Размер шрифта:

Цветовая схема:

11 маусым, 202075

Кинотеатрлар келушілерді қабылдауға қамдануда

Келушілерге қойылатын басты талаптар – әрине, маска тағу, қолды залалсыздандыру әрі жоғары температураның болмауы. Ал, олардың қауіпсіздігін барынша сақтау үшін кинотеатрлар желісі тарапынан да жасалған істер аз емес көрінеді. Мысалы, 3Д көзілдіріктер арнайы жеке қаптамада әрі жеке қолдану үшін ғана сатылады. Сатылған көзәйнектерді бұдан бұрын ешкім қолданбаған, ешкім ашпаған, демек, сәйкесінше, алғаш рет пайдалануға беріледі. Көзілдірікті бірнеше рет пайдаланса да болады.

Кинотеатр әкімшілігі билеттерді сатып алуды да келушілер үшін барынша ыңғайлы етіп ойлап табуға тырысыпты. Ол үшін қолма-қол ақшасыз функциялары бар сату терминалдарын орнатып, мүмкіндігінше соларды пайдалануға кеңес береді. Алайда, келушілердің көбі билеттерді қолма-қол ақшаға сатып алатындығын ескеріп, бұл қызмет түрін де қалдырған екен. Бұдан бөлек, Samsung Pay акциясының жұмысын ұзартқан.

Қолдарды зарарсыздандыру үшін антисептиктер жиі әрі көрінетін жерлерде орналасады. Вирусты таратпау мақсатында кинотеатр бұдан былай попкорнды қаптауды жөн көрген. Бұл сатып алу үрдісін қиындатқанмен, қазіргі жағдай осыны талап етеді.

Кассалардың маңында, яғни адамдардың тығыз шоғырланған жерлердегі еденге әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер қойылған. Қауіпсіздік үшін бардағы негізгі тауарларды терминалдан алдын-ала сатып алу мүмкіндігін де жасаған. Бұл супермаркеттегі қоғамдық орындарды айналып өтіп, арнайы белгіленген экспресс кассадан барлық қажеттіліктерді қапталған әрі дайын түрде алып кету үшін қарастырылған.

Әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін келушілер кинозалдарда әр үшінші орын сайын отырғызылады. Ал, арадағы бос орындарға кинотеатр әкімшілігі креатив жасап, картон адамдарды отырғызбақ. Бұл жағдайда қартонды адамдар - көрермендер назарына алғаш рет жол тартқалы жатқан «Лаборатория счастья» фильмінің актерлері болмақ.

Залалсыздандыруға қайта оралсақ. Залдарды санитарлық тазалау жұмыстары сеанстардың арасында 45 минутқа дейін күніне үш рет жасалады. Сонымен қатар, барлық кинозалдарда аса ыңғайлы орындардың арасы бөлінген. Олар әр екі орын сайын орнатылған.

Естеріңізге сала кетейік, 15 маусымынан бастап санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда еліміздің кинотеатрлар жұмысы қайта қалпына келтірілетін болады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы