Размер шрифта:

Цветовая схема:

16 қазан, 2020468

«Менің атым Қожа» әсем махаббат көрінісіне айналды

Отандық ескі фильмдер қазіргі махаббат хикаяларының себепкері болып жатыр. Алматылық ғашықтар қалаға «Менің атым Қожа» фильміндегі Жанар мен Қожа бейнеленген муралды тарту етті. Бұл қаладағы тек әсем туынды болып қана қоймай, екі жанның нәзік сезімдерінің бір белгісі ретінде есте қалары сөзсіз.

Өнер мен мәдениет тоғысатын, еліміздің сұлу қаласы Алматы шаһарында тағы бір ерекше мурал пайда болды. Абай және Шәкен Айманов көшелерінің қиылысында орын тепкен муралда қазақ киносының майталманы Абдолла Қарсақбаев режиссерлік еткен «Менің атым Қожа» кинофильміндегі басты кейіпкерлер Қожа мен Жанар бейнеленген.

@kazakhfilm_official

Туындыны Tigrohaud командасының өнерлі суреттшілері салған көрінеді. Street-art өнерімен айналысатын Ержан мен Әли есімді жігіттер дәл осы суреттің авторлары.

@kazakhfilm_official

Ал тапсырыс  беруші және идея авторы Алматылық Асан есімді жігіт.  Бұл көркем туынды өз сүйіктісі әрі жары Ұлжан үшін жасалған тосын сый. Асанның айтуынша, «Менің атым Қожа» фильмі кездейсоқ таңдалмаған. Картинадағы басты кейіпкер Қожа Асанның өзіне ұқсас болса, ал Жанар мінезі жағынан Ұлжанға келеді. Сонымен қатар, қос ғашықтың бұл ең сүйікті кинофильмі екен. Тосын сый ретінде таңдалған қалалық мурал да бекер емес. Ұлжан өзінің сүйікті қаласы Алматының көркіне үлесін қосуды армандап жүрген көрінеді. Осылайша, тарихта қалған көркем туынды заманауи кезеңдегі әсем махаббатың көрінісіне айналды.

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  @kazakhfilm_official

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы