Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 шілде, 2020427

Маңызды кездесу туралы фильм

Біз әкені әдетте анадан кейін екінші орынға қойып жататынымыз бар. Демек, оның маңызы төмен болғаны ма? Жоқ. Шынтуайтында, әкенің ұлы мен қызының өміріндегі орны әлдеқайда ерек. Мұны қазақстандық режиссер Асқар Бисембиннің жаңа картинасы дәлелдемек.

Отандық «Притяжение» компаниясы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші питчингінде өз жобасын ұсынып, жеңіске жеткен еді. Енді міне, қазір компания Асқар Бисембиннің режиссерлік етуімен «Билет из рая» деп аталатын комедиялық драманың өндірісіне қамдануда.

Фильмде терең философиялық ой жатыр. Мақсат есімді жас жігіт – үйдің отағасы әрі екі баланың әкесі. Оның негізгі міндеті – отбасын асырап, балаларды тәрбиелеу. Ол үшін жігіт қызмет етіп жүрген логистикалық компаниясында жетістікке қол жеткізбек. Жуық арада оған бас директордың орынбасары қызметін ұсынуы керек. Алайда, бір сәтте барлығы өзгеріп, бұл лауазымға директордың көңілдесі ие болады. Жаңа қызметтен құр қалған Мақсат шынымен де болашағына алаңдай бастайды. Дәл осы сәтте автобуста ерекше кездесу болады. Қоғамдық көлікте оның жанына белгісіз бір адам келіп отырады. Оның көзінен Мақсат марқұм болған әкесін көреді.

Бұл картина әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты, бірін-бірі тыңдай білудің маңыздылығын, ең қиын сәттерде жанынан табылу сияқты маңызды нәрселерге көңіл аударады. Картинада терең ой жатқанымен, туынды комедиялық жанрда түсірілмек. Режиссердің негізгі құрылғысы да осы.

Естеріңізге сала кетейік, режиссер Асқар Бисембин осы уақытқа дейін талай комедиялық картиналарды жарыққа шығарды. Олардың қатарында «Свадьба на троих», «Замуж в 30», «Наурыз.kz», «Жена - не стена», «Семейные страсти», «Три подружки» фильмдері бар.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы