Размер шрифта:

Цветовая схема:

05 шілде, 202075

Nomad Stunts каскадері мезгілсіз көз жұмды

Алматы қаласында отандық актер, халықаралық Nomad Stunts каскадерлер клубының белді мүшесі Мұрат Мұқашев өмірден озды. 

 

Отандық және шетелдік бірқатар картиналарда бой көрсеткен, талантты актер Мұрат Мұқашев соңғы аптада сырқаттанып жүргені белгілі болды. Ол туралы актердің әріптесі Ерден Телемісов өзінің Facebook парақшасында жария еткен болтын. Соңғы үш күнде актердің қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілген. Оның тыныс алуы қиындап кеткен көрінеді. Актердің қайтыс болғаны туралы хабар бүгін жеткізілді. 

Мұрат киноға кішкентай кезінен құмар болып өскен. Оның дебюттік  картинасы ретінде "Белый автомобиль" фильміндегі эпизодтық рөлді айтуға болады. «Мой дом на зеленых холмах», «Айша»,  «Омпа», «Кто Вы, господин Ка?», «Обратная сторона»,  «Весь мир у наших ног», «Марко Поло»және «McMafia» фильмдерінде бой көрсеткен.  

 ⠀Мұрат аттың құлағында ойнап,  ат акробатикасын жақсы меңгерген. Семсерлесу және садақпен атумен айналысқан. «Nomad Stunts” атты халықаралық кәсіби каскадерлер жиналған ұйымда талмай еңбек етті. Ол  IMDB тізіміне енген еді. Ол- интернет желісіндегі фильмдер мен кинематографтар туралы әлемдік  ең ірі база. Мұнда жүздеген мың картиналар мен персоналдар (актерлер, режиссерлер және басқалар) туралы ақпарат жинақталған. Ол әлемдік желіде ең көп кіретін 50 веб-сайт санына кіреді.

“Kaztube.kz” бейне-порталы Мұрат Мұқашевтің туыстары мен достарына қайғырып, көңіл айтады. 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  businessfm.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы