Размер шрифта:

Цветовая схема:

29 қазан, 2021243

Арал тағдыры - адам тағдыры. Netflix-те Арал апаты туралы «Sea Tomorrow» деректі фильмі жарық көрді.

«Теңіздің ертеңі» (Sea tomorrow) қазақстандық деректі фильм әлемдік ең ірі стриминг платформасында көрсетіледі. Бұл жаңалықты туындының режиссері Катерина Суворова өз Instagram парақшасында хабарлады.

Кинокартинаның әлемдік тұсаукесері алғаш рет 2016 жылы Швейцария мемлекетінде Локарнодағы (Locarno IFF) халықаралық фестивалінде өткен. Режиссердің айтуынша, сол кезеңде жаһандық кинематографтардың назары ауып, оның жұмысын промоутерлер байқаған. Содан соң кинофестивальдер мен стриминг қызметтерінде көрсетілім туралы келіссөздер жүргізілген. Сондай-ақ «Ертең теңіз» фильмін БАӘ, Швейцария, Ресей телевизиясы сатып алып, арналарынан көрсетті. Бүгінгі күні фильм Еуропа елдерінің көрермендеріне қолжетімді, ал АҚШ-та Amazon платформасында ұсынылған. Қоса кетсек, авторлық жоба көптеген щетел тілдеріне аударылды.
«Теңіздің ертеңі» - тартылып қалған Арал теңізінің жаңа күндері туралы айтылады. Деректі фильмде жергілікті тұрғындардың оқиғасы көрсетілген. Соның бірі Бөген ауылының тумасы – Мақсат. Ол ата кәсіпті жалғастырған балықшы. Бұрын оның ауылы теңіз жағасында тұрған. Арал тартыла бастағанда, Мақсаттың атасы құм салынған қаптардан теңізді ұстап тұру үшін бөгет салуға тырысқан. Содан кейін ұзақ жылдар бойы балықшылар мал шаруашылығымен айналысып, көпшілігі үлкен қалаларға көшіп кеткен. Бірақ Мақсаттың отбасы сол ауылда қалды. Күн сайын таңертең балықшылар «Бақыт» артелі орналасқан жаңа жағалауға дейін дөң арқылы ұзақ жол жүреді.
«Кинокартинада бүгінде ғайып болған теңіз жағалауына саяхаттап қайтуға мүмкіндік береді. Арал теңізінің жоғалуы – әлем тарихындағы ең үлкен антропогенді апаттың бірі. Кемелердің тат басқан қаңқалары, бір кездері теңіз түбінде жатқан ақ сор жер қазіргі Аралдың көрінісіне айналды», - деп жазды Суворова.
Сонымен қатар фильм Франция, Германия, Австрия, Англия, Италия, Греция, Польша, Ресей, АҚШ, Қытай, Тайвань тағы  ондаған халықаралық фестивальдерде көрсетілді.
Катерина Суворова – белді деректі фильм режиссері. Оның шығармашылығында: «Өз әнініңді шырқа» (Петь свои песни), «Қызболсын» (Qyzbolsyn) секілді қоғам арасында үлкен қызығушылық тудырған документалды туындылары бар. Әрдайым өзіндік картиналарымен ерекшеленіп, ортада таптаурынға айналған проблемаларды өз фильмі арқылы береді.

Автор:  Ализа Маратқызы

Фото:  автордың жеке мұрағаты

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы