бағалай алады. Ал егер гафер жалданған болса, ол бәрін байқайды, тіпті ең ерекше көрермен ғана байқай алады.

 

Декорация технологы

 

Декорация технологы - декорацияның техникалық жүзеге асуын қадағалайды. Ауызша сипаттама немесе эскиздер негізінде декорация салуға арналған материалдар бойынша жоспарларды сызып, құрастырады.  Оның спецификацияларды жасайды. Бұл кино үшін ең маңызды мамандықтардың бірі. Шын мәнінде, декорциялар кинодағы  сахнаның бастапқы эелементі болады.

 

Статист

Егер сіз кадрдың артқы жағындағы жандардың жәй ғана көшеде өтіп бара жатқан адамдар екеніе ойласаңыз, қателесесіз. Бірақ олар12-16 дубль бойы немесе 12-18 сағат бойы ыңғайсыз және ескі киімде болуы өте қиын екені мәлім.

Бұл жандардың еңбегі үлкен болғанымен, бірақ аз төленеді.  Көбісінің аты тіпті титрға да жазылмай, экранның арғы жағында қалып қояды.

 

Кинодағы дыбыстандыру және дыбыстық арнайы эффектілер жөніндегі маман

 

Кинодағы дыбыстандыру және дыбыстық арнайы эффектілер жөніндегі маман - дыбыстық арнайы эффектілер мен шуылдармен айналысатын адам. Режиссердің сценарийі мен талаптарына сәйкес келетін фильмнің дыбыстық ресімделуіне жауап бере отырып, кейіпкерлер мен оқиғаларды дыбыстандыру процессін бақылайды. Және ол дыбыстарды табиғи түрде немесе электронды-техникалық түрде құрастырады.

 

Кинолог

 

Кинолог- фильмді зерттеумен айналысатын маман. Ол кино өнер тарихы мен оның теориясын оқып қана қоймай, рецензиялар жазады, кеңесші болып жұмыс істейді, оқытушылық қызметпен айналыса алады. Оларды көп киногерлер құрметтейді. Кинологтардың ой-пікірімен, көз-қарасымен санасып, фильмнің үздік болуына атсалысуын сұрайды.

 

Кино және ТВ редакторы

 

Кино және ТВ компанияларының редакторы барлық жұмыс тобының іс-әрекетін үйлестірумен, қонақтарды іріктеумен, ақпараттың дұрыстығын тексерумен, құрылған тұжырымдаманың іске асырылуына жауап бере отырып, жұмыс кестелерін бақылаумен айналысады. Сондай-ақ, әрбір мәтінді жете қадағалап, оның қатесіз және дұрыс жазылғандығына мән беруі шарт. Сондай-ақ, мәтіндегі сөздердің құлаққа тұрпайы тимей, этика мен мәдениетке сай жазылғандығын тексеруі керек.

 

Риггер

 

Риггер - модельлер мен аниматордың жұмысын байланыстыратын қадағалайтын және оны құрастыратын маман. Бұл мамандықтың өкілі анимацияға дайын кейіпкерді дайындаумен айналысады, оның ішінде өзіндік қаңқасын, сондай-ақ нысандарды басқару жүйесін жасайды. Бұл қазіргі таңда кең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Қазір талапты әрі талантты риггердің жұмысы жоғары бағаланады.

 

Саунд дизайнер

 

Саунд дизайнер — аудио элементтерді анықтауға, басқаруға және жасауға қабілетті маман. Ол кинодағы дыбыстарын тікелей бақылайтын және ұйымдастырады.

 

Костюмер

 

Кинодағы, театрдағы немесе теледидардағы костюмдер бойынша суретші, кейіпкерлер үшін сымбатты әрі рөлге немесе сахнаға сай болатын киім үлгілерін ойластырушы, соны жасаушы. Костюмер актерлердің мүлде жаңа образдар мен кейіптерген енуіне үлкен көмектерін тигізеді.

 

Киномеханик

 

Киномеханик - кинотеатрда кинофильмдерді көрсетуші. Бұл дайын болған картинаны көрерменге жеткізуші. Оның арқасында кино сүйер қауым кино тамашалай алатын еді. Бірақ, қазіргі таңда  сандық дәуірдің келуімен бұл мамандық іс жүзінде актуалды болмай қалды.

 

Шоураннер

 

Шоураннер - жобаны толық басқаруға жауапты адам. Ол сценарий жазу процесін бақылайды (кейде оны өзі жазуы да мүмкін), бюджетпен жұмыс істейді және оған жауапты.  Дайын өнімді өндіру және жылжыту үшін жауап береді, рейтингтердің жоғарылауы – тамаша сериал жасау және іске қосу үшін қажетті негізгі міндеттерді шешеді.

 

Фазашы

 

Фазашы - таңбалар қозғалысының аралық фазаларының барлық суреттерін дайындауды орындайтын суретші-мультипликатор. Қазіргі уақытта бұл жұмыс көбінесе компьютердің көмегімен орыналады.

 

Сенситометрист

 

Сенситометрист мамандығы кинопленканы экспонаттау сапасын сенситометриялық өлшеуді орындайтын пленкаларды өңдеу цехының және кинокөшіру фабрикасының қызметкері. Ол техникалық жағынан кинодағы жауапкершілігі мол қызметтердің бірі.

 

Кинопленканы бақылаушы

 

Кинопленканы бақылаушы - киностудияда және кинокөшіру фабрикасында көрсету машиналарына қызмет көрсететін маман иесі. Барлық кино мамандарының өз жұмысында профессионал болуы, оның өз қызметінің жоғары дәрежеде оырндауы ерекше мәнге ие.

 

Кранмейстер

 

Кранмейстер түсірілім алаңындағы жауапкергілі мол мамандықтардың бірі. Ол -операторлық Кранның жұмысына жауап беретін адам. Оны монтирлейді, камераны орнатуға көмектеседі, қауіпсіздік техникасы үшін жауап береді және жебенің камерамен қозғалысын жүзеге асырады.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  videoforme.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы