Размер шрифта:

Цветовая схема:

01 қыркүйек, 202027

Отандық кинематографистер назарына

Қазақстандық кинематографистер бүкіл қыркүйек айы бойы Berlinale Co-Production Market ко-өнім нарығына қатысуға өтініш бере алады. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы хабарлайды.

Отандық киногерлер үшін Берлин кинофестивалі алаңы жақсы таныс. Бұған дейін Berlinale ко-өнім нарығына режиссер Эмир Байғазин «Раненый ангел» және режиссер Шарипа Озарбаева «Рысь» фильмдерімен қатысқан еді. Ал биыл 70-ші Берлин кинофестивалінде алғаш рет Қазақстан стенді ашылды.

Айта кетейік, Вerlinale Co-Production Market ко-өнім нарығында жыл сайын 600-ге жуық тәжірибелі продюсер, инвесторлар мен сату жөніндегі агенттер қатысып отырады. Биылғы жылы ко-өнім нарығына қатысуға қаржылық серіктестер мен ко-продюсерлерді іздестіріп жүрген көркем фильмдер мен сериалдар продюсерлері шақыртылады.

Ресми іріктеуге барлығы жиырмаға жуық халықаралық жоба кіреді. Берлинде қатысушыларды әлеуетті серіктестермен кездесулер күтеді. Жол жүруге шектеулер немесе тыйым салынатын болған жағдайда ұйымдастырушылар шараға қатысудың баламалы жолын қарастырады. Ол жайында жыл соңында хабар беретін болады. Айтпақшы Вerlinale Co-Production Market ко-өнім нарығы келесі жылы ақпан айының 13-і мен 17-сі аралығында 71-ші Берлин кинофестивалі аясында өткізіледі деп жоспарланған.

Шараға бірлескен халықаралық өндірісте тәжірибесі және көркем фильмнің жобалары бар, сонымен қатар бірлескен жобаға халықаралық серіктес іздеп жүрген продюсерлер қатыса алады. Олардың жобаларының бюджеті бір миллион евродан басталуы қажет әрі кем дегенде қаржының 30%-ның болуы немесе жергілікті өндірістің қолдауына ие болғаны абзал.

Жобалар келесідей критерийлер бойынша таңдалады: Бұл – халықаралық нарыққа әлеуеті жететін толықметражды көркем жоба болуы, жобаның халықаралық ко-өнімге сәйкес болуы, сценарий толықтай қолжетімді әрі ағылшын тілінде болуы, түсілілімдері әлі басталмаған болуы, бюджетінің 30%-ы жинақталған немесе жергілікті қолдау тапқан, сонымен қатар компанияның ко-өніммен жұмыс істеген кем дегенде бір жобасының болғаны, яғни ко-өніммен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы шарт.

Естеріңізге сала кетейік, Berlinale Co-Production Market ко-өнім нарығына қатысуға өтініштер беру 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Автор:  Зарина Смагулова

Фото:  kazakhcinema.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы