Размер шрифта:

Цветовая схема:

01 сәуір, 2021414

Назар аударыңыздар! Кастинг!

Продюсер Еркежан Мақсұттың «Скоро кончится лето» жұмыс атауына ие толықметражды картинасының түсіріліміне жас қыздар мен ұлдар іздестіріліп жатыр. 15-тен 20 жас аралығындағы бойжеткендер мен бозбалалар фильмде 16-19 жастағы кейіпкерлерді сомдайтын болады.

Үміткерлерге қойылатын талап – еті тірі, қызықты әрі белсенді болу. Алғашқы іріктеу үйде түсірілген видео бойынша өтеді. Онда үміткер өзі туралы, қызығушылықтары мен хоббиі жайында айтып беруі тиіс. Видеоның ұзақтығы 1 минуттан аспауы қажет. Сонымен қатар еш бояусыз бүкіл бойымен түсірілген бейнесурет тіркелуі керек. Өтініштер 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін қабылданады.

Тағы бір назар аударарлық жайт – кастингке Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Теміртау қалаларының жастары қатыса алады. Түсірілімдер биылғы жылдың маусым-шілде айларына жоспарланып отыр.

Фото: @erkezhan_maksut

Айта кету керек, қазақстандық-ресейлік ко-өнім өткен жылы Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің қаржыландыруына ие болған. «Скоро кончится лето» музыкалық трагикомедиясы 1990 жылдағы Қазақстанда есейетін жасөспірімдер жайында болмақ. Мұндағы оқиға 1990 жылдың жазында, қазақтың көпұлтты ауласында өрбиді. Терезеден ресейлік рок – өзгерістер әуені естіледі. Баха есімді қазақ баласы бөлек адамды ойлап тауып, гипноздың көмегімен әлемді, нақтырақ айтқанда, аула сұлуы – польшалық қыздың жүрегін жауламақ. Алайда Баха бөлек адамның өзі екендігін түсінеді. Бозбала бұл өмірде өзін таба ала ма?

Қазақстандық-ресейлік жобаның  режиссері - Яна Скопина. Продюсерлері – Еркежан Мақсұт, Ардақ Қасымбек, Тамара Богданова және Анна Качко. Фильмнің көркемдік жетекшісі – ресейлік режиссер Федор Бондарчук. Картинаның шығуы 2022 жылға жоспарланған.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы