Размер шрифта:

Цветовая схема:

25 қыркүйек, 2020338

Отандық киногерлер неге алаңдаулы?

Жақында ғана еліміздің өнер жұлдыздары және отандық киноиндустрияда еңбек ететін киногерлер өз уайымдары туралы айтқан еді. Бұл туралы олар өз әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында жариялап, ой білдірді. Сонымен, отандық киноиндустрияға қандай қауіп төнуде?

Бүгінде интернет жаңашылдығы күшейген сайын оны өз мүддесіне қолданатын пайдақұмарлар көбеймесе, азаймай тұр. Киберқауіпсіздік түсінігінің пайда болуына көп болғанымен, оның актуалдылығы енді ғана күшіне еніп отыр. Бұған көптеген пираттық сайттар мен өнімді заңсыз пайдаға асыратын кей сайттардың өндірісте жайбарақат жүруі. Бұл дегеніміз болашақта кей кәсіптердің жүйелі табысынан қағылып, қалыптасқан жағдай авторлар шығарып жатқан өз өнімдерінен бас тарту жағдайына дейін жетуі мүмкін деген қорытындыға келуге болады.  

“Пираттық көрсетілімдер елдегі шығармашылықты қиын жағдай әкеледі”,-дейді өнер адамдары. Бұл тақырып әсіресе пандемиялық жағдайдан кейін өрши түсті. Кинотеатрлар жұмысы тоқталып, премьерасы бекітілген немесе енді ғана көрсетілімге енген фильмдер көрерменсіз және табысты қаражатсыз қалды. Өнер адамдарының бұл бағытта алаңдауы орынды. Себебі, статистикаға жүгінсек біздің елде тұратын халықтың 80%-дан астамы пираттық контент пен белгісіз сілтемелерді жиі қолданатын көрінеді. Киберқауіпсіздікпен айналысатын Group-IB компаниясы қарақшылық фильмдердің көп бөлігі интернетке жүктеліп, сол арқылы пайда табуда дейді.  Аталған компания одан да бөлек жаңа мағлұматпен бөліскен еді. Компания зерттеулеріне назар аударсақ, пиратты көрсету сериалдарға да тікелей қатысы бар көрінеді және ең сорақысы, олардың үлесі бәрінен де жоғары болып отыр. Атап айтсақ, телесериалдардың пиратты көрсетілімі 90%-дық  үлесін көрсетіп отыр деп мәлімденді. Сарапшылар CDN (Content Distribution Network) заңсыз бейне саласындағы бастаманы қолға алғанын атап өтті. Статистикаға жүгінсек, пайдаланушылардың тек 9%-ы ғана пиратты сайттардағы бірқатар қолайсыздықтарға байланысты лицензияланған медиа контентті таңдайды екен. Бұл басқа көрсеткіштерге қарағанда әлде қайда төмен екені анық. Осыған байланысты, еліміздің белді продюсері әрі өзін кинорежиссер ретінде танытқан Ерболат Беделхан осы мәселе жөнінде ой білдірген еді.

Ерболат Беделхан, продюсер: 

«Егер біз интернет-пираттыққа қарсы күресте бүгін нақты күш салмасақ, онда еліміздегі киноиндустрияның лайықты болашағы болмайды» 

Әлемдік жағдайға көз жүгіртер болсақ, өткен жылдың өзінде дәл осындай заңсыз контентті қолданысқа енгізетін көпке танымал Moonwalk серверлерінің біраз бөлігі өшірілген болатын. Бұл заңсыздықтың тоқтауына бірден бірнеше ұйым-Нидерландтық “BREIN” ойын-сауық индустриясындағы құқықтарды қорғау қауымдастығы, “ACE” шығармашылық және ойын-сауық Альянсы және американдық “MPAA” кинокомпаниялар қауымдастығы  күш салған болатын. 

Тим Куик, BREIN ұйымының басшысы: 

"Қарақшылықпен күрес халықаралық деңгейде жүргізілуде, біз олардың инфрақұрылымы сияқты қызмет операторларын, сондай — ақ заңсыз жобаларды қолдайтын кез-келген делдалдарды қудалаймыз"

BREIN деректері бойынша, Moonwalk деректер базасында 26 мың фильм және 10 мыңнан астам сериал болған. Голландия елінің BREIN ұйымының мәлімдеуінше, Moonwalk негізінде жұмыс істейтін ең ұтымды деген 50 веб-сайт ай сайын 395 миллион қаралымымен және әрбір ай сайынғы 90 миллионға жуық көрерменімен мақтана алатын көрінеді. Бұл ең алдымен кино және бейне авторларының бірнеше жүз миллион доллар ақшалай табыстан қағылып және біршама миллиондаған шығындарға әкелетіндігіне тікелей дәлел бола алады. Moonwalk серверлері жұмысын тоқтатқанымен, оның басқа да елдердегі делдалдары әлі де өз қызметтерін жалғастыруда. Бұл деген сөз пираттық контент әлі түбімен тоқтатылған жоқ. 

Ал бұл мәселе біздің елде де өршіп тұр. Дегенмен, отандық кино өнімдерді рұқсат  етілмеген контентте пайдаланғаны үшін нақты қаралатын заң әлі қарастырылмаған. Міне, сол себептен қазіргі таңда пираттық сайттардың саны көбеймесе, азаймай тұр. Егер жағдай әрі қарай өз күшіне енер болса, отандық киноиндустрия қыруар қаржыдан айырылып қана қоймай, өнерге жанын беретін таланттар шарасыз күйде қалуы ғажап емес. Сондықтан, бұл мәселе жөнінде жүйелі түрде жоба қарастырып, кибершабуылға тойтарыс беру қажеттілігі туындап отыр. 

Поделиться
Для корректного отображения страницы пожалуйста отключите блокировщик рекламы