19 наурыз, 202070

КиноТайм: Карантин кезінде көруге кеңес кинолар

Елімізде коронавирус эпидемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілді. Тұрғындардың карантин режиміне өтуі  туралы қаулының шыққаны кеше, сол себепті мезгілсіз демалысқа кеткен арнайы сіздер үшін отандық таңдаулы фильмдер тізімін жасадық.

Орын алған соңғы жағдайларға байланысты халықтың қауіпсіздігі үшін көптеген қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшіп, оқушылар мезгілсіз демалысқа жіберілді. Қалада ойын-сауық орталықтар мен кинотеатрлар жабылды. Уақытының көп бөлігін енді үйде өткізетін оқырмандарымызға әлемде орын алған ахуалға қарамай, позитивті көңіл-күйді сыйлау мақсатында үздік деген отандық кинофильмдерді ұсынамыз. Денсаулығыңызды күтіңіз және сапалы кино тамашалаңыз!

 

1. Анаға апарар жол

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырмасымен таспаланған бұл туынды отандық кино саласында айтарлықтай ерекше орын алады. Бұл фильмді еліміздегі әрбір жан тамашалауы керек деп білеміз. Сол себепті, аталмыш тізімді дәл осы фильмнен бастауды ұйғардық. Фильм желісі қазақ тарихында орын алған біршама тарихи кезеңдерді қамтиды. Жұт пен Ұлы отан соғысы кезінде баласынан айырылып қалған ана мен баланың ыстық махаббаты суреттеледі. Сол кездегі халық басына төнген қауіпті кезеңде адамның адам болып қалуы, жүрегі күңіренген жандардың өзгенін баласын бауырына басып, барын бергені бейнелген бұл картина әрбір көрерменнің жүрегін айырықша сезім бөлейтіні сөзсіз.

 

2. Семьянин

Орта жасқа келген Мұхтар өзін жолы болмаған бақытсыздар қатарына қосады. Себебі, оның мойында бірнеше несие мен қарыздар, отбасы алдындағы жауапкершілігі бар. Ал егер ол ерте үйленбегенінде, бәрі де басқаша боларына, бұдан жақсырақ өмір сүретініне кәміл сенеді. Алайда, тағдыр оны көп күттірген жоқ. Күндердің бір күнінде іші алтынға толы кең сарайда оянған Мұхтарда енді қалағанының бәрі де бар. Бірақ, мұндай рахат өмірдің құны дәл өзінің отбасы екенін білген басты кейіпкер енді қандай амал қолданады? Отбасылық құндылық пен ақша және байлықтың ортасында қалған Мұхтардың таңдауы қандай болмақ?

 

3. Бизнесмены

90 - жылдардың жастары өмірлеріндегі дағдарыстан шығу жолын іздеп бизнес ашуды жоспарлайды. Алайда, кәсіп бастау - ол бір үлкен тәуекел іс екенін кеш ұққан үш достың алдынан көптеген күрделі кезеңдер мен тосқауылдар шығады. Сол бір қиын - қыстау жағдайға тап болған алғашқы бизнесмендердің өмірі қалай жалғасын тапты?

                      

4. Әли

Жоғары оқу орнын бітірген қалалық Әли өз туған ауылына барып, ондағы балалар мен жастардың білім мен салауатты өмірге деген қызығушылығын арттыруды көздейді. Шалғай ауылдардағы жастардың бойынан ғылым мен спорттың кез-келген түріне  икемі бар екенін байқаған Әли оларға дұрыс бағыт беруді мақсат тұтатады.

 

5. Класстастар

18 жылдан кейін кездескен сыныптастардың айтар жаңалықтары мен бөлісер қызықты оқиғалары көп. Фильм сыныптастар бас қосқан жиында орын алған күлкілі жағдайлардан сыр шертеді.

 

6. Финансисты

Брокерлер, қор биржасы мен ақша айналымы. Адамды арбап, өзіне тәуекел ететін ақша әлемі қашанда қауіпті. Пұлға тән мен денсаулық, ал кейде адам өмір де тігіледі. Биржалық әлемнің қатыгездігі соншалық, тіпті бір тиынның өзі тірі жанның құнымен тең.

 

7. Кино по понятиям

 Тек комедия жанрында фильм түсіретін жас кинорежиссер Қанат Қожанов енді өзін басқа бағытта сынап көргісі келеді. Көпке атақты болатын криминал жанрын таңдаған оның өмірінде кинодағы жаңа бағытынан бөлек, өмірі де түбегейлі өзгереді.

 

8.Три лимона

Қарапайым такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін Жәнібек атақты тележүргізуші қызға ғашық болып қалады. Жігіт күндердің бір күнінде табысқа жетіп, ғашығымен тең дәрежеде боларына сенеді. Оның сенімі алдаған жоқ. Көлігінен ақша толы сөмкені тапқан Жәнібектің өмірі енді күрт өзгереді. Ол табысты кәсіпкер атанып, бизнес саласында танымал бола бастайды. Бірақ, сол кездегі миллион толы сөмкенің шын иесі пайда болған кезде Жәнібек қандай амалға көшпек?

 

9. Махаббат бекеті - 2 (Станция судьбы)

Жиырма үш жастағы бүлікші әрі жалқау жігіт, Ұлан кезекті тентектігінен кейін полицейлерден қашып, поезд вагонына секіріп кетеді. Онда ол өмір бойы іздеген сұлу әрі нәзік Гүлназ есімді қызға ғашық болады. Екеуінің жәй ғана ұнату сезімі оларды үлкен махаббатқа жетелейді. Алайда оларды алда көп қиындықтар күтуде.

 

10. Больше чем кино

Фильм фильм жайында. Жас кинорежиссер өзінің дебюттік фильміне қаржыландыру таппай, кішігірім балаларға арналған тележобаға жұмысқа орналасады. Түсірілім алаңына тап болған ол дәл осы алаңда керекмет кино түсіруге болатынын түсінеді. Бірақ, ол үшін түсірілім тобы мен актерлерді көндіруі қажет. Ал бұл оның қолынан келер ме екен? 

 

Автор:  Жанерке Ахмадиева

Фото:  sm-news.ru

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы