Размер шрифта:

Цветовая схема:

07 шілде, 202068

Назар аударыңыздар! Байқау!

Қазақстанда жас кинематографистер үшін байқау жарияланды. Оған Қазақстандағы Гёте-Институты мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйтқы болып отыр.

Ұйымдастырушулыр неміс киносарапшысы Дмитрий Попов өткізетін «Киносценариймен жұмыс: кейіпкер, үшактілі құрылым, сахна және диалог» атты онлайн-воркшопқа қатысуға байқаудың өтетінін хабарлады. Аталған шара биылғы жылдың 12-нен 14-ші тамыз аралығында онлайн форматта орыс тілінде өтеді.

Белсенді әрі дарынды жастарды тартып, оларға озық технологиялармен жұмыс істеуге үйрету мен білім беру – жобаның басты мақсаты.

Байқауға студентермен қатар кино саласында енді қадам жасап, азды-кем тәжірибесі бар жас киноматографистер қатыса алады. Шараға қатысуға ниетті жандар өтініште оқу орнын, курсын, мамандығын, қысқаша өмірбаянын, жүзеге асырған жобаларын және байқауға қатысудағы уәждемесін көрсетуі керек. Өтініштерді қабылдау он жетінші шілдеге дейін жалғасады. Айта кету керек, воркшопқа қатысу – тегін.

Жас кинематографистерді қолдап, ақпараттық-әдістемелік көмек көрсету, жастарды киноиндустрия саласына тарту және жұмысты жүргізуде жаңа әрі тиімді тәсілдерін үйрету, сонымен қатар, кино саласындағы озық тәжірибені тарату мен байқау қатысушыларына болашақ жобаларын жүзеге асыруға көмектесу - байқаудың негізгі міндеттері.

Атап өтейік, байқау қорытындысы бойынша онлайн форматта өтетін воркшопқа 12 адам таңдалып алынады. Олардың есімдері ұйымдастырушылардың ресми сайтында биылғы жылдың 1-ші тамызында жарияланатын болады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  pixabay.com

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы