Размер шрифта:

Цветовая схема:

02 тамыз, 202085

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров дүниеден өтті

Атақты қазақстандық спортшы, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

1980 жылы Мәскеуде өткен жазғы Олимпиада ойындарының грек-рим күресі бойынша олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысының Свердловск ауданының Чапаев совхозында дүниеге келді. Әр жылдары ол әр түрлі қызмет етті. 1974-1984 жылдар аралығында Қазақ КСР Мемлекеттік спорт комитетінің нұсқаушысы, 1984-1993 жылдары республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры, 1993 жылдан бері «Жақсылық» спорт клубының басшысы қызметтерін атқарды.

Жақсылық Үшкемпіров 1971 жылы спорт шебері, 1975 жылы Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 1980 жылы Еңбек сіңірген спор шебері, 1981 жылы әлем чемпионы, 1982 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 1975 және 1980 жылдары Кеңес Одағының чемпионы атанды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жақсылық Үшкемпіровке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді. Ал 2019 жылы чемпионы жайында «Жақсылық» атты көркем фильм түсірілді.

Биографиялық лента Қазақстан Республикасының Еңбек ері, грек-рим күресінің балуаны, әлем, чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысының өмірі мен тағдыры жайынан сыр шертеді. Көркем фильмде чемпионның жастық шағын Елнар Назарқұл, бозбала шағын Санұржан Сүлейменов, ал 60 жастағы спортшы кезін актер Досжан Жанботаев сомдады. Биографиялық кинолентаның сценарийін жазып, картинаға режиссерлік еткен Бақыт Қайырбеков болды. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм »киностудиясында түсірілген спорттық драманың тұсаукесері өткен жылдың аяғында өтті.

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы