Размер шрифта:

Цветовая схема:

13 наурыз, 2020193

Кинотеатрлар жабылды

Әлемді жаулаған қауіпті коронавирустан сақтану мақсатында енді елімізде кинотеатрлар жұмыс істемейді. Бұл туралы 12 наурызда жасалған ресми хабарламада айтылды. Отандық фильмдер көрерменсіз қалды.

Дүниежүзіне тараған коронавирустің қауіпі біздің елге де жетті. Үкімет елде сақтық шараларын жүргізу мақсатында бірқатар іс- шаралардың қолға алынып, күшейту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мәселен, халық көп шоғыраланатын елдегі барлық ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлардың жұмысы уақытша тоқтатылмақ. Ол туралы күні кеше премьер- министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ресми хабарлаған болатын. 

 

Ералы Тоғжанов, вице- премьер:

“Ойын - сауық орталықтары мен базарлар жұмысын тоқтатпайды. Мемлекет халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуі қажет. Ал кинотеатрлар жабылады. Бұл шешімді қабылдау оңайға түскен жоқ. Бірақ, халықтың сақтығы мен вирустың тарамауы үшін барлық амалдарды қолданған жөн. Өздеріңіз білесіздер, стандартты фильм бір сағаттан астам уақыт жүреді, ал осындай ұзақ уақытта көп адамның бір жерде шоғырлануы вирусты тез жұқтыруға мүмкіндік жасайды. Міне, сондықтан біз осындай шешімге келдік” 

 

Бұл өз кезегінде алда жоспарланған кино премьералардың уақыты шегеріліп, жүріп жатқан жаңа фильмдердің кассалық бюджетіне айтарлықтай өзгеріс әкелетіні сөзсіз. 

Сол себепті, Ticketon сервисі және бірқатар кинотеатр саласындағы қызметкерлер ҚР премьер-Министрі А. У. Маминге кинотеатрлардың қызметін тоқтату туралы шешімді қайта қарауын сұрап, арнайы хат жолдады. Хатта олар бұл қаулының еш пайдасыз екенін және халықтың қауіпсіздігі үшін арнайы дезинфекциялық жұмыстардың жүйелі жүретінін қамтамсыз ететіндіктерін атап өткен болатын. Жергілікті билік органдарынан тұщымды жауап алмайынша, елдегі барлық кинотеатрлар штатты режимде жұмыстарын жалғастыратын болады деп хабарлады KinoPark.kz. 

https://www.instagram.com/p/B9o6RPqHoYy/

Бұл шешімнің ұшы отандық киногерлерге де  тигені сөзсіз. Жақында ғана тұсаукесері болып,  кинотеатрларда әлі толық көрсетіліп үлгерілмеген «Батырлар» тарихи фильмі, «Гудбай, мой бай 2», «Я пышка»,  «Жаным, ты не поверишь!» және «Семейные страсти»  сияқты бірқатар отандық фильмдердің болашағы белгісіз. Премьерасы 19 наурызға жоспарланған «Келинка Сабина 3» фильмінің продюсері Нұртас Адамбай өзінің инстаграм парақшасында болып жатқан жағдайға байланысты халыққа еш алаңдамай, сабыр сақтауларын сұрады.


фото: instagram - @nurtasadambay

Сонымен қатар, фильмнің жаңа креативті постерін жариялап, киноның шығу датасының өзгергені туралы хабарлаған болатын. Ал сәуір айында көрсетілуі керек болған отандық  «Базар жоқ, Мексика!» және «Где мое кольцо?» фильмдерінің авторлары әлі ешқандай ресми хабарлама жасаған жоқ. Бұл фильмдердің премьерасына дейін елдегі вирустың қауіпі сейіледі деген үміттеміз.
 

Автор:  Жанерке Ахмадиева

Фото:  ticketon.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы