Размер шрифта:

Цветовая схема:

30 сәуір, 2020156

Отандық кинофестивальдер

Кино әлеміндегі байқаулар продюсерлер, режиссерлер мен актер, актрисалар үшін, олардың карьерасы үшін аса маңызды элемент болып қала бермек. Сол үшінде кино майталмандары алдымен олардың еңбектеріне өз бағаларын беретін көрермендер үшін және жыл сайынғы ұйымдастырылатын кинофестифальдер мен байқаулар үшін қызмет жасайды. Олар үшін алған марапат пен примиялары қашан да стимул, жаңа белестерге деген ынта- жігер бола алады. Сонымен біздің елдегі кино байқаулар мен сайыстар қашан құрылып, қатысушарды қандай номинациялар бойынша марапаттайды. Отандық кинофестивальдердің мақсаты мен міндеті қандай?

"Еуразия" халықаралық кинофестивалі 

 

"Еуразия" халықаралық кинофестивалі  — 1998 жылы Ораз Рымжанов негізін қалаған халықаралық кинофестиваль. Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Алматы қаласында жыл сайын жоғары деңгейде өтеді. Әр жылғы бюджет орта есеппен екі миллион долларды құрайды.

 

Фестивальдің негізгі мақсаты - "Шығыс-Батыс" мәдени көпірі ретінде, қарым-қатынас пен шығармашылық диапазонды кеңейту үшін негізі қаланды. Осы мақсатта "Еуразия" аясында белгілі шетелдік те режиссерлердің және жалпы Шығыс пен Батыс өкілдерінің ретроспективті картиналары мен туындылары жиі ұсынылып отырады. Солардың ішінен үздік болған жобалар, фильмдер мен оны өндірушілерді, киногерлер, продюсерлер, актер мен актрисаларды және режиссерлерді марапаттап, әртүрлі номинациялар ұсынылады. Сондай- ақ, Фестиваль кинопродюсерлер қауымдастығының Халықаралық федерациясында (FIAPF) аккредитациядан өткен. "Еуразия" халықаралық кинофестивалінің ұраны: "Бір кинематографиялық кеңістік үшін!» деп аталады. Кино байқауға жыл сайын шетелдік жұлдыздар мен әлемдік киноның майталмандары жиналады. Мәселен, осыған дейін кино байқауда Ким Ки Дук, Жан Клод Ван Дамм, Катрин Денев, Микеле Плачидо, , Эмир Кустурица және т.б. сияқты жұлдыздар қатысты.

 

Мәртебесі бойынша Фестиваль коммерциялық емес, байқауға көрермен ретінде қатысу үшін билеттер сатылмады және ол аса табыс әкелмеді. Ең алғаш рет 1998 жылы өткен болатын. "Еуразия" халықаралық кинофестивалінде мынадай номинациялар бойынша жүлделі орындар жеңімпаздары анықталады: “Үздік фильм үшін Гран-при”, “Үздік режиссерлік жұмысы үшін жүлде”, “Қазылар алқасының арнайы жүлдесі”, “Үздік әйел рөлі үшін жүлде”, “Үздік ерлер рөлі үшін жүлде”, “Фестивальдің бас демеушісінің арнайы жүлдесі” және тағы басқа жаңа номинациялар да қосылып отырады. "Еуразия" XIII кинофестивалін ұйымдастыру мақсаты келесі міндеттерді жоспарлап оны орындауды көздейді:

Аталған брендті Қазақстанда және шетелде дамыту;

Кинофестивальдің жұмысын жүргізуін жеңілдету және профессионалды деңгейді орынтыру;

Азиялық орталықта ауқымы кең маңызды кинофестиваль болып, өнердегі үздіктер жиналатын, тәжірибе алмасып, ой бөлісетін орталыққа айналу;

Таяу Шығыс, Орталық Азия, Қытай елдеріндегі перспективалы серіктестерге ерекше көңіл бөле отырып, кино саласындағы халықаралық байланыстарды нығайту және дамыту;

Әр жылғы үлкен жетістікке жеткен Қазақстандық өнер туындылары мен картиналарын барынша ілгерілеуіне үлес қоса отырып, барынша қолдау көрстеу;

Қазақстанның мәдени және кинематографиялық жай-күй жайында ақпаратты отандық және шетелдік БАҚ арасында мейілінше кең түрде жүйелі түрде таратып отыру.

 

Almaty Film festival

 

Алматы фильм байқауы- жаңа халықаралық кинофестивалі. Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылатын іс-шара қазір еліміздегі негізгі мәдени байқаулардың бірі болып отыр. Almaty Film festival мақсаты -  отандық картиналарды қолдап, еліміздегі Қазақстан киноларын жарыққа шығару, оларды дамыту және қоғамның назарына ұсыну. Сондай-ақ, еларалық мәдениет негіздерін паш етіп, өзара тәжірибе алмасу. Сонымен қоса, фестиваль Алматы қаласындағы туристік бағыттарды дамытып, олардың дамуына өзара атсалысу. Алматы кинофестивлінің президенті қызметінде елге белгілі “Жау жүрек мың бала”, “Анаға апарар жол”, “Бизнесмены”, “Томирис”, “Путь лидера”, “Районы”, “Хакер”, “Рэкетир”, “Ағайынды” сынды үздік фильмдерге режиссерлік еткен танымал киногер Ақан Сатаев. Байқаудың жүлде қоры да ауқымды. Мәселен, ең үздік продюсер үші гран-при жүлдесі үшін 3 миллион теңге көлемінде сыйақы ретінде беріледі. Ал үздік режиссер 2 миллион теңге, ал үздік атанған актер үшін 1 миллион теңге көлемінде сыйақы даярланған. Кинофестивальдегі жүлде қоры 8 номинация бойынша табысталады.

 

“Шәкен Жұлдыздары”

 

"Шәкен жұлдыздары" - жыл сайынғы ойын және анимациялық фильмдер фестивалі. Алматы қаласында 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. "Шәкен жұлдыздары" Қазақстандағы кино саласындағы тұңғыш тәуелсіз  фестивальдердің бірі болып табылады. Фестиваль жыл сайын жоғары деңгейде өтеді. Белгілі қазақстандық режиссер және актер Шәкен Аймановтың құрметіне аталған бұл кино байқауда еліміздің үздік деген жас кинопродюсерлері мен олардың картиналары марапатталады. Фестивальдің негізгі міндеттері мен мақсаттары Қазақстандық жас кинематографистердің кәсіби дамуын, оларға дұрыс бағыт беріп, номинациялар арқылы ынталандыру болды. Байқау бірнеше секцилар бойынша өтеді. Мәселен, “Жастар киносы”, “Дебют” және “Студенттік кино” бойынша ұйымдастырылады. 2003 жылдан 2013 жылға дейін әдетте мамырда өтетін еді. 2014-2017 жылдары фестиваль өкінішке орай өткізілген жоқ. 2018 жылдың қараша айында "Шәкен Айманов фестивалі" соңғы рет өткізілді.

 

“Astana” кинофестивалі

 

"Astana" халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі - әлемдегі жалғыз экшн кино жанрындағы фильм фестивалі. Жыл сайын шілде айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Кинофестивальдің негізін қалаушы және президенті елге белгілі режиссер, продюсер және сценарист Тимур Бекмамбетов пен бас директор Ирен Ванидовская. Көптеген басқа кинофестивальдерден айырмашылығы, бұл байқауда фильмдерді бағалайтын немесе үздік актерлерді таңдап алатын қазылар алқасы жоқ. Тимур Бекмамбетовтың пікірінше, "Режиссерлер басқа режиссерлерге баға беруге құқығы жоқ". Қазақстанның кино саласындағы басқа да көптеген конкурстарға қарағанда "Astana" фестивалі ең алдымен жас кинематографистерге біршама мүмкіндік беріп, олардың әріқарайғы профессионал болып өсуіне зор үлесін қосады. Бұл міндет олар үшін ең алдыңғы қатарлы мақсат.

Экшн-фильмдер кинофестивалі Қазақстан астанасының туған күні қарсаңында жыл сайын ұйымдастырылады. Фестиваль ұйымдастырушылары- қала әкімдігінің және "Базелевс" компаниясының қолдауымен және Astana Film Festival компаниясының демеуімен жүзеге асып келеді. Алғаш рет фестиваль 2010 жылғы 27 маусым мен 1 шілде аралығында "Қазақстан" орталық киноконцерт залында өтті. Оны Харви Вайнштейн, Дольф Лундгрен, Хилари Суонк, Шарлто Копли, Майк Тайсон және т.б. әлемдік жұлдыздар шақыртылып, қонақ болды. Бұл кинофестивальдің басты жобасы американдық сценарийші Брайн Миллердің Apollo фильмі болды. Оның режиссері-Гонсало Лопес-Гальего, ал продюсері ретінде -Тимур Бекмамбетов қызмет етті.

Келесі фестиваль 2011 жылдың 1-5 шілде аралығында Пирамидада ("Бейбітшілік және келісім сарайы") жоғары деңгейде өтті. Бұл жолы кинофестивальге Арманд Ассанте, Стивен Сигал, Майкл Мэдсен және Мишель Родригес қатысты. ТМД елдерінен келген қонақтар тізіміне Дмитрий Нагиев, Сергей Светлаков және тағы басқалар қатысты. Фестивальдің ақпараттық және PR-бөлімінің жетекшісі, сондай-ақ сценаристер конкурсы штабының бастығы Белгібаев Сәкен болды. Сценаристер конкурсында Бахтияр Қадыров "После одного дня" жобасымен, Ғалия Байжанова - " Пока все дома" картинасымен  және тағы басқа кинотуындылар мараппаталды.

III фестиваль тағы да "Бейбітшілік және Келісім Сарайында" 2012 жылдың 1-3 шілде аралығында өтті, оған Венсан Кассельден бөлек режиссерлер Кевин Рейнольдс және Канг Дже Гю, продюсерлер Джим Лемли және Дэни Вульф және т.б. қатысты.

 

Фестивальдің ресми бағдарламасында Еуропа, АҚШ, Азия және ТМД елдерінің экшн жанрындағы 20-дан астам толық метражды картиналарын конкурстан тыс көрсетілімдерінен тұрады. Көрермендер мен БАҚ өкілдері бұрын Қазақстан мен ТМД елдерінде көрсетілмеген танымал фильмдер мен картиналарды тамашалай алады. Барлық кинобағдарламалардағы фильмдер әртүрлі айдарларға бөлінеді, мысалы, әлемдік экшн, деректі экшн немесе супергеройлық кино және т. б.

Кинофестиваль аясында әлемнің түкпір-түкпірінен қатысатын кәсіпқойлар мен әуесқойларға арналған сценарийлер байқауы дәстүрлі түрде өтеді. Оның нәтижесі бойынша үздік сценарийді құрастырушы 10 мың АҚШ долларлық жүлде қорына ие болады.  Сондай-ақ, Тимур Бекмамбетовтың "Базелевс" атты продюсерлік компаниясымен бірге жобаны әзірлеу мүмкіндігін алады. Сонымен қоса, фестиваль аясында көптеген калалық іс-шаралар ұйымдастырылатын. Мәселен, ART FEST жастар байқауы, әртүрлі жастарға арналған байқаулар. Жалпы ART FEST-кинематография саласындағы бірнеше конкурстарға (мысалы, Үздік анимация, комикс, костюм, бір күн ішіндегі бейне және т.б.) арналған жалпы атау, оған Азия мен Қазақстанның делегаттары қатысуға мүмкіндіктері бар.

 

"Бастау" халықаралық фестивалі

 студенттік және дебюттік фильмдердің халықаралық фестивалі бүкіл әлемнің жас кинематографистері арасында өткізіледі. Байқаудың мақсаты - халықаралық ынтымақтастық пен мәдени алмасу мақсатында өткізіледі. Фестиваль қазақ өнерінің қара шаңырағына айналған Алматы қаласында жыл сайын өткізіліп тұрады.  Кино байқау әрбір адамзат үшін мәдениетке деген ниетін және оған деген махаббатын ашады. Халықаралық байқау Орталық Азия және Еуразия құрылықтар үшін, ондағы кино саласындағы майталмандар үшін ерекше тәжірибе болары сөзсіз. Кинофестиваль әлемдік кинематографиялық өзектілікті сақтай отырып, барлық үздіктерді бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Кино саласында айтулы еңбек ететін мәдениет және өнер саласының мамандары, продюсерлер мен кинематографистер, олардың барша көмекшілері мен ассистенттері, сонымен қатар түсрілім тобының айырықша еңбегін бағалау керектігін түсінетін байқау ұйымдастырушылар олар үшін әртүрлі көлемді номинациялар даярлап, оның олардың жұмыстарын аса зор ынтамен жасауына үлкен көмек берері сөзсіз екені алға тартып отыр. Алғаш рет кино байқау 2011 жылы аталып өтсе де, дегенмен бұл фестиваль отыз жылдам астам уақыт өмір сүріп келеді. Тарихына үңілетін болсақ, 1982 жылы алғаш рет кеңестік үздік болған дебюттік фильмдердің кинофестивалі ретінде құрылған.

 

Автор:  Уйсунбай Жаннура

Фото:  express-k.kz

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы