Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 қазан, 2020334

Күзгі демалыс кезінде балаларға көруге кеңес берілетін фильмдер

Балалардың күзгі демалыстарына небары бір аптадай уақыт қалды. Сондықтан бұл кезең қызықты әрі пайдалы өтуі үшін балаларға арналған шытырман оқиғаға толы отандық фильмдерді тамашалауға шақырамыз.

«Волшебный спонсор»
(1998)

Сюжеттің бас кейіпкерлері - интернатта тұрып жатқан Ербол мен Витька есімді екі бала. Олардың өмірлері өкініш пен жағымсыз жағдайларға толы, алайда біраздан соң жасөспірімдер нағыз сиқырмен танысады. Кәдімгі мата қуыршақ шынайы балаға айналып, Ербол мен Витькаға кез келген қатені түзеуге көмектесуге дайын тұрады. Алайда сиқырлы Әпитөктің барын кейін өзгелері де білетін болады. «Волшебный спонсор» - 1998 жылы жарық көрген фэнтэзи жанрындағы фильм. Бір қызығы, картинаның «Куклы колдуна» атты басқа да атауы бар екен. Қазақстан үшін таңсық жанрдағы фильмнің режиссері – Ася Сулеева. Сиқырлы сценарийге жауапты болған Серік Райбаев. Актерлік құрамда негізінен жас балалар. Олардың көбі үшін бұл кинолента дебют саналады.

Фото: blizzardkid.net

«Аңшы бала»/ «Каникулы Камбара»
(2011)

«Аңшы бала» - бұл өзінің қорқыныштарымен күресіп жүрген қалалық жасөспірім бала туралы фильм. Қамбар шалғайда жатқан ата-әжесінің ауылында жазғы демалысын өткізеді. Жаңа достармен танысады, өзенге түсіп, жұлдызды аспан астында отқа картоп қуырып, құрдастарымен қорқынышты әңгімелер айтумен болады. Бұл көңілді әрі бейқам өмір елді-мекенге қасқыр жақындай түскенде аяқталады. Бір түні оның Самал есімді құрбысы бағып-қараған лағына қасқыр шапқан соң, Қамбар аңға шығуды шешеді. Режиссерлер Ерлан Нұрмұхамбет пен Бегарыс Елубайдың туындысы шынайы оқиғаға негізделген. Фильмде бас рөлді Сануржан Сүлейменов сомдады. Кішкентай Самалды Жанель Аликова ойнады. «Аңшы бала» фильмі қазақ тілінде түсірілген, алайда орыс тіліне де дубляждалған екен. Лента Голливудта өткен International Film Festival кинофестивалінде «Үздік шетелдік драма» аталымында бас жүлдені жеңіп алды.      

Фото:listapad.com

«Книга легенд. Таинственный лес»
(2012)

Бұл Баха мен Таханың шытырман оқиғалары туралы сиқырлы хикая. Бай-қуатты кәсіпкердің балалары уақыттарын қызықты өткізеді, үнемі думандатып жүреді.  Әкелеріне күнделікті түрлі тосынсый көрсетеді. Алайда бұл у-шуға толы үйдің де өзіндік кішкентай қайғысы бар. Бәрі бар болғанымен, аналық махаббат жетіспейді. Бір күні балалар атақты амазонкалар патшайымы туралы қызықты бір кітап тауып алады. Олар патшайымға қауіп төніп тұрғанын біліп, оған дереу көмектесуге ертегі орманына аттанады. Амазонкалар патшайымына көмектескен соң, ол бірден олардың армандарын орындайды. Ол армандары – ата-анасы бар, әкесінің балаларға уақыты жететін толыққанды отбасы болу. Алайда барлығы ойдағыдай өтсе жақсы... Таха мен Баханың жолында ашулы өгей аналары тұрады.

«Книга легенд. Таинственный лес» картинасының режиссері Ахат Ибраев. Лентада фантастика мен шынайылық астасып жатыр. «Книга легенд» - бұл фэнтэзи, комедия мен шытырман оқиғалар синтезі. Картина балалар көзімен отбасының қаншалықты маңызды екендігін көрсететін хикая.  

Фото: vlast.kz

«Жеңіс семсері»/ «Меч победы»
(2012)

«Жеңіс семсері» фильмінің бас кейіпкері – Айтұрат. Оқушы үнемі қитұрқы жағдайларға тап болады, алайда бір күні ол ауылдың бір шетінде көне семсерді тауып алады. Бұл семсер ол жерге қайдан тап болады? Осы сұрақ Айтұратты қызықты шытырман оқиғаларға әкеледі. Дәл осы кезде өзінің семсерін іздеп табу үшін Арыстан Батыр да біздің дәуірге аттанады, алайда болашаққа ол жалғыз келмейді. Оның артынан аңдушылары да еріп келеді. Олармен шайқасудан басқа амал жоқ. Семсер көзге көрінгендей қарапайым емес. Ол жамандықпен күресетін оған лайықты адамға ғана жеңіс сыйлайды. Шешуші шайқас қызу болмақ. Картина 2012 жылы түсірілсе де, оның әлемдік премьерасы 2013 жылы өтті. Фильм Қазақстаннан тыс жерде аса танымалдылыққа ие болмаса да, одан картина құндылығын жойған жоқ. Сценарийді кинолента режиссерлері Ася Сулеева мен Әнуар Райбаев бірігіп жазды. Екеуінің киноиндустриядағы еңбектері жетерлік, алайда «Жеңіс семсері» балаларға арналған үздік фильмдердің бірі болды. Фильм көптеген көрермен сүйіп қарайтын фантастика мен шытырман жанрын біріктірген. Әрине, мұндай оқиға шынайы өмірде орын алуы мүмкін емес, алайда қызықты болса, оның несі айып?   

Фото: brod.kz

«Каникулы оff-line» және «Каникулы оff-line»
(2018, 2019)

Бұл қарапайым студент болған Қайрат, Болат және Дастан есімді үш достың хикаясы. Үшеуі қомақты қаражат жинау үшін өз кәсібін ашуды армандайды. Нәтижеге қол жеткізу үшін барлығына бармақ. Ақыры олар өз балалар лагерін ашып, онда жасөспірімдерге тәрбие береді. Достардың ісі оңға басады, алайда мұның күтпеген жағдайларға әкелмесіне кім кепіл? Жастардың өскелең ұрпаққа берген тәлім-тәрбиесі көмектесе ме? Әлде бұл клиентті алдаудың кезекті тәсілі ме? Картинада Мейірғат Амангелдин, Бекзат Елеусізов, Еламан Есентаевтермен бірге кішкентай актерлер - Ясмин Нұрмақова, Мағжан Хамит, Ермұрат Ментаев және басқа да балалар өнер көрсетті. Фильмнің екінші бөлімінде Қайрат инвестор болу ұсынысын қабылдап, ірі холдингке басқарушы орынға жұмысқа тұрады. Ал «Ауылкемп» лагерінде басшылар болып өзінің екі досы Дастан мен Болатты қалдырады. Бұл екеуі өз кезегінде бірінші күннен-ақ ұрсысып, лагерьді екіге бөледі. «Ересек» балалар Дастан мен Болат қаладан келген жаңа лагерь тәрбиеленушілеріне бас-көз бола ала ма? Бұл фильмде бірінші бөлімдегі актерлердің қатарына басқа кішкентай актерлер келіп қосылады.

Фото: brod.kz

«Бала  Ғашық»
(2019)

Қоюшы-режиссер Бегарыс Елубаевтің түсірген «Бала Ғашық» балалар фильмі шалғай ауылда өмір сүріп, кейін интернатқа көшуге мәжбүр болған бала жайында баяндайды. Интернатқа келсе, барлығын басқаратын қыз екендігін көреді. Енді оған өзін көрсетуден басқа амалы жоқ. Фильм сценарийін Смағұл Елубаев жазды. Шытырман оқиғалы кинолентаны Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Фото: brod.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы