Размер шрифта:

Цветовая схема:

23 шілде, 202057

Мобильді блокбастер фильмдер фестивалі екінші рет өтеді

Қазақстанда  Mobile Blockbuster film festival атты смартфонға түсірілетін қысқаметражды фильмдер фестивалі екінші рет ұйымдастырылуда. 

Қазіргі таңда мобильді бейне кең сұранысқа ие. Оның кемшіл тұстарынан артықшылықтары мен ұтымды тұстары басымрақ екені белгілі. Оны біз соңғы технологиялық жаңалықтарға қарап-ақ байқауымызға болады. Ең маңызды әрі ерекше артықшылығы- қолжетімділігі болса керек. Себебі, ұялы смартфонды кез-келген жерде және уақытта, өзіңізге қолайлы жағдайда қолдана аласыз. Ал кино өнерімен енді ғана танысып келе жатқан жас дарын үшін мобильді бейне таптырмас мүмкіндік. Ол оның ойының озық болуына және фантазиясының дамуына үлкен әсер етіп қана қоймай, көптеген эксперименттер мен тәжірибелер жүргізуіне қолайлы. Бүгінгі күні әртүрлі бейне немесе роликтер түсіруде танымал болған технологиялық бұл мүмкіндік кеңінен қолданылып келе жатыр. Елімізде де осыған орай әртүрлі байқаулар мен конкурстар жиі ұйымдастырылып келеді. 

Биыл тағы бір мәрте қайта өткізілгелі жатқан аталмыш Mobile Blockbuster film festival конкурсына әрбір қазақстандық қатыса алады. Қатысу шарттары бойынша, ережелерге сәйкес қысқа метражды картина тек ұялы телефонның камерасына түсірілуі қажет.  Өтінімдер қабылдау осы жылдың  15 тамызынан бастап қазан айының он бесінші жұлдызына дейін жалғасатын болады. Фестиваль онлайн-форматында өтеді деп жоспарлануда. 

Жоба авторлары байқауға қатысушыларды өздерінің жұмыстарын көрсетуінде еш шектеу жоқтығын айтады. Яғни, сматрфонға түсірілген қысқа метражды кинофильмдердің сюжеті және жанры бойынша еркіндік берілетін болады. Ең бастысы, картиналар мен жобалар "Уақыт машинасы" тақырыбына сәйкес келіп, ұялы телефонға түсірілсе болғаны.

"Мен фестивальдің қазылар алқасының құрамында болғаныма өте қуаныштымын. Шығармашылық үшін шек, қашықтық немесе басқа шектеулер жоқ деп ойлаймын. Бұл жоба біздің барлығымыз шектеулі қозғалыс жағдайында болғанына қарамастан, қатысушылар шығармашылықпен айналысып, өз еңбектерін білдіре алуына үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен қатар, менің ойымша, бұл қазақстандықтарды шабыттандырып, олардың әлеуетін жасампаз арнаға бағыттауға көмектесудің қосымша мүмкіндігі", - деді Mobile Blockbuster film festival қазылар алқасының төрағасы, елге белгілі режиссер Асқар Ұзабаев.

Фестивальдің қазылар алқасының құрамына:  Санжар Мәди - актер, Гүлбахор Хасанова - продюсер және жүргізуші, Екатерина Малинина - ҚР-дағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі басшысының м.а. (Нұр-сұлтан), Дмитрий Кириенко - Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісінің коммерциялық директоры және Артур Михеев - режиссер (Мәскеу) сынды киногерлер кірді.

Фильмнің ең аз ұзақтығы бір минутқа дейін, ал ең көп ұзақтығы – 12 минуты құрап отыр. Үздік жұмыстың авторына бас жүлде – смартфон табысталатын болмақ. Сонымен қоса, байқауға қатысқан басқа қатысушылар үшін де бағалы сыйлықтар да берілетін болады. Бас жүлдеден басқа, ұйымдастырушылар тағы да тоғыз аталымды бағыт бойынша жұмыстарды қарайтын болады. Олар: үздік сценарий, режиссер, музыкалық клип, актер, актриса, мультфильм, қазылар алқасы жүлдесі және көрермен көзайымы сынды сыйлықтар.

"Фестивальдің бірінші маусымын жұртшылық оң қабылдағанын көріп, неге екіншісін өткізбеске деген ой туындады. Өткен жылғы байқаудың өзінде жобаға қатысқандар арасынан біршама талантты мультипликаторлар, дарынды сценаристер мен костюм бойынша суретші сынды мамандарды аша алдық. Бұл оларға қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға, әрі қарай дамып, өсуге, өз мүмкіндіктерін пайдалы ресурқа салып, дұрыс бағытты ұстануға үйреткені айқын. Бұл конкурс жай ғана смартфонға видеоролик түсіріп қана қою емес, ол - өз-өзіңе деген сенімділікті ұялаттыру,  ұйымдастырылып жатқан басқа да конкурстарға қатысуға ынталандыру. Бұл әрбір адам, өнер адамы үшін өте маңызды – сенің еңбегіңнің бағалануы, шығармашылығыңның  өз аудиториясын табуы керемет сезімдер беретіні анық", - деп түсіндірді фестивальдің авторы және идеялық шабыттандырушысы Дмитрий Байназаров.

Сондай-ақ, екі ай бойы жұмысты онлайн-форматта әр апта сайын Қазақстан мен Ресейден келген жетекші шеберлердің шеберлік сыныптары өтеді. Мәселен, танымал жүргізуші және продюсер Гүлбахор Хасанова (Алматы) актерлік шеберлік пен шешендік өнердің қыр-сырлары туралы баяндайды, Мәскеу қаласында режиссер Артур Михеев  "Мобильді бейнематография негіздері" тақырыбында семинар өткізеді, Сергей Литовченко  сәтті сценарий жазу құпиясымен бөлісіп, ал интернет агенттігінің жетекшісі Павел Лапуцков (Мәскеу) қазақстандықтарды санаулы сағат ішінде өз сайтын дербес құруға үйретеді.

Жеңімпаздарды марапаттау 25 қазанда онлайн-форматта өтеді деп жоспарлануда. Айта кетейік, фестиваль мен мастер-класстарға қат

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  festagent.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы