Размер шрифта:

Цветовая схема:

17 ақпан, 2020311

Көкпар туралы телехикая телеарна эфирінде

Бүгіннен бастап телекөрермен назарына ұсынылған «Бақталас» атты телетуынды ұлттық бітім-болмыс пен қазақтың тұрмыс-тіршілігін суреттейді. Сонымен қатар ұлттық спортты дәріптеп, жастарды дәстүрге баулиды. Бұдан бөлек, телехикая қазақтың ұлттық спорт түрі - көкпарды насихаттауға арналған.  

Шытырман оқиғалы отандық туындыда қазақстандық кино және театр актерлері өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Асылхан Төлепов, Абзалбек Максим, Ғани Құлжанов, Бақытжан Әлпейісов, Айдос Әуесбаев, Шынар Жанысбекова, Жазира Еркін, Мақпал Қасенова, Олжас Әлжанов, Бақыт Тушаев пен Олжас Тоғымбет.  

Төл туындыда басты рөлдердің бірін орындайтын Асылхан Төлепов осыған дейін қырғыз режиссері Руслан Акунның «Көкпар. Время стойких» атты фильмінде Мақсат есімді көкпаршының рөлін ойнаған. Атқа мініп, шабуда шеберлігі шыңдалған Асылхан телехикаяда енді Мәди есімді спортшыны сомдап, бар өнерін ортаға салмақ. Актер осы уақытқа дейін сонымен қатар «Қыдыректің арманы», «Финансист. Игра навылет» фильмдерінде басты кейіпкерлерді сомдап келген. Алайда, көрерменге ол әсіресе, «жаужүрек» бала («Жаужүрек мың бала») ретінде кеңінен танымал.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы