Размер шрифта:

Цветовая схема:

27 наурыз, 2020378

#Менің кино карантинім

Қазақстандағы ірі кинотеатрлар желісінің бірі жаңа челлендж бастады. #МойКиноКарантин деп аталатын жаңа бастаманың идеясы – елдегі кинотеатрлар жабылғалы үлкен экрандардан жаңа фильмдерді көруге мүмкіндік болмағандықтан, киносүйер қауым, кино жұлдыздары және бәрі-бәрі жақындарымен үйде отырып, көруге кеңес беретін өзінің сүйікті топ-5 фильмдерімен бөлісу. Шектеу жоқ, сүйіп көретін кинотуындылар саны асып жатса, тіптен жақсы.

Танымал қазақстандық актер, режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай алғашқылардың бірі болып әлеуметтік желі парақшасында сүйікті бестігін жария етті. «Форрест Гамп», «Храброе сердце», «Список Шиндлера», «Крестный отец» және «Социальная сеть» фильмдері Нұртастың ойына бірінші оралған кинокартиналар екен.

Қазақстандық актер әрі каскадер, ал таяуда көрермендердің назарына ұсынылған қара комедия жанрындағы «Жаным, ты не поверишь» фильмінде продюсер ретінде де танылған Жандос Айбасов болса, «Форест Гамп», «Самый пьяный округ в мире», «Любовь и голуби», «Список Шиндлера» және «Сука любовь» картиналарын өзінің сүйікті фильмдері қатарына жатқызды.  «Фильмдер әрине, көп, алайда дәл осы атағалғандар - жүгіру кезінде еске түскендері», - дейді актер әлеуметтік желі парақшасында жариялаған бейнепостында.

Челенджді қабыл алған қазақстандық актерлердің бірі  Тәуекел Мүсілім «Бригада» сериалын, «Дневник памяти» және «Зеленая миля» фильмдерін карантин кезінде көруді ұсынды. Сондай-ақ, актер елімізде короновируске байланысты жарияланған карантин кезінде баршаға үйден шықпау кеңес беріп, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген тілегін жеткізді.

Челледждің тағы бір тұсы - оны эстафета ретінде достарға жіберу. Олай болса, алдағы уақытта қазақстандық киноиндустрия майталмандарының қандай фильмдерді сүйіп көретінін білетін боламыз.

Ал, біз өз кезегімізде шетелдік кинолармен қатар отандық фильмдерге де ден қоюды ұсынамыз. Сондай-ақ, жалпыға ортақ талаптарды сақтап, осынау сын сағатта елімізге қолдау білдіріп, бірлігімізді көрсетуге шақырамыз!

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы