Размер шрифта:

Цветовая схема:

18 маусым, 202087

Отандық фильм Швейцарияда марапатталды

Отандық «Заблудший» («Адасқан»)  кинофильмі Швейцария мемлекеті атынан Vision sud est қорының үлкен жүлдесіне, дәлірек айтсақ, 20 мың франк көлеміндегі сыйлығына  ие болды. 

Бұл халықаралық деңгейдегі марапат қазақстандық киножоба үшін үлкен мәртебе екені анық. Аталған сомманы өзіміздің өңірлік валютаға аударар болсақ шамамен 8 миллионнан астам теңгені құрамақ. 

Швейцариялық кино байқауында барлығы жүз отыз жетіден астам картина бақ сынап, оның жетеуі үздік болып, жеңімпаз атанды. Бұл Vision sud est қоры Азия мен Африка, Латын Америкасы және Шығыс Еуропа елдерінде үлкен танымалдылыққа ие, сонымен қоса, дәл осы елдердегі халық бұл жобаға аса зор қызығушылық танытады. Қаржыландыру және басқа да алыс-жақын шетелдік мемлекеттерге таныстыру жұмыстары да жиі өткізіліп тұратын үлкен қор. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, жүлдеге ие болған кинокартиналар мен авторлары міндетті түрде Швейцария мемлекетінде қонақта болып, өз жобаларын таныстыруға мүмкіндік ала алады. 

Картина сюжетіндегі оқиға ауылдағы кішкентай отбасында өрбиді, солардың өмірлік тарихы суреттеледі. Жанұяда қарт кісі, ер және әйел кісі өмір сүріп жүреді. Біреуі қалада көңіл қосқан әйелдерін аңсаса, екіншісі басқа ер адамдардың назарына ілінуді көздейді. Ал жас буынның құндылығы арзан нәрселермен шектелгенін байқаған үйдегі қарттың көңілі қынжылады. 

Аталған отандық кинокартина адам мен Құдайдың және мұның барлығының тікелей табиғатпен тереңінен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Бұл жоба қазіргі заманға  сай жоғары технологиялық үрдіссіз көрсетілген кинофильм. Басты стилистикасы да өзгеше. Әрбір актерге әрқайсысының рөлдері де өте сәтті таңдалған. 

Картина өндірістік қаралымда 3 жыл бойы сақталып келеді. Vision sed est қорының ақпараты бойынша және соңғы ақпараттарға сәйкес, киножоба пост-продакш сатысында қалған. Бұл режиссердің дебюттік толық метражды картинасы болып саналады.  

 

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  Pinterest

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы