Размер шрифта:

Цветовая схема:

17 қыркүйек, 202013

«Нұр Отан» партиясы арқау болған жобалар

Осыдан 21 жыл бұрын еліміздегі ең атақты партия - «Нұр Отан» партиясы құрылды. Партия жұмысы мен ел дамуына қосқан үлесі жайынан не білеміз? Ол туралы «Нур Отан – 20 лет создания и развития» атты деректі фильмін тамашалап, танысуға болады.

Деректі лентада жаңа әрі заманауи тұрпаттағы партияның осы уақыт аралығында жүріп өткен жолы көрініс табады. «Нур Отан – 20 лет создания и развития» деректі картинасы өткен жылы партияның құрылғанына жиырма жыл толуына орай дайындалды. Фильмде мамандар мемлекетіміздің заманауи саяси және партиялық құрылымды құруды Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен байланыстырады. Оны құруға Елбасы Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін жеті жыл өткен соң кіріскендігін айтады. КСРО ыдырағаннан кейін бірінші кезекте халықтың әлеуметтік өмірін жақсартуға бастайтын экономикалық реформаларға екпін қойылды делінген.

Иә, 1999 жылдың 9 қаңтарында «Отан» атты республикалық саяси партияны құру туралы шешім қабылданған жиналыс өтті. Ал сол жылдың 12 ақпанында партия Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес тіргелген болатын. Нақ осы күн тәуелсіз Қазақстан елінің жаңа тарихындағы партия қызметінің бастау алған күні саналады. Бірнеше жылдың ішінде партия құрамына бірден бірнеше партия келіп қосылды. Біріккеннен кейін партия өзінің қазіргі «Нұр Отан» атауын алды. Айта кетейік, фильм түсіріліміне ҚР Президент Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбаев, ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты.

Осы уақытқа дейін партия туралы ғана емес, оның қолдауымен де талай фильм жарық көрді. Оның бірі - 2014 жылы көрермендер назарына жол тартқан «Дода» көркем фильмі. Картина қазақтың ұлттық ойны - «көкпар» жайында. Негізгі идеясы да ұлттық спорт түрі мен отбасылық құндылықтарды насихаттау болып табылады. Лентада махаббат та, спорт та, шынайы достық да көрініс табады. Картина режиссері – Елдар Капаров, бас продюсері Артықбек Болғанбаев. Филдьме бас рөлдерді сомдаған отандық актерлер Нышанбек Жұбанаев, Еркебұлан Дайыров және Әйгерім Құламбаева болды.

Ал осымен 9 жыл бойы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Болашақ» қауымдастығы «Өзіңнен баста» жобасы аясында әлемдік кинематографтың үздік фильмдерін қазақ тіліне дубляждау ісін сәтті жүргізіп келеді. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің бір сөзінде: ««Нұр Отан» партиясы фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасын қолдай отырып, заманауи технологияның көмегімен, атақты голливуд фильмдері арқылы мемлекеттік тілді дамытып-насихаттауды, сонымен қатар өскелең ұрпақ бойында фильмдерді туған тілде көру мәдениетін қалыптастыруға атсалысуды көздейді» деген еді. Бұдан бөлек фильмдерді қазақ тіліне дубляждау жобасын жүзеге асыру – кинодубляж индустриясын дамытуға қосқан үлес екендігін атап өткен. Осы уақытқа дейін партия мен «Болашақ» қорының «Өзіңнен баста» жобасы аясында 34 шетелдік фильм қазақ тіліне аударылып дыбысталды. Алғаш блокбастер - «Көліктер-3» мультфильмін туған тілінде 2011 жылы кішкентай қазақстандықтар тамашалаған болатын. Жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың оң бағасына ие болған.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  Интернет желісінен алынған

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы