Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 тамыз, 202041

«Любовь на миллион» картинасының премьера күні белгіленді

Продюсер Тимур Бақтыбаевтың «Любовь на миллион» комедиясының жарыққа шығатын жаңа мерзімі белгілі болды. Картина қазан айының басында отандық көрерменге жол тартады.

«Достар! Ақыры кинотеатрлар ашылып, 7 қазанда біздің бірінші фильміміз «Любовь на миллион» романтикалық комедиясы шығатынын ресми түрде хабарлаймыз», - деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кинолента сюжеті кенеттен байлыққа тап болатын қарапайым жігіт жайында баяндайды. Ғашық болған ол ұнатқан қызының көңілінен шыққысы келеді. Алайда байлыққа қарамастан, сырт келбеті кедей-кепшікке ұқсайтынын түсінеді. Осы себепті жас жігіт ақсүйектер өкіліне ұқсамақ болып, имиджін өзгертуге бел буады.

Фильмде бас рөлдерді актерлер – Жахан Отарғалиев, Дина Тасболатова, Ернар Сакупов пен Гүлнар Сильбаевалар сомдайды. Романтикалық комедияны жасауда қоюшы-режиссер Олжас Ибраев, продюсерлері Тимур Бақтыбаев пен Назира Әлмұхамбетовалар еңбек етті. Сценарийін жазған Данияр Күмісбаев болды.

«Любовь на миллион» жобасы - оның авторларының алғашқы төл туындылары. Фильм түсірілімдері өткен жылдың күзінде жүргізіліп, «Казахпайская любовь» жұмыс атауын иеленген. Картинаның алғашқы премьерасы 4 маусым күні өтуі тиіс-тін, алайда карантинге байланысты бұл дата 9 шілде күніне ауыстырылған болатын. Бірақ осы мерзімде елде қатаң карантиндік шектеулер күшейтілгендіктен, фильмнің тұсаукесер күні қайта шегерілді. Енді фильм отандық прокатқа елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, кинотеатрлар жұмысы қайта жанданатын болса, 7 қазан күні жол тартады деп көзделуде.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  @timurbaktybayev

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы