Размер шрифта:

Цветовая схема:

26 наурыз, 2020346

Назар аударыңыздар! Кастинг!

Ербол мен Ментайдың махаббат оқиғасын оқымаған жан жоқ-ау, сірә! Иә, біз жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері болған Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының кейіпкерлері жайында айтып отырмыз. Енді Ербол мен Меңтайдың бастан өткерген қызыққа толы жылдарын кітап бетінен ғана емес, көгілдір экран эфирінен көруге мүмкіндік болады.

«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы биылғы жаз маусымында халық жазушысының «Махаббат қызық мол жылдар» туындысының желісі бойынша телехикая түсірмек. Ол үшін Ұлттық арна басты және қосалқы рөлдерге кастинг жариялайды.

«Карантин кезінде бұл мүмкін бе?» деген сауал туындайды. Иә! Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Ұлттық арна үміткерлерді үйден шықпай-ақ, онлайн кастинг арқылы бақ сынауға шақырады.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, телехикая кейіпкерлерінің жасы 5 пен 70 жас аралығын қамтиды. Ал, көркем фильм жоспар бойынша жиырма бөлімнен тұрады. 

«Махаббат қызық мол жылдар» атты романы нағыз шынайы махаббаттың қандай болу керектігін көрсетеді. Жазушы оны соғыстан аман-есен оралған ардагер жазушы Ербол мен Меңтай есімді бойжеткен арасындағы пәк сезім арқылы жеткізеді. Телехикая да бас кейіпкердің бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігінен бастау алып, Ерболдың образы арқылы қазақ жауынгерлерінің ерлігін, отансүйгіштікті, адамгершілікті, үлкенге құрмет пен шынайы махаббатты көрсетеді.   

Роман өткен ғасырдың 70-80 жылдардағы жастардың ғана емес, ХХІ ғасыр жастарының да көңілінен шығып, Ербол образы бүгінгі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.  

 

 

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  qazaqstan.tv

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы