Размер шрифта:

Цветовая схема:

14 қазан, 2020276

Кинотеатрлар қайта оралуы мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантин жүйесіне байланысты қызметі тоқтаған қазақстандық кинотеатрлардың алдағы жағдайы туралы айтты. Министрдің айтуынша, бұл мәселе туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қажетті шараларды қарастыруда.

 Бүгін өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында бірқатар мәселелер талқыланды.  Олардың қатарында отандық кинотеатрлардың әріқарайғы қызметі туралы да айтылды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, алдымен 30 пайыздық толтыру жүйесі және барлық қажетті тазалық сақтау шаралары қарастырылуы қажет.  

   Індет көптеген ірі кәсіп пен шаруашылыққа айтарлықтай әсерін тигізген болатын. Олардың қатарында қазақстандық киноиндустрия саласы да бар. Кинотеатрлар қызметі тоқтағаннан бері 5 мыңнан аса адам жұмыстарынан айырылды, картиналардың өндірісі тоқтатылып, түсірілімі аяқталған кинофильмдер өз премьерасын күтіп шаң басып қалды. Алайда, соңғы уақытта еліміздегі карантин жүйесі жеңілдетіліп, қалалардағы мейрамхана, сұлулық салондары, сауда- ойын сауық орталықтары мен театрлар жұмыстарын жалғастыруда.  Сонымен қатар, өңір арасында ұшақтар мен пойыздардың қатынауына да рұқсат берілген. Ал кинотеатрлардың қызметі енді қашан жанданады деген сауалға министр былайша жауап қайтарды.

«Біз кинотеатрлар толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық шараларды қарастырып жатырмыз. Қазір біз «Атамекенмен» жұмыс істеп, театрлар секілді кинотеатрлардың да өз қызметіне қайта кірісуі үшін нақты ұсыныстарды қарап жатырмыз. Ойын — сауық-бұл бос уақыт өткізу форматы, онсыз да халық өмір сүре алады алады», - деді министр Алексей Цой.

   Қазіргі таңда кинотеатрлар жұмысы көрші Ресейде, Өзбекстанда, Қытай мен Америка Құрама Штаттарында тұрақталған. Тіпті коронавирустың екінші толқыны басталып келе жатқан Еуропаның өзінде кинозалдар жұмыс істеп тұр. Kinopark&Kinoplexx Theatres PR-директоры Ерлан Бұхарбаев отандық кинотеатрлар барлық санитарлық талаптарды орындауға дайын және мұндай жұмыс режимінде қызметін жалғастыруға әу бастан-ақ  қарсы болмағандығын айтады. Тек билік өкілдері өз шешімдерін жарияласа болғаны дейді кинозал басшылары.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы