Размер шрифта:

Цветовая схема:

21 қазан, 202027

Мемлекет қолдауымен түсірілетін анимациялық фильмдер

Биыл Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген екінші жобалар питчингінде ұлттық фильмдерге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету мәселесі бойынша Сарапшылар кеңесі мен Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 42 киножоба ұлттық фильмдер өндірісінің тақырыптық жоспарына енгізілді. Бұл дегеніміз 40-тан аса жаңа картинаның дүниеге келуіне қолдау жасалды. Оның 4-уі балаларға арналған фильмдер болмақ.

Мемлекеттік қаржылық қолдауға ие болған мультфильмдердің бірі – «Алтын адам» анимациялық фильмі. Балаларға арналған туынды Өмір Отын іздеп Хан Тәңірі тауының шыңына аттанатын сақ жауынгерінің шытырман оқиғаларынан сыр шертеді. Жолда ол жаңа достарды да тауып, дұшпандарға да кез болады. Сөйтіп, нағыз жауынгер атанып, сақ жеріне төнген жауыздықты жеңеді.  Картинаға Т.Майдан режиссерлік етеді. Картина продюсері әрі сценарисі - Ә.Бағдат. Анимациялық мультфильм Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясымен түсіріледі.

Ұлттық фильм мәртебесіне ие болған ендігі жоба – «Еркетай» мультфильмі. Фантастикалық хикая жоғалып кеткен қойды іздеуге аттанатын қарапайым бала туралы баяндайды. Бірақ ол бұл іздеу жолы оның достық, ерлік, батылдық пен Отанына деген махаббатқа толы тосын әрі шытырман оқиғаға толы жолдың бастауы болатынын сезбейді. Фильм продюсері - О.Ахметов. Режиссері әрі сценарийін жазған – О.Жақып. Мультфильм ««Art Maral» компанисымен түсіріледі.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының екінші жобалар питчингінде анимациялық фильмдер бойынша жеңіске жеткен төрт жобаның бірі – «Караван историй» мульфильмі. Бұл – Жібек жолы бойымен саяхаттайтын үш қыз бен айдаһар-атаның фантастикаға толы шытырман оқиға. Бұл айтарлықтай шынайы әлемде парадокстар көп. Қазіргі заман мен сиқыр, интернет-технологиялар мен дәстүрлі білім қатар суреттеледі. Мультипликациялық сериалды жасаушы аниматорлар бұл туындыны фильмдер мен сериалдардың өндірісімен айналысатын ірі американдық Netflix компаниясына ұсынбақ. Бұл мультфильм арқылы олар балаларға ортақ үйіміз – Жер-ананы қорғап, ол үшін жауапты екендіктерін әрі экологияны сақтау керектігін көрсетпек. Картина режиссері С.Королевич. Продюсері Е.Рысаков. Сценарийін жазған – С.Мырзашев болды. Айта кетейік, «Караван историй» мультфильмін «Балапан» телеарнасы мен 7 арнаның тапсырысы бойынша бірқатар мультипликациялық сериалдар жасаған «Ырысы Ақ Қазақстан» компаниясы түсіреді.

Мемлекеттік қолдауға ие болған төртінші анимациялық туынды – «Кенже қыз» мультфильмі  болды. Кішкентай қыз оған көңіл аудармаған ағаларын таңқалдырмақ болып, қателесіп көне жынды босатады. Енді оны тек кішкентай қыздың өзі ғана тоқтата алады. Сондықтан жын алып күшке ие болып, мықты әскерді жасақтап алмағанша, оған дереу іске кірісу қажет. Мультипликациялық жобаны жүзеге асыратын «Адай Продакшн анимациялық студиясы» болмақ. Продюсерлері – А.Рахимжанов пен А.Әбельдинов. Сценарийін Д.Ділдәбекова мен С.Деркач жазды.  

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы